Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Қазақстан мен Бельгия бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытады

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Кофені көп ішсе, не болады?

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев WTT Youth Smash турнирінде күміс медальға ие болды

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Қазақстанның тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету бағытындағы реформаларының тиімділігі неде

Қазақстанның тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету бағытындағы реформаларының тиімділігі неде

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Аталған алаңда әлемдік экономиканың жай-күйі, қаржылық тұрақтылық және даму саясаты талқыланып жатыр.

Бүгінгі күннің маңызды оқиғаларының бірі - «Kazakhstan on the Wave of Reforms» атты дөңгелек үстел болды.

Ол алғаш рет Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі тарапынан кездесулер аясында дербес диалог алаңы ретінде ұйымдастырылды.

Айта кету керек, дөңгелек үстел жұмысына Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры және Еуропалық қайта құру және даму банкінің жоғары басшылығы қатысты.

ҚР Президент кеңесшісі - Агенттік басшысы Әсет Ерғалиев Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы баяндама жасады. Ол Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың жаңа ел құруға бағытталған саяси ерік-жігерін ерекше атап өтті. Оның негізгі қағидаттары – Әділеттілік, Заң және Тәртіп.

Осы бағытта ол заманауи сын-қатерлерге жүйелі жауап болып табылатын кешенді конституциялық реформаларды жан-жақты таныстырды. Олардың қатарында технологиялардың, әсіресе жасанды интеллектінің қарқынды дамуы, жаһандық экономиканың терең трансформациясы және халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл мәселелері бар.

Тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған реформаларға ерекше назар аударылды.

Атап айтқанда, инвесторлар үшін тартымды жағдайлар жасалып жатқаны атап өтілді. Ынталандыру шараларының пакеті қарастырылған, экономикалық маңызы бар жобалар жеке қаралатын Инвестициялық штаб құрылған. Көші-қон саясаты түбегейлі қайта қаралуда. Ол елде қолайлы болу жағдайларын қалыптастыруға бағытталған.

Негізгі екпін заң үстемдігін қамтамасыз етуге және бизнес үшін әділ, тұрақты әрі түсінікті «ойын ережелерін» қалыптастыруға бағытталған шараларға жасалды.

Әсет Ерғалиев экономиканы либерализациялау шараларына да жеке тоқталды. Олар бәсекелестікті дамытуға, соның ішінде мемлекеттің үлесін қысқарту арқылы, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді азайту және реттеуді жеңілдету арқылы бизнес жүргізу жағдайларын жақсартуға бағытталған.

Бұл бағытта Қазақстан цифрлық құралдар мен жасанды интеллект технологияларын белсенді қолданып отырда. Бірегей ақпараттық жүйе әзірленіп, оны енгізу артық реттеуді жойып, бизнес жүргізу тиімділігін арттырады.

Сондай-ақ цифрлық қаржы құралдарын дамытуға, соның ішінде цифрлық теңгені енгізуге және ақша-несие саясатын жетілдіруге назар аударылды. Бұл құралдардың қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттырудағы рөлі атап өтілді.

Сөзін қорытындылай келе, Әсет Ерғалиев Қазақстан кешенді трансформация жүргізіп жатқанын, оның аясында халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық негізгі бағыттардың бірі екенін ерекше атап өтті.

Өз кезегінде, дөңгелек үстел қатысушылары жүргізіліп жатқан өзгерістердің жүйелі сипатын атап өтіп, реформалардың сапасына назар аударды. Бұл реформалар сенімді нығайтып, ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ықпал етеді.

Еске сала кетейік, биылғы жылдың қаңтар айында Әсет Ерғалиев халықаралық қаржы ұйымдарымен байланыс жөніндегі ұлттық үйлестіруші болып тағайындалды.

Өткен тоқсанда бұл бағыттағы жұмыстың жанданғанын байқауға болады. Атап айтқанда, Парламент Серіктестік жөніндегі негіздемелік келісімді ратификациялады, 2026–2031 жылдарға арналған Елдік серіктестік стратегиясы бойынша консультациялар өткізілді, сондай-ақ инвестициялық бастамаларды ілгерілету және уақтылы іске асыруға бағытталған бірқатар келісімдерге қол қойылды.

Осындай дөңгелек үстелді Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тобының Көктемгі кездесулері алаңында өткізу елге өзінің реформалар күн тәртібін ішкі үдерістен халықаралық деңгейде мойындалған және қолдау тапқан бағытқа айналдыруға мүмкіндік береді. Бұл жай ғана таныстырылым емес, сенім қалыптастыратын, беделді арттыратын және инвестициялар мен серіктестіктерге, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарының құралдарына тікелей қол жеткізуді қамтамасыз ететін қуатты сигнал. Бұл елдің өзін жаһандық экономикада болжамды әрі жауапты қатысушы ретінде бекітуімен түсіндіріледі, ал реформалар тек сыртқы мойындауға ие болып қана қоймай, тұрақты экономикалық өсімге нақты серпін береді.

Осыған дейін Қазақстанның Дүниежүзілік банкке тұрақты экономикалық өсу жөніндегі конференция өткізуді ұсынғаны туралы жаздық.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Сәуір 2026 17:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see146

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see142

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see138

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see138

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see137

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see131

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see129

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see127

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see124

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see119

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see119

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see119

Қазақстан мен Бельгия бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытады

12 Қазан 2026 17:49see110

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see108

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see107

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see107

Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев WTT Youth Smash турнирінде күміс медальға ие болды

12 Қазан 2026 18:37see104

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see104

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары