Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қазақстандағы дифтерия: соңғы жағдай қашан болды және қауіп бар ма?

Қазақстандағы дифтерия: соңғы жағдай қашан болды және қауіп бар ма?

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Италияның Палермо қаласында төрт жасар қыз бала дифтериядан қайтыс болып, кейін бұл инфекция оның бірнеше туысынан анықталды. Осы оқиғаға байланысты Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мамандары Қазақстанда дифтерия кейінгі рет қашан тіркелгенін және инфекцияның қайта басталу қаупі неге сақталып отырғанын айтып берді, деп хабарлайды Tengri Health тілшісі.

Палермолық қыздың оқиғасы: не болды?

2026 жылғы 20 тамызда Палермода төрт жасар Анна Роза Бартолотта көз жұмды. Италиялық ANSA ақпарат агенттігінің мәліметінше, қайтыс болардан бірнеше күн бұрын қыз бала дене қызуының көтерілуі, құсу және тәбетінің болмауы белгілерімен ауруханаға түскен. Бастапқыда дәрігерлер оған тонзиллит (таңдай бадамша бездерінің қабынуы) диагнозын қойып, тексеруден кейін үйіне жіберген.

Алайда көп ұзамай қыздың жағдайы нашарлай бастады. Онда ауыр тыныс алу жетіспеушілігі өршіп, содан кейін бала Палермодағы балалар ауруханасының жансақтау бөліміне ауыстырылды. Дәрігерлер бар күшін салғанына қарамастан, Анна Роза 20 тамызға қараған түні қайтыс болды.

Бірнеше күннен кейін, 24 тамызда, Италияның Ұлттық денсаулық сақтау институты (ISS) қыздың биологиялық үлгілерінен Corynebacterium diphtheriae, сондай-ақ респираторлық дифтерияны тудыратын токсин гені табылғанын хабарлады, деп жазады жазады италиялық RaiNews қоғамдық хабар тарату қызметі.

Анықтама: Corynebacterium diphtheriae - бұл дифтерияны қоздыратын бактерия. Дифтерия - жедел жұқпалы бактериалды инфекция. Ол негізінен жоғарғы тыныс жолдарын зақымдайды, ал бактерия бөлетін токсин жүрек пен жүйке жүйесіне зиян келтіруі мүмкін. Көбінесе жөтелгенде, түшкіргенде және тығыз байланыс кезінде адамнан адамға жұғады.

Ата-анасы қызды вакцинацияламаған

RaiNews мәліметінше, Анна Роза дифтерияға қарсы екпе алмаған. Италиялық БАҚ-тың хабарлауынша, ата-анасы дәрігерлерге екпеге қатысты күдіктерін айтқан. Олардың сөзінше, жақын туыстары біріндегі аутизмді MMR (немесе ҚПҚ: қызылша, паротит, қызамық) вакцинасымен байланысты деп есептеген. Осыған байланысты отбасы қызына екпе жасатпауды жөн көрген көрінеді.

Бала өлімінен кейін Палермо прокуратурасы ата-анасына қатысты абайсызда өлімге әкеп соқтыру дерегі бойынша тергеу бастады. Тергеу баланың вакцинацияланбауы оның өліміне қаншалықты қатысы барын анықтауы тиіс.

Италиялық L'Unione Sarda аймақтық газеті Палермоның кәмелетке толмағандар істері жөніндегі прокуратурасы ата-ана жауапкершілігі мәселесін бағалау үшін бөлек азаматтық іс қозғағанын атап өтті.

Кейін қыздың анасы мен әкесі өз отбасына "вакцинацияға қарсы" деген сипаттама берілуімен келіспейтіндерін білдірді. Италияның Corriere della Sera ұлттық газетінің мәліметінше, олар қалған төрт баласының барлық тиісті екпені уақытылы алғанын айтып, Анна Роза неге вакцинацияланбағанын тергеуге түсіндіруге ниетті екенін жеткізген.

Дәрігерлердің іс-әрекеті де тергеліп жатыр

Тексеріс ата-анаға ғана қатысты емес. Қайтыс болған қыздың анасы дәрігерлерді "қызымды құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасамады" деп айыптап, балаға бірнеше ауруханада көрсетілген медициналық көмекке қатысты шағым түсірді.

