Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

Ауқымды фестиваль өтеді

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

15 миллион қазақстандықтың төлқұжаттарының жылыстауы : министрлік даркнеттегі файлдарды тексерді

Қазақстанның екі жақсы ерекшелігі бар Иран елшісі

Қазақстанның екі жақсы ерекшелігі бар Иран елшісі

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

- Қазақстан мен Иран ынтымақтастығын белсенді нығайтып келеді. Бұл, әсіресе сауда-экономикалық бағытта байқалып отыр. Тараптар екіжақты тауар айналымы көлемін арттыру бойынша 2025 жылға көзделген межеге қол жеткізе алды ма? Сондай-ақ 2026 жылға қандай міндеттер белгіленді? 

- 2025 жылы Қазақстанмен барлық саладағы ынтымақтастығымыз, соның ішінде жоғары саяси деңгейдегі қарым-қатынасымыз да өте жақсы деңгейде болды. Былтыр Сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялар жалғасты, мамырда Қазақстан Сыртқы істер министрі Иранға сапар шегіп, саяси деңгейдегі іс-шаралар өткен жылдың желтоқсанындағы Иран президенті Масуд Пезешкианның Қазақстанға сапарымен аяқталды.

Былтыр 20-үкіметаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Біздің президентіміздің сапары барысында үкіметаралық деңгейде және жекеменшік секторда тиімді кездесулер ұйымдастырылды. Президентпен бірге келген іскерлік делегацияның қатысуымен форум болды.

Сауда-экономикалық делегациялар жұмысының нәтижесінде былтыр 2024 жылмен салыстырғанда екі ел арасындағы сауда айналымында 27 пайыз өсімге қол жеткіздік.

Сондай-ақ біздің президентіміздің Қазақстанға сапары барысында екі елдің жекеменшік секторларының арасында 12 сауда келісіміне қол қойылды. Олардың жалпы құны 1 млрд 100 млн доллардан асады.

Былтыр біз саяси деңгейде де, сауда-экономикалық және құқықтық, сондай-ақ мәдени салада жақсы жетістіктерге қол жеткіздік.

Биыл екі елдің келісімдері бойынша жүзеге асырылатын жобалар көлік және логистика саласына қатысты болмақ. Көлік саласында бірқатар инфрақұрылымдық жоба бар, биыл соларды пысықтаумен айналысамыз.

2026 жылы атқарылатын маңызды экономикалық шаралардың бірі – Иранның Бендер-Аббас портында қазақстандық тарапқа терминал салу үшін жер телімін беру мәселесі анықталады.

Сондай-ақ биыл Қазақстанның Иранға астық, ал Иран тарапынан Қазақстанға импортталатын жеміс-жидек пен көкөніс көлемі ұлғаяды деп үміттенеміз.

Дәстүрлі тауарлармен қоса екі елдің арасында өндірістік және инновациялық тауарлардың саудасы артады деп үміттенемін. Солардың қатарына электр станцияларына қажетті құрылғылар мен қондырғылар жатады. Біз бірлесіп вагон өндіру саласында, көлік шығару және көлік жөндеу саласында да жұмыс істей аламыз. Медицина саласында зертханаларға қажетті тауарлар және медициналық тауарлар саласын дамыту үшін де мүмкіндіктер мол.

- Әлемдік геосаяси ахуал жағдайында Қазақстан мен Иран ынтымақтастықтың қандай өзара тиімді мүмкіндіктерін қарастырады? Осы ретте Иран Қазақстанмен энергетика, логистика, агроөнеркәсіп кешені, технология секілді қандай салаларда серіктестігін нығайтуға ниетті?

- Сіз таңғалатын шығарсыз, ирандық Hi-tech өнімдер, жоғары технологиялық өнімдер Иранның атымен емес, басқа елдердің атымен экспортталып жатады. Біз көршілес екі мемлекет ретінде ешбір елдің қатысуынсыз тікелей жұмыс істей аламыз. Логистика саласындағы көптеген жоспарды жүзеге асыруымыз керек. Мысалы, біз Каспий теңізі арқылы тікелей байланыста бола аламыз. Түрікменстан бізбен белсенді жұмыс істейтін болса, тікелей тасжол және теміржол арқылы жақсы ынтымақтастық ете аламыз. Сондықтан екі мемлекет көлік және логистика салысына неғұрлым көп инвестиция салып, мән беретін болса, мұның қос тарап үшін қысқа мерзімді де, орта мерзімді де игілігі зор болады.

- Иран Қазақстанды аймақтық шиеленістерді реттеуге бағытталған дипломатиялық диалог және халықаралық бастамалардың бейтарап әрі сенімді алаңы ретінде қарастыра ма? 

- Тарихқа үңілетін болсақ, Иранның ядролық бағдарламасына байланысты келіссөздердің екі кезеңі Алматыда өткен еді. Алматы қаласын таңдаудың өз себептері болды. Сол кезде мен Иранның Сыртқы істер министрлігінде Шығыс Еуропа елдері департаментінің басшысы болған едім. Иран тарапы Еуропаға қарағанда келіссөздер алаңы ретінде Қазақстанды таңдады. Бұл Иранның Қазақстанға деген сенімінің жоғары деңгейін көрсетеді және бұл сенім әлі күнге дейін күшінде. Менің ойымша, Қазақстанның екі жақсы ерекшелігі бар. Біріншісі – Қазақстанды өте дана және халықаралық саясатты өте жақсы білетін Президенттің басқаруы. Екіншісі – Қазақстанның көпвекторлы және теңгерімді саясаты.

- Биыл Иран Ислам революциясының 47 жылдығын атап өтіп жатыр. Осы уақыт ішінде мемлекетте қандай маңызды өзгерістер болды? Иран өнеркәсіп, ғылым, инфрақұрылыым, денсаулық сақтау, білім беру секілді салалардың қайсысында ірі жетістіктерге қол жеткізе алды?

- Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі маңызды қағидаттың бірі әлеуметтік әділеттіктің орнатылуы болды. Революциядан кейінгі уақытта Иран өзге елдермен ынтымақтастығын нығайта отырып, ішкі потенциалына, мүмкіндіктері мен жастарға зор мән берді. Иранның жуырда Ресейдің «Восточный» ғарыш айлағы арқылы «Кәусар», «Зафар» және «Пая» деген үш ғылыми жер серігін ұшыруын Ислам Республикасының өз-өзіне сеніп, ғылымды дамытудағы жетістіктерінің біріне жатқызуға болады. Биыл бірқатар жер серігін ұшыру жоспарда бар.

Өткен жылы оқушыларымыз бен студенттеріміз халықаралық олимпиадаларда өздерін жақсы жағынан көрсетті. Мысалы, Үндістанда астрономиядан халықаралық олимпиада өткен, Иран сол олимпиадада 5 алтын алды. Сондай-ақ Иран әдетте биология, физика және математика саласында әлемдік деңгейде жүлделі орындарға ие болады. Мемлекет жетістіктерінде өзінің ішкі ресурстарына, жастары мен ғалымдарына сүйенеді.

Иранның жетістіктері жаңартылатын энергия, гидрокарбон энергетикасы және ауыл шаруашылығы секілдінің барлығын қамтиды.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Иран әскери және әскери емес өнеркәсіп саласында зор жетістіктерге жетті. Мұның бәрі - Ислам революциясының нәтижесі. Сондай-ақ Иранның білім мен дамуға деген құлшынысының арқасында мүмкін болып отыр.

- Иран медицина, фармацевтика, нанотехнологиялар мен инженерлік ғылымдар саласындағы жетістіктерімен танымал екені мәлім. Қазақстан үшін бұл бағыттар бойынша серіктестік орнатудың қандай мүмкіндіктері бар? Мысалы, кадр дайындау, ортақ ғылыми зерттеулер және технология алмасу мүмкіндіктері қарастырыла ма?

- Экономикамызды дамытып, қауіпсіздігімізді күшейту үшін аймақ ішіндегі ынтымақтастығымызды нығайтуымыз керек. Мысалы, Иран мен Қазақстан, Орталық Азия елдері, Түркия, Пәкістанмен бірге аймақ ішіндегі ынтымақтастығын нығайту қажет. Осы бағытта құқықтық негіздер құрылған. Мысалы, біз Қазақстан мен Иранның Денсаулық сақтау министрліктері арасында маңызды құжаттарға қол қойғанбыз.

Қазір екі елдің денсаулық сақтау министрліктері арасында жұмыс тобын құру мәселесі қарастырылып жатыр. Алдағы уақытта біз онлайн, офлайн отырыстар өткізуді жоспарлап отырмыз. Екі министрлік арасындағы ынтымақтастық бірқатар саланы қамтиды. Бұл - биотехнология, дәрі-дәрмек өндіру және медициналық өнімдер өндірісі.

Сондай-ақ дің жасушалары саласында да жақсы ынтымақтастық орната аламыз. Тиісті келісімдер бар, соның барлығын жүзеге асыруымыз керек.

Сондай-ақ Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігімен жасалған келісімдерде Қазақстан трансплантология саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық танытып отыр. Өздеріңіз білесіздер, Иран - әлемде және аймақта трансплантология саласындағы озық елдің бірі.

Сондай-ақ Қазақстанмен радиоактивті дәрілерді бірлесіп пайдалану саласында ынтымақтастық орнатылған. Қазақстан ол дәрілерді қатерлі ісік аурулуарын емдеуде қолдану үшін қызығушылық танытып отыр. Біз шығаратын дәрілер сапасы жағынан дамыған елдердің препараттарымен тең, бірақ бағасы жағынан өте қолайлы.

- Қазақстандағы жұмыс тәжірибеңізге сүйене отырып, екіжақты қарым-қатынасты дамытудың қай тұстарын айшықтап айтар едіңіз?

- Қазақстан экономикасы ілгері дамыған елдердің қатарына қосылуға маңызды қадамдар жасап жатқаны мен үшін қызық. Қазақстан бұл даму жолында Иранды серіктес ретінде қарастыра алады. Ал елдеріңіздің ең ғажап айшығы –мейірбан, жылы жүзді және қонақжай халқы.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:121
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Ақпан 2026 20:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

12 Тамыз 2026 11:23see116

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

12 Тамыз 2026 13:53see115

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

12 Тамыз 2026 16:23see115

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see114

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

12 Тамыз 2026 16:27see114

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

12 Тамыз 2026 15:13see114

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

12 Тамыз 2026 19:42see113

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

13 Тамыз 2026 22:53see113

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see110

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see110

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

13 Тамыз 2026 10:29see109

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see108

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2026 10:13see108

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see107

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

12 Тамыз 2026 08:00see107

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

13 Тамыз 2026 22:24see106

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see105

Ауқымды фестиваль өтеді

13 Тамыз 2026 03:23see104

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

13 Тамыз 2026 17:41see104

15 миллион қазақстандықтың төлқұжаттарының жылыстауы : министрлік даркнеттегі файлдарды тексерді

12 Тамыз 2026 18:35see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары