Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 22,3 пайызға өсті
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Қазақстанда сауда саласына және онымен байланысты бағыттарға инвестициялар тартудың оң динамикасы сақталуда, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оң динамика бірқатар өңірлерде байқалады. Әсіресе Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында, Шымкент қаласында, Қостанай облысында, Абай облысында, Маңғыстау облысында және Алматы қаласында өсімнің жоғары қарқыны тіркелді. Сонымен қатар, Алматы инвестициялық белсенділіктің ірі орталықтарының бірі болып қала береді: жеті айда қалаға 204,3 млрд теңге инвестиция тартылды. Елеулі инвестиция көлемі Түркістан облысында да тіркеліп, 88,7 млрд теңгені құрады.
Инвестициялардың экономикалық қызмет түрлері бойынша құрылымында ең үлкен үлес көтерме және бөлшек саудаға тиесілі — 246,6 млрд теңге. Іргелес бағыттар бойынша да қомақты инвестициялар қаржы және сақтандыру қызметіне, жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқаруға, сондай-ақ ғимараттарға қызмет көрсету мен аумақтарды абаттандыруға бағытталуда.
Оң динамика іскерлік белсенділіктің артып, сауда саласының инвестициялық базасының кеңейіп келе жатқанын көрсетеді. Жаңа инвестициялар сауда инфрақұрылымын дамытуға, сауданың заманауи форматтарын кеңейтуге және кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталуда.
Сауда және интеграция министрлігі әкімдіктермен бірлесіп инвестициялар тарту, жобаларды сүйемелдеу және заманауи сауда инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:61
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Тамыз 2026 09:53 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