Нәтижесінде тергеуге сегіз медицина қызметкері тартылды. Тергеушілер дәрігерлердің инфекцияны қаншалықты дер кезінде анықтағанын және емдеу шараларын дұрыс жүргізді ме, жоқ па анықтауы керек.

Дифтерия туыстарынан да табылды

Анна Роза қайтыс болғаннан кейін Италия билігі эпидемиологиялық тергеу бастап, қызбен және оның отбасымен байланыста болған адамдарды тексере бастады.

Кем дегенде 10 туысынан дифтерияға тест нәтижесі оң болып шықты. Олардың көпшілігі - бала. Бұл туралы RaiNews хабарлады.

Дегенмен, оларда ауыр белгілер байқалмаған, өздерін жақсы сезінген. БАҚ мәліметінше, инфекция жұқтырған балалар вакцинацияланған болып шықты. Оларға антибиотиктермен профилактикалық ем тағайындалып, оқшаулану жөнінде нұсқаулық берілді.

Дифтерия Анна Розаның төрт жасар бөлесінен де табылды. Бала ауруханаға жатқызылды, бірақ ол екпе алғандықтан, жағдайы біртіндеп жақсарды.

Қазіргі уақытта италиялық мамандар инфекцияның таралу көзін және отбасына ауруды бірінші болып жұқтырған "нөлдік пациентті" іздеуді жалғастырып жатыр.

Қазақстанда дифтерия бойынша жағдай қалай?

Италиядағы жағдайға байланысты Tengri Health тілшісі Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығынан пікір алды. Мамандар Қазақстанда дифтерияның тіркелу қаупі сақталып отырғанын ескертті.

"Қазіргі уақытта вакцинациядан, жоспарлы екпелерден бас тартуға (антиваксерлер) және иммунитеті жоқ балалар "қабатының" жинақталуына байланысты, республикада халық арасында дифтерияның жаңа жағдайлары тіркелуінің нақты қаупі бар", - деп хабарлады Ұлттық орталық өкілдері.

Бұл ретте Қазақстанда дифтерия жағдайы кейінгі рет 2008 жылы тіркелген. Ол кезде балалар арасында бес жағдай анықталған болатын: төртеуі Солтүстік Қазақстан облысында және біреуі Атырау облысында.

Қазақстанда дифтериядан кейінгі өлім жағдайлары 1998 жылы тіркелген.

"Қазақстанда дифтерияның ауқымды өршуі 1993–1998 жылдары болды. Осы кезеңде елде аурудың 2360-тан астам жағдайы ресми түрде тіркеліп, оның 80-нен астамы өліммен аяқталды", - деп хабарлады бізге Ұлттық орталық.

Дифтерия қайта басталуы мүмкін бе?

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы егер адам қажетті ревакцинациядан өтпесе, теориялық тұрғыда дифтерия жұқтыруы мүмкін екенін атап өтті.

Мамандардың мәліметінше, 16 жастағы ревакцинациядан кейін ересек адамға әр 10 жыл сайын екпе салдырып тұру қажет.

Бұған дейін Қазақстандағы көптеген жас дәрігер өз тәжірибесінде дифтерияны кезіктірмегенін, ал адамдардың көбі полиомиелитке шалдыққан баланы ешқашан көрмегені туралы жазған болатынбыз.

Аурулар уақыт өткендіктен ғана жойылып кетпейді. Олар қоғам ондаған жылдар бойы таралуына мүмкіндік қалдырмағанда ғана қайтады. Инфекция әлемде, бірнеше елде ғана болса да, таралуын тоқтатпайынша, ол қауіпті болып қала береді. Қазақстандағы сырқаттанушылық деңгейі қалай өзгергені туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда ересектерге қандай екпелер қажет: тегін және ақылы вакциналар тізімі

АҚШ-та балаларға салынатын екпелер тізімі қысқартылды: бұл туралы Қазақстанның ДСМ не дейді?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Инфекция

Қаза

дәрігерлер

Италия

Қазақстан

Балалар

екпе

вакцина

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:78
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Тамыз 2026 13:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see129

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see127

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see126

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see123

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see122

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see121

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see119

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see119

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see119

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see118

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see117

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see116

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see116

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see116

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see116

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see114

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see114

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see113

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see112

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары