Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Қазақстанда ауқымды Деректерді өңдеу орталықтары алқабы жобасының алғашқы нысанын іске қосу мерзімі аталды

Қазақстанда ауқымды Деректерді өңдеу орталықтары алқабы жобасының алғашқы нысанын іске қосу мерзімі аталды

Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Ресми ақпаратты бүгін, 2026 жылғы 13 тамызда ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин баяндады.

Қуаты 50 МВт болатын "ДӨО алқабының" бірінші нысанының құрылысы қарқынды жүруде, энергия орталықтары мен AI-фабрикалардың ғимараттарына арналған қазаншұңқырларды әзірлеу бойынша жұмыстар 90%-ға аяқталды, энергия орталықтарының іргетасы қалана бастады, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар салынуда.

2026 жылдың желтоқсан айының соңына дейін дата-орталық пен энергоблоктардың, әкімшілік-тұрмыстық кешеннің, бақылау-өткізу пункттерінің, сыртқы инженерлік желілердің бір бөлігінің негізгі корпустары тұрғызылатын болады. Іске қосу-жөндеу жұмыстары 2027 жылдың мамыр айында аяқталады. Бірінші нысанды пайдалануға беру 2027 жылғы маусымға жоспарланған.

Сонымен қатар алаңның инженерлік инфрақұрылымы да дамуда. Жобаны энергиямен жабдықтау үшін қуаты 215 МВт болатын қосалқы станса сатып алынды, сумен жабдықтау желілерінің жобасы әзірленді және телекоммуникациялық инфрақұрылымның жобасы жасалуда. Құрылыс алаңында жұмыс барысын тәулік бойы бақылауға мүмкіндік беретін онлайн-бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді. Data Center Valley-дің ұзақмерзімді энергетикалық әлеуеті жалпы қуаты 1 ГВт-қа дейін кезең-кезеңімен кеңейе бермек.

Бұл жоба – деректер орталықтарын, AI-фабрикаларды, GPU-кластерлерді және халықаралық гиперскейлерлердің бұлтты платформаларын орналастырып, оларды одан әрі кеңінен таратуға арналған алаң. Оны жүзеге асыру Қазақстанда цифрлық экономиканың экспортқа бағдарланған жаңа секторын құрып, жасанды интеллект саласындағы отандық шешімдерді әзірлеу үшін IТ-инфрақұрылымды қамтамасыз етеді.

"Data Center Valley Қазақстанның жаңа экспорттық әлеуетін қалыптастырады. Есептеу қуатын ел ішінде орналастыра отырып, біз отандық AI-шешімдерді дамытуға, жаһандық компанияларды тартуға және Қазақстанның халықаралық цифрлық қызметтер нарығына шығуына жағдай жасаймыз", — деп атап өтті Жаслан Мәдиев.

Firebird AI және NVIDIA халықаралық технологиялық серіктестерімен бірге Data Center Valley базасында жасанды интеллект, бұлтты технологиялар және жаңа буынның цифрлық қызметтерін дамыту үшін заманауи экожүйе құрылуда. Сонымен қатар қосымша IT-қуаттарды құру бойынша бірқатар шетелдік компаниямен ынтымақтастық пысықталуда. Келіссөздер сонымен қатар жаңа инвесторлар мен негізгі клиенттерді тартуды, өнімділігі жоғары есептеу кластерлерін орналастыруды және бұлтты қызметтерді дамытуды қамтиды.

"Біздің бірінші кезектегі міндетіміз – бірінші нысанның құрылысын 2027 жылдың маусым айында аяқтау. Сонымен қатар клиенттер тарапынан расталған сұранысты ескере отырып, кампус қуатын дәйекті түрде арттыруға мүмкіндік беретін инженерлік негіз құрып жатырмыз", — деп атап өтті Бағдат Мусин.

Бұдан бөлек, жиын аясында Қазақстанда шет мемлекеттердің деректерін олардың толық заңды егемендігін сақтай отырып орналастыру мүмкіндігін көздейтін Cloud First Policy (Data Embassy) жобасын дайындау барысы қаралды.

Олжас Бектенов Президент жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында "ДӨО алқабы" жобасының маңыздылығын атап өтті. Data Center Valley жобасын жүзеге асыру Қазақстанның технологиялық егемендігін нығайтып, жасанды интеллектіні дамытуға қажетті инфрақұрылымдық негіз қалыптастырады және еліміздің жаһандық есептеу қуаттары нарығындағы рөлін арттырады.

"Жаңа Конституцияның қабылдануымен Қазақстан экономикасын одан әрі жаңғырту және жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттыру мүмкіндіктері кеңейтілуде. "ДӨО алқабы" жобасы – ірі инфрақұрылымдық жоба ғана емес, бұл біздің еліміздің одан әрі технологиялық дамуының негізі. Оны жүзеге асыру Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында. Жасанды интеллект пен бұлтты сервистердің қуатты базасын қалыптастыру бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, Қазақстанның Орталық Азиядағы өңірлік AI хабы ретіндегі рөлін күшейтеді. Жобаны уақтылы жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет, бұл үшін барлық жағдайлар жасалған", — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр жауапты мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне құрылыс жұмыстарының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету және жаңа әріптестерді тарту үшін шетелдік технологиялық компаниялармен өзара іс-қимылды кеңейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:99
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Тамыз 2026 14:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары