Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Қазақстанда ШОБ субъектілерінің саны артты

Қазақстанда ШОБ субъектілерінің саны артты

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қазақстанда кәсіпкерлер саны артып келеді. 1 желтоқсандағы мәлімет бойынша, елімізде 2 млн 200 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 130 мыңға көп. ШОБ-тың ел экономикасына қосқан үлесі қазірдің өзінде 40%-ға жуықтады.

Бұл қамырдан бірнеше сағаттан кейін көбі сүйіп жейтін «Денсаулық» наны пісіріледі. Ал содан соң Инна Цариценская тоқаштар мен кекстерге арнап тағы қамыр илейді. Ол нан зауыты ашылған күннен бастап осында жұмыс істейді.

Инна Цариценская, нан пісіруші:

- Жұмыс әрине, өте жауапты. Өйткені бүкіл процесс маған байланысты. Егер қамырды дұрыс илесем, нан да сапалы болып шығады. Мұнда жұмыс істеген өте жеңіл, себебі бәрі автоматтандырылған. Ұн автоматты түрде беріледі. Біз тек шикізатты жинаймыз. Қалғанын қуатты машиналар араластырып шығады.

Нан зауыты жыл басында іске қосылды. Қазір мұнда тәулігіне 15 тоннаға дейін нан-тоқаш өнімдері пісіріледі. Кәсіпорын құрылысы мен заманауи жабдықтарды сатып алуды Өнеркәсіпті дамыту қоры қаржыландырған.

Мадина Жақыпова, кәсіпкер:

- Зауыт құрылысына және жабдықтар сатып алуға бізге жылдық  9 пайызбен 1,8 млрд теңге бөлінді. Жабдықтар Италия, Болгария және Ресейден әкелінді. Біз мектептерді, асханаларды және дүкендерді өніммен қамтамасыз етіп отырмыз. Қазіргі уақытта зауыт 50 пайыз қуаттылықта жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта  тәулігіне 25 тоннаға шығуды жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар жұмыс орнын кеңейту де жоспарда бар. Қазір кәсіпорында 60 адам еңбек етеді. Нан зауытынан бөлек, сүт зауыты мен көкөніс қоймасының құрылысы да қаржыландырылды. Жалпы биыл Өнеркәсіпті дамыту қоры 800 млрд теңгеге 293 жобаға қолдау көрсетті. Нәтижесінде 13 жаңа кәсіпорын ашылды.

Азат Абайділдин, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

- Біз кәсіпкерлерге негізгі қарыз бен сыйақы бойынша жеңілдік кезеңін, яғни «каникулдар» ұсынамыз. Ол зауыт іске қосылғанға дейінгі уақыт пен жобалық қуаттылыққа шығу үшін тағы жарты жылды қамтиды. Қазіргі таңда біздің портфеліміз 2,6 трлн теңгені құрайды, оның ішінде проблемалық жобалардың үлесі небәрі 0,5%. Бұл көрсеткіш қолдау тапқан жобалардың сәтті жүзеге асып жатқанының дәлелі.

Өнеркәсіпті дамыту қорынан бөлек, елімізде шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауға бағытталған басқа да институттар жұмыс істейді. Олардың барлығы «Байтерек» холдингінің құрамына кіреді. Соңғы үш жылда 500 млрд теңгеге жуық қаражат бөлініп, несиелендірудің жалпы көлемі 700 млрд-қа жетті. Отандық өндірушілерді қолдау алдағы уақытта да жалғасады. Бұл туралы Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді. Жаңа жылдан бастап «Іскер аймақ» бағдарламасы іске қосылмақ.

Серік Жұманғарин,  ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі:

- Бағдарлама шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Ол технологиялық тұрғыдан қарапайым бағыттарға, соның ішінде ауыл шаруашылығы шикізатын, теріні қайта өңдеуге, шағын наубайханаларға, сүт және ет өнімдеріне, тамақ өндірісіне, ағаш өңдеу, жиһаз цехтарына, құрылыс материалдарын шығаруға және қолөнер саласына басымдық береді. Бұл жергілікті базалық құн тізбегін және ұзақ мерзімді экономикалық тиімділікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бағдарлама аясында өңірлерге 400 млрд теңге бағытталады. Кәсіпкерлерге 200 млн теңгеге дейін 9 пайыздық жеңілдетілген несие ұсынылады. Кепілзат жетіспеген жағдайда, мемлекет қарыз сомасының 85 пайызына дейін кепілдік береді. Сонымен қатар бизнес өкілдері дайын ғимараттарға, жер учаскелеріне және инженерлік инфрақұрылымға қол жеткізе алады.

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Гүлнар Хасан, Руслан Әлиев, Өрден Жарқын

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:173
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 02:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see171

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see163

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see162

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see159

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see158

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

20 Қыркүйек 2026 22:22see154

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

21 Қыркүйек 2026 10:06see147

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

21 Қыркүйек 2026 12:41see146

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

21 Қыркүйек 2026 13:04see143

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

20 Қыркүйек 2026 22:21see140

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

21 Қыркүйек 2026 12:42see139

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

21 Қыркүйек 2026 15:55see137

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

20 Қыркүйек 2026 22:18see136

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

21 Қыркүйек 2026 18:03see135

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

21 Қыркүйек 2026 17:58see132

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see132

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see125

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

21 Қыркүйек 2026 14:36see123

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

21 Қыркүйек 2026 17:46see123

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары