Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Қазақстан жаңа Конституцияда Ұлы дала тарихи сабақтастығын бекітті

Қазақстан жаңа Конституцияда Ұлы дала тарихи сабақтастығын бекітті

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Іс-шараға Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Беларусь Респуб­ликасының Премьер-ми­нистрі Александр Турчин, Қыр­­ғызстанның Министрлер каби­нетінің төрағасы Адылбек Қасымалиев, Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода, Өзбекстан Премьер-ми­нистрі Абдулла Арипов, Түрік­мен­станның Білім министрі Джу­мамырат Гурбангелдиев қатысты.

Олжас Бектенов өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің, сондай-ақ Достастыққа мүше барлық елдер көшбасшылары­ның тікелей қолдауымен және қатысуымен креативті индустрия­лар мен мәдени байланыстар саласындағы ынтымақтастықты дамыту ТМД-ның күн тәртібіндегі неғұрлым өзекті әрі сұранысқа ие бағыт­тарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

Қазақстан мәдениет пен шығар­ма­шылық қызметті қолдауды мем­ле­кеттік саясаттың негізгі ба­сым­дықтары деңгейінде бекіте оты­рып, аталған жұмысқа дамудың страте­гиялық бағыты ретінде мән береді.

«Биыл наурыз айында Қазақ­станда өткен жалпыұлттық референдум қорытындысы бойынша жаңа Конституция қабылдан­ды, ол 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Жаңа Ата заңымыз мемле­кеттілікті нығайтуға, «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде Әділет­ті және Озық Қазақстанды құруға бағыт­талған. Ұлы даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтас­тығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілгенін атап өткім келеді.

Мамыр айында Астанада өткен «Алтын Орда» дала өрке­ниетінің моделін зерттеуге арналған халықаралық симпозиум маңызды оқиға болды, оған әлемнің 20-дан астам елінің тарихшысы мен мәдениеттанушысы қатысты.

Одан бөлек жаңа Конститу­цияда зияткерлік және шығар­ма­шылық қызметті қорғауға кепілдік берілген. Осы негізде Қазақстанда креативті индустрия қарқынды дамып келеді. Жаңа нарықтар, жаңа жұмыс орындары қалыптасып, ұлттық креативті өнімді экспорттау мүмкіндіктері кеңейтіліп келеді», деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бүгінде мәдениет пен креа­тивті индустриялар экономи­калық өсудің маңызды факторларына айналып отыр. Елімізде креативті индустрия 40-тан астам қызмет түрін қамтиды, салада 150 мың адам еңбек етеді. Креативті сектордағы жалпы қосылған құн көлемі кейінгі жыл­дар ішінде төрттен біріне артып, 3 млрд долларды құрады.

Қазақстан кино, музыка, дизайн, ойын индустриясы мен цифрлық контентті дамытуда айтарлықтай нәтижелер көр­сетіп отыр. Сондай-ақ креативті саланың өсуін халықаралық рейтингтер де растайды. Қазақстан Дүние­жүзілік зияткерлік меншік ұйымындағы позициясын дәйекті түрде жақсартып келеді, оның ішінде Жаһандық инновациялық индекс көрсеткіштері де бар. «Креативті нәтижелер» бағыты бойынша еліміз 2025 жылы 32 позицияға көтерілді.

«Бұл тұрғыда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысу­шы елдердің креативті индустриялар қауымдастығын құру жөніндегі бастамасы ерекше маңызға ие. Бұл формат бірлес­кен жобаларды жүзеге асыру, тәжірибе алмасу және креативті өнімдерді ілгерілету үшін жағдай жасауға бағытталған», деп атап өтті О.Бектенов.

Бүгінде еліміз креативті сектордың инфрақұрылымын жүйелі түрде нығайтып отыр. Қажетті заңнамалық база қа­лыпт­ас­тырылды. Былтыр Креа­тивті индустрияларды дамыту қоры құрылды. Оның қызметі авторларды, шығармашылық командаларды және кәсіпкерлерді бәсекеге қабілетті өнімдер әзірлеуде, соның ішінде жоғары экспорттық әлеуеті бар жобаларды жүзеге асыру бары­сында қолдауға бағыттал­ған. Еліміздің барлық өңірінде жастар­дың шығармашылық бастама­ларын жүзеге асыруға және кәсіп­кер­лік­ті дамытуға жағдай жасай­тын креа­тивті хабтар жұмыс істейді.

Олжас Бектенов жасанды интеллект экономиканың барлық секторларын дамытудың негізгі элементіне айналатынын атап өтті.

Елімізде 2026 жыл Мемлекет басшысының Жарлығымен Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланып, алдымызға қоғамдық өмірдің бар­лық саласын жаппай цифр­ландыру міндеті қойылды. Бүгін­де жасан­ды интеллект контент жасау тәсіл­дерін түбегейлі өзгер­тіп, шығар­ма­шылық мүмкін­дік­тер­ді де кеңей­тіп, мәдени өнім­дер­ді ілгері­летудің жаңа арна­ларын қалып­тастырып отыр. Мысал ретінде, AI-технология­лар көмегімен бейнегенерация­лау сала­­сындағы әлемдік көшбас­шы­лар­­дың бірі саналатын «Higgsfield» компаниясы аталды. Отан­д­ық «цифрлық сыңармүйіз» старта­пы­ның тәжірибесі біздің азамат­тарымыздың таланты мен құзырет­тері тек сұранысқа ие болып қана қоймай, технологиялық на­рық­тарда жаңа трендтер қа­лып­­тастыра алатынын дәлелдеп отыр.

Үкімет басшысы елімізде мәдени мұраны цифрландыру бағытында ауқымды жұмыс жүр­гізіліп жатқанына назар аударды. Тарихи маңызы бар бірегей нысандарды сақтау мақсатында жоғары дәлдіктегі LiDAR – сканерлеу және 3D-мұрағаттау технология­лары қолданылатын ұлттық платформа – Цифрлық көшірмелер банкі іске қосылды. Жоба елдік және халық­аралық маңызы бар тарихи-мәдени нысандарды қамтиды. Олардың қатарында ЮНЕСКО қорғауына алын­ған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Тамғалы шатқалының петро­глиф­тері, Маңғыстау облысының жерасты мешіттері және басқа да археологиялық ескерткіштер бар.

Осы бағытта E-Museum платформасы дамып келеді, оған 300 мұ­ра­­­­жай қосылған, ал цифрлық ката­­лог­­ке ондаған мың мұражай экс­по­­наты енгізілген. «Қазақ кино­сы­­­ның алтын қорын» қалпына кел­тіру жұмыстары жалғасуда: кейінгі жыл­­­дары өткен ғасырда түсірілген 43 фильм цифрлық форматқа көшірілді.

Олжас Бектенов цифрландыру шекараға қарамастан миллион­даған адам үшін өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктерін аша отырып, мәдени және тарихи нысан­дарға қолжетімділікті кеңейтетінін атап өтті. Жаңа цифрлық кеңістікті дамытумен қатар ТМД аясын­дағы мәдени ынтымақтастық­тың дәстүрлі нысандары: көрме­лер, фестивальдар, гастрольдік алмасулар және мәдениетаралық диалогті нығайтуға бағытталған басқа да іс-шаралар маңызды болып қала береді. Осы оқиға­лардың әрқайсысының артын­да шығар­машылық қоғамдастық­тың зор еңбегі жатыр. Соның нәти­жесінде мәдениет жаңа сипатқа ие болып, кең аудиторияға жол тауып, заманауи экономиканың ажырамас бөлігіне айналып отыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:196
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Маусым 2026 10:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары