Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

​​Қазақстанда үш жылда 57 млрд теңгені үнемдейтін 4 млн ақылды есептегіш орнатылады

​​Қазақстанда үш жылда 57 млрд теңгені үнемдейтін 4 млн ақылды есептегіш орнатылады

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақстанда Энергетика министрлігі отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін – EnergyTech платформасын құру жұмыстарын жүргізуге кірісті. Жаңа платформа энергетика саласының барлық бағытын біріктіріп, елдің энергетикалық инфрақұрылымын толық цифрландыруға мүмкіндік береді.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың мәлімдеуінше, EnergyTech платформасын әзірлеу және оны өнеркәсіптік пайдалануға енгізу 2026–2027 жылдарға жоспарланған. Жаңа жүйе энергетика, жер қойнауын пайдалану, қайта өңдеу және көмір өнеркәсібі сияқты он негізгі бағыт бойынша басқаруды кешенді үйлестіруге жол ашады. Қазіргі таңда жеті цифрлық сервис іске қосылған, оның екеуі энергетика секторында жұмыс істейді.

Бірінші цифрлық сервис – күзгі-қысқы кезеңге дайындық пен оның өту барысын бақылау жүйесі. Платформа арқылы энергетикалық нысандардың активтері толық есепке алынып, жөндеу жұмыстары жоспарланады және генерация объектілерінің жұмыс режимін нақты уақытта бақылауға бағытталған. Қағаз форматтан цифрлық есепке көшу мониторинг мерзімін 90 күнге дейін қысқартып, апат қауіпін 25%-ға азайтуға мүмкіндік береді.

Екінші сервис – шекті тарифтерді бекітуге арналған өтінімдерді беру және қарау жүйесі. Жүйе қағаз құжат айналымын жояды, процестердің ашықтығын арттырады және әкімшілік жүктемені азайтады. Қазірдің өзінде 63 субъект пен 83 генерация нысаны қамтылған, 1 664 құжат өңделіп, бизнес-процестер саны екі есеге қысқарған.

«Ұлттық жоба аясында электр және жылу энергиясын есептейтін интеллектуалды жүйелер кеңінен енгізіледі. Алдағы үш жылда 27 энергиямен жабдықтау субъектісінде 4 миллион «ақылды» есептегіш орнатылады, бұл электр энергиясының шығынын азайтып, 57 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік береді», – дейді Ерлан Ақкенженов.

Жылу энергиясын есепке алу үшін 30 мыңнан астам интеллектуалды құрылғы орнату қажет, бұл жылу шығынын 15%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Құрылғылар отандық кәсіпорындарда шығарылады, ал барлық деректер EnergyTech аналитикалық базасына жіберіледі.

Сонымен қатар, Салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығы мен ОЭК инфокоммуникациялық инфрақұрылым операторы құрылады. Бірінші орталық технологиялық жүйелерді қорғауға және киберқауіпсіздік орталықтарын үйлестіруге, ал екіншісі Ситуациялық-талдамалық орталыққа деректерді қауіпсіз жеткізуге жауапты болады.

2024 жылдың төртінші тоқсанында іске қосылған Ситуациялық-талдамалық орталық саладағы цифрлық мониторингтің негізгі құралына айналды. Ол энергия ресурстарын өндіру, беру және тұтыну деректерін онлайн талдап, тәуекелге негізделген басқару моделіне көшуге мүмкіндік береді.

Бүгін, 17:08

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:203
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 18:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары