Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Қазақстанмен шекаралас елдерде мұндай пранк жасамаймын Қытай мен Өзбекстанда даулы видео түсірген блогер

Қазақстанмен шекаралас елдерде мұндай пранк жасамаймын Қытай мен Өзбекстанда даулы видео түсірген блогер

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

– Аружан Айбекқызы, әуелі өзіңіз туралы айта кетсеңіз. Қай жердің тумасысыз, блогерлікке қашан бет бұрдыңыз?

– Мен Талдықорған қаласының тумасымын, 19 жастамын. Қазіргі таңда Qamalladin университетінде «Маркетинг» мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Бала кезімнен медиа саласына қызықтым. Сондықтан таңдаған мамандығыма қарамастан, осыдан бір жыл бұрын блогерлікке бет бұрдым. Бастапқыда түрлі бағытта видеолар түсіріп жүрдім. Кейін метро форматында пранк жасап көрдік. ТМД аумағында осындай видеолар түсіретін қыздар өте аз. Бүгінгі таңда 1,2 млн оқырманым бар, оның ішінде шетелдіктердің үлесі басым. Негізгі мақсат – халыққа көңіл-күй сыйлау.

– Әлеуметтік желідегі парақшаңызды шолып шықтым. Блог форматы ерекше екен. Неліктен мұндай бағытта пранк түсіруг бел будыңыз?

– Бұған дейін түрлі бағытта контент жасап, өзімнің стилімді іздедім. Дегенмен олардың ішінен ең қызығы осы метро форматы болды. Тиісінше, ол оқырмандарға ұнады, қолдау тапты. Мен видеоларды ашық әрі шынайы түсіремін. Адамдармен алдын-ала келіспеймін. 

– Қытай мен Өзбекстанда түсірген пранктер көпшілік талқысына түсті. Бұған қатысты өзіңіздің пікіріңіз қандай?

– Резонанс тудырған видеоны Қытайға бизнес жасауға барғанда түсірген едім. Алайда, ол елдің менталитеті басқа. Мен оны мемлекетті қаралау мақсатында түсірген жоқпын. Десек те осы видео көпшіліктің талқылқысына түсті. Онда біздің адамдар: «Ол қыз сотталды, оның үстінен іс қозғалды» деп шуласты. Негізі Қытай тарапымен ешқандай мәселе болған жоқ, тек ескертумен шектелді.

Енді Ташкентте түсірілген видеоға тоқталсам, ол тек менің емес, бүкіл команданың шешімі болды. «Бұл қыз өткен жағдайдан сабақ алмай ма?!» деген пікірлер жазылды. Тиісінше, оны өзімнің тобыма ескертіп, видеоны өшіріп тастауды ұсындым. Алайда, ол команданың идеясы болғаннан кейін қарсы келе алмадым.

Қытай тарапына ешқандай ренішім жоқ. Осындай резонанс болған соң Қазақстанға оралуға тура келді. Егер мұндай жағдай болмағанда мен Қытайда кәсіпкерлікпен айналысып жүре берер едім.

Сонымен қатар біз өзбекстандық блогерлермен бірлесе контент жасадық. Атап айтқанда, тұрғындарға гүл, тамақ ұсынып, орталықта шоу ұйымдастырдық. Ал, метрода түсірген видеода мен жігіттердің санынан емес, қолынан ұстағанмын. Ол пранк 13 миллионға жуық қаралым жинады. Аталған видео үшін кінәлімін деп ойламаймын. Дегенмен қазір мұндай пранк түсіргім келмейді. Өйткені, Өзбекстан тарапынан болған теріс пікірлер маған ауыр тиді. Жеке басыма тіл тигізгендер жиіледі.

– Түсірген пранктер қазақ қызының әдебіне және жалпы Қытай, Өзбекстан халықтарының менталитетіне қайшы деген ой болған жоқ па?

– Иә, ондай ой болды. Мен барлық мемлекеттің заңы мен мәдениетін құрметтеймін. Осы орайда, Қытайдағы жағдай үшін ол елден кешірім сұраймын. Өйткені, ол жақтағы заңның қатал екенін және бұл видеоның резонанс тудыратынын білмедім. 

Мәселен, Қазақстанда жастар еркін жүреді. Ал Өзбекстанның жастары ұстамды, сыпайы келеді. Сондықтан оларға көңіл-күй сыйлағым келді. ТМД деңгейінде алып қарасақ, мұндай видеолар қалыпты дүние. Менің контентімнен Қазақстанның абройына нұқсан келеді деп ойламаймын.

Алдағы уақытта видеоларымды абайлап түсіремін. Пранк жасауды жалғастырамын. Осы жағдайлардан кейін тартыншақтап, қорқасоқтап қалдым. Бұл ата-анама, туысқандарыма жетіп, олар маған ренішін білдірді.

– Сізге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Өзіңізге салынған айыппұлды қаншалықты орынды деп есептейсіз?

– Мен әуел баста түсінбедім. Ол видео Өзбекстанда түсірілсе, неліктен оған Қазақстан айыппұл салады?! Сотта түсіндіргендей, мен ҚР азаматы болғаннан кейін шара елде қабылданады. «Халықтың ашу-ызасын келтірді, резонанс тудырды» дегеннен кейін айыппұлды төлеймін деп шештім. Өзіме де сабақ болды, тиісінше қабылданған шарамен келістім. Әкімшілік кодекстің «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша 20 АЕК көлемінде, яғни 78 мың теңге шамасында айыппұл салынды. Сотта видеоларда харассменттің белгілері бар екені айтылды. Қайдағы зорлық-зомбылық?! Мен пранкті әзіл ретінде түсіремін. Мәселен, автобуста харассменттің құрбаны болып жатқан көп қыз бар. Мен енді алдағы уақытта қоғамдық көліктердегі осындай жағдайларды түсіріп, көпшілікке көрсеткім келеді. 

Дегенмен сот шешімімен келісемін. Судья маған қазақ қыздарының тәрбиесі мен әдебіне қатысты ақыл-кеңесін берді.

– Аружан, осы жағдайлардан кейін мұндай бағыттағы пранктерді түсіруді жалғастырасыз ба, әлде осы оқиғадан кейін өзгеше ой түйдіңіз бе? 

– Осы оқилардан кейін біраз ойландым. Өйткені, менің тарапыма айтылған түрлі сыни пікір жасытып жіберді. Жеке басыма қатысты былапыт сөздер жазылды. Енді солардың үстінен тиісті органдарға арыз түсіргім келеді. Дегенмен барлығы жалған парақшалар. Адамдарға қандай видео түсіріп, ұсынсаң да жақпайды. Мен Қазақстанмен шекаралас елдерде мұндай пранк түсірмеймін, ал одан тыс мемлекеттердің аумағына барсам, ойланып көремін.

– Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет!

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда Қытай мен Өзбекстанда даулы видео түсірген блогерге қатысты іс қозғалғанын хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қазан 2025 18:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары