Қазақстандық мамандар Қытайда судың ластануымен күрес тәсілдерін меңгеріп жатыр
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
gov.kzҚазақстандық су шаруашылығы саласы мамандарының алғашқы легі біліктілікті арттыру курстарынан өту үшін Қытайға аттанды. Оқу бағдарламасы «Қазсушар» РМК мен Power China International Group Limited компаниясы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум, сондай-ақ ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен ҚХР Су шаруашылығы министрлігі арасындағы меморандум аясында ұйымдастырылып отыр.
Оқу Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатыр. Барлық шығынды Қытай тарапы өз мойнына алған. Курстың негізгі тақырыбы – «Қазақстандағы су ресурстарын пайдалану және су ортасының ластануымен күрес». Алғашқы топ құрамында 34 маман бар. Жалпы жыл соңына дейін Қытайда шамамен 200 қазақстандық маман оқудан өтеді деп жоспарланған.
«Бағдарлама аясында су ресурстарын басқару, ластануының алдын алу және бақылау, ағын суды тазарту мен қайта пайдалану технологиялары, сондай-ақ гидротехникалық құрылыс саласында заманауи технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану бойынша дәрістер өткізу жоспарланған. Сонымен қатар мамандар Қытайдың су шаруашылығы және қалалық инфрақұрылым саласындағы тәжірибесін зерделеу үшін Чанша, Шэньчжэнь және Гуанчжоу қалаларына барады», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Еске салсақ, былтыр Power China компаниясының базасында 125 қазақстандық су маманы біліктілікті арттыру курстарынан өткен болатын. Нәтижесінде ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Қытай тарапы бірлескен білім беру бағдарламасын биыл да жалғастыруға келісті.
Бүгін, 09:06
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:22
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Мамыр 2026 09:41 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















