Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

Сауда серіктестігіне серпін

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Қазақстанда мұнай газ химия кластері қалыптасып келеді

Қазақстанда мұнай газ химия кластері қалыптасып келеді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

 Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі — 2022 жылы Атырауда іске қосылған жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін алғашқы интеграцияланған газ-химиялық кешен — KPI зауыты. Іске қосылғалы бері мұнда 800 мың тоннадан астам өнім өндірілді. Оның ішінде тек 2025 жылдың өзінде 375 мың тонна полипропилен шығарылған.

Қазіргі таңда KPI зауыты ішкі нарықтағы полипропиленге деген сұраныстың 83%-ын қамтамасыз етіп отыр. Бұл өз кезегінде импортқа тәуелділікті едәуір азайтуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, 2021 жылы Шымкентте жылына 57 мың тонна метил-трет-бутил эфирін өндіретін зауыт іске қосылды. Бұл кәсіпорын ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз етіп қана қоймай, елдің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта саланың дамуы стратегиялық жобаларды жүзеге асыру арқылы жалғасып келеді. Бұл жобалар Энергетика министрлігінің ерекше бақылауында.

— Бүгінде жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыттың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Нысанды іске қосу 2029 жылға жоспарланған және ол экономика үшін аса маңызды. Себебі қазіргі таңда еліміздегі полиэтиленге деген ішкі сұраныстың 100%-ы импорт арқылы қамтамасыз етіліп отыр, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жылына 100 мың тонна алкилат өндіретін зауыт 2027 жылы іске қосылады деп жоспарланған. Қазір жобаның құрылысы қарқын алған.

Жобалау сатысында тағы екі ірі өндіріс бар: жылына 800 мың тонна карбамид шығаратын кешен және 340 мың тоннаға дейін бутадиен өндіретін жоба. Оларды іске қосу 2029 жылға жоспарланған.

Айта кету керек, полипропилен мен полиэтилен — күнделікті тұтыну тауарлары мен өнеркәсіп үшін мыңдаған өнімге қажет негізгі материалдар. Полипропилен тамақ өнеркәсібінде термотөзімді контейнерлер мен қаптамаларды өндіруде, медицинада — бір реттік ине мен маска жасауға, автокөлік және құрылыс саласында — берік детальдар мен ыстық сумен жабдықтау үшін құбырлар шығаруда кең қолданылады.

— Ал полиэтилен икемді қаптамалар, пленкалар, тұрмыстық химияға арналған өте қатты контейнерлер, кабель оқшаулау және газ-бен су құбырларына арналған ұзақмерзімді құбырлар жасау үшін таптырмайтын материал саналады. Бұл полимерлердің отандық өндірісін дамыту тек ішкі нарық қажеттілігін жабуға ғана емес, сонымен қатар жергілікті гранулалардан дайын өнім шығаратын жүздеген шағын және орта кәсіпорындарға шикізат базасын құруға мүмкіндік береді, — деп хабарлады ведомстводан.

Осы бастамаларды жүйелі қолдау үшін Энергетика министрлігі 2024 жылдың қазанында 2030 жылға дейінгі мұнай-газ химия өнеркәсібін дамытуға арналған Жол картасын қабылдады.

Сонымен қатар, қазіргі таңда «Мұнай-газ химия өнеркәсібі туралы» профильді Заң жобасы әзірленіп жатыр. Жобаларды қажетті шикізатпен қамтамасыз ету механизмдерін заңнамалық тұрғыда бекітіп, жаңа өндіріс бағыттарының пайда болуына және Қазақстанда толыққанды мұнай-газ химиялық кластерін құруға негіз болады.

Еске сала кетейік, 2026 жылы елімізде қандай энергия нысандары іске қосылатынын жаздық.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:124
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Ақпан 2026 08:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see140

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see138

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see136

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see133

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see129

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see120

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see119

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see117

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see117

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see116

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see115

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see114

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see113

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see111

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see111

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

07 Қазан 2026 01:59see110

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see108

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see107

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары