Алматы облысында Наурыз туралы даулы видео түсірген блогер ұсталды
Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Блогер әлеуметтік желіде «қазақта Наурыз деген мейрам болмаған», «бұл отқа табынушылардан келген мейрам», «мұсылмандар тойламайды» деген сынды пікіріп айтып, бейнежазба жариялаған. Ол желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсіп, адамдардың наразылығын тудырды.
Алматы облысының Полиция департаменті бұл дерек бойынша діни араздықты қоздыру бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Жедел шаралар барысында 1991 жылы туған К. есімді азамат анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
- Биыл 23 наурызда әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында TikTok платформасында Наурыз мерекесіне қатысты діни және этномәдени сипаттағы жария айтылған пікірлері бар бейнематериал анықталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін ҚАЖК блогер Мейіржан Төребаевтың бостандыққа шығуына байланысты түсінік берді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:98
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Наурыз 2026 17:05 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















