Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Қазақстанда өнеркәсіп және логистика саласына салынған инвестиция көлемі артып келеді

Қазақстанда өнеркәсіп және логистика саласына салынған инвестиция көлемі артып келеді

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Астанада KGIR 2025 алаңында «Логистикалық трансформация және болашақтың азық-түлік жүйесі: Қазақстанның тұрақты өсуінің жаңа драйверлері» тақырыбында екінші панельдік сессия өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

KGIR-2025 панельдік сессиясын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер  министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров ашты.

«Қазақстан Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасқан, жаңа көлік және энергетикалық бағыттарды қалыптастыруда стратегиялық рөл атқарады. Логистика мен азық-түлік қауіпсіздігі – өзара тығыз байланысты басымдықтар, олардың тұрақты даму үшін маңызы зор. Біздің мақсатымыз – Қазақстанның өңірлік хаб ретіндегі мәртебесін нығайту, шикізат қана емес, қосылған құны жоғары өнім экспорттау арқылы инвестициялар мен кооперация үшін жаңа мүмкіндіктер жасау», - деп атап өтті Әлібек Қуантыров.

Сессия барысында қатысушылар көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін және Қазақстанның тұрақты экономикалық өсіміне ықпал ететін инновациялық тәсілдерді енгізу бағыттарын талқылады.

Бұл панельдік сессия Қазақстанның өңірлік және жаһандық нарықтарда логистикалық хаб және азық-түлік жүйесінің маңызды орталығы болуға бағыт алғанын тағы бір дәлелдеді.

Қазақстан инвестициялық дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – ел экономикасы біртіндеп шикізаттық модельден технологиялар, өңдеу өндірісі және тұрақты өсімге негізделген экономикаға өтуде.

Бұл трансформацияның өзегінде Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті мен «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы тұр. Олар инвесторлар үшін «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін бірыңғай оператор әрі елдің инвестициялық саясатын іске асырушы негізгі құрылым болып саналады.

Соңғы үш жылда Қазақстан 69 млрд АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция тартты, оның шамамен 20%-ы өңдеу өнеркәсібіне бағытталған. Салыстырмалы түрде, 2019 жылы бұл көрсеткіш 14% болған. Бұл ел экономикасының біртіндеп әртараптандырылып, шикізаттық тәуелділіктің төмендеп келе жатқанын көрсетеді.

Бүгінде Қазақстан Орталық Азиядағы шетелдік инвестициялар көлемінің 60%-дан астамын өзіне тартып, өңірлік көшбасшы мәртебесін сақтап отыр. БҰҰ-ның ЭСКАТО ұйымының деректері бойынша, 2024 жылы елге 15,7 млрд доллар жаңа жобалар келіп, бұл көрсеткіш бір жыл ішінде 88%-ға артқан.

Қазақстан сенімді және ашық серіктес ретінде танылды. Ел инвесторларға бизнес жүргізудің түсінікті ережелерін, салықтық жеңілдіктерді, инвесторларды қорғау тетіктерін және заманауи цифрлық инфрақұрылымды ұсынады.

Форум аясында әлемдік экономика көшбасшылары, халықаралық қаржы институттары, мемлекеттік органдар және ірі компаниялар бас қосты. Қатысушылар қатарында Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, сондай-ақ PepsiCo, Stadler, Roca Group, Alstom, Air Liquide, Carlsberg, KIA секілді ірі брендтер бар.

Биылғы форумның басты тақырыбы – «Трансформация дәуіріндегі жаңа шешімдер: Қазақстан – тұрақты экономикалық өсім орталығы».

KGIR-2025 аясында жалпы сомасы 7,5 млрд доллар болатын шамамен 50 құжатқа қол қойылды. Олардың қатарында бидайды терең өңдеу кешені, Солтүстік Қазақстандағы қант зауыты, Coca-Cola Almaty Bottlers зауыты, сондай-ақ жасыл энергетика және қалдықтарды өңдеу жобалары бар.

Бұл бастамалар капитал тартудан гөрі қосылған құн тізбегін құруға және тұрақты өндіріс негізін қалыптастыруға бағытталған. 

Елімізде инвесторлардың құқықтық жағынан қорғалуы мен кепілдіктері заңнамалық тұрғыда күшейді. Бұл – мемлекеттің халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тұрақты бизнес орта қалыптастыруға ұмтылысын көрсетеді.

Келешекті ойласақ, инвесторлардың құқығын қорғау және құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бей-жай қарауға болмайды. Өйткені, сот жүйесінің ашықтығын арттыру, әкімшілік кедергілерді азайту және сыбайлас жемқорлықпен жүйелі күрес жүргізу шаралары инвестициялық климаттың жақсаруына және институционалдық сенім деңгейінің артуына ықпал етеді. Экономикалық зерттеулер институтының Сауда және инвестициялық саясатты дамыту орталығының сарапшысы Жанар Берікқызының айтуынша, бүгінде Қазақстан инвесторларға маңызды қолдау тетіктерін ұсынып отыр. Инвестициялық келісімшарттар, инвестициялар туралы келісімдер, арнайы экономикалық аймақтар түрлі салықтық және кедендік жеңілдік береді. 

«Қазақстан инвестициялық климатты жақсарту бағытында тұрақты дамып келеді. UNCTAD деректеріне сәйкес, еліміз инвестициялық реттеуді жеңілдету бойынша әлемде көшбасшылардың қатарында. Бұл — лицензиялаудың цифрлық платформасы мен басым жобалар үшін fast-track тетігін енгізудің нәтижесі деп түсінсек болады. Сонымен қатар, ұлттық көміртек сауда жүйесі (ETS) Қазақстанның жасыл және тұрақты экономиканы дамыту бағытына стратегиялық түрде бейілді екенін айқындайды», - дейді Жанар Берікқызы.  

Расында, сыртқы және ішкі инвестициялар арасындағы айырмашылық халықаралық сарапшылар арасында жиі талқыланады. Дүниежүзілік банк өкілдері түсіндіргендей, экономиканың өсуі мен әртараптандыру үшін ішкі, сыртқы инвестицияның екеуі де қажет. Иә, шетелдік инвестициялар елге жаңа технологияларды әкеледі. Жабдықтармен бірге тауар мен қызмет өндірудің жаңа әдістері, заманауи басқару тәсілдері мен бизнес-процестері енеді. Ал сыртқы инвестициялар жаңа жұмыс орындарын, тіпті жаңа салалар мен қосалқы бағыттарды қалыптастырады. Бұл – халықтың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік тұрақтылықты күшейтеді.

Сонымен қатар, шетелдік инвестициялар Қазақстанға халықаралық нарыққа шығу мүмкіндік береді. Мысалы, жаһандық дистрибуция желісі мен серіктестік келісімдері бар шетелдік инвестормен әріптестік орнату еліміз үшін сыртқы нарықтарға кеңірек жол ашады. Ал тікелей шетелдік инвестициялар өндірістік базаны нығайтуға, экспорттың бәсекеге қабілеттін арттыруға және халықаралық қаржыландыруға қол жеткізуге септігін тигізеді. Жалпы, жаһандық экономикалық тұрақсыздық жағдайында халықаралық инвесторлардың сенімі – ұлттық экономика тұрақтылығының басты факторларының бірі саналады. Қазақстан үшін әлемдік қаржы нарықтарында өз позициясын нығайтып, қарыз алу құнын төмен деңгейде сақтау үшін макроэкономикалық саясат пен институционалдық реформалардың сабақтастығы шешуші маңызға ие болады. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 19:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары