Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қазақы болмыстың қоңыр үні

Қазақы болмыстың қоңыр үні

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйы­мының сахнасында қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Сәлем саған, туған ел» атты музыкалық кеш өтті.

Композитордың туған күнімен тұспа-тұс ұйымдастырылған кештің рәміздік мәні ерекше. Бұл – уақыт пен өнер тоғысқан, бір дәуірдің үніне айналған композиторға көрсетілген елдік құрмет, рухани тағзым. Залға жиналған көрермен қауым сазгер шығармашылығымен қайта қауышып, қайталанбас әндері арқылы өткен жыл­дардың естелігін жаңғыртты.

Кеш шымылдығы түрілген сәтте зал ішін ерекше толқу кернеді. Сахнадан төгілген алғашқы аккордтардың өзі-ақ көрерменді композитор әлеміне жетелеп әкетті. Әр шығарма – бір тағдыр, бір кезең, бір буынның жүрек лүпілі іспетті. Кеңес Дүйсекеевтің сазы – қазақы болмыстың қоңыр үні. Онда кең даланың тынысы, сағыныштың сазы, махаббаттың мөлдірлігі, азаматтық ойдың салмағы бар.

Кештің рухани өзегіне айналған «Сәлем саған, туған ел» әні – елге деген перзенттік сезімнің музыкалық манифесі. Ән шырқалған сәтте көрерменнің көңілі көкжиекке самғап, туған жердің топырақ иісі мен кең даланың самалы сезілгендей болды. Әуен мен сөз астасып, ұлттық рухты асқақтатқан бұл туынды мерейтойлық концерттің шынайы жүрегіне айналды.

«Ойлайсың ба, жаным», «Ғашықтар жыры» секілді лирикалық әндер адам жанының ең нәзік пернелерін дөп басты. Аталған туындыларда махаббат пафос емес, шынайы сезім ретінде сөйлейді. «Өкінбе сен» – қарапайым әуен арқылы өмір философиясын жеткізген ойлы шығарма. Ал «Қарағым-ай» мен «Анаға хат» орындалғанда залда көз жасын тыя алмағандар болды. Өйткені бұл әндер – әр қазақтың жүрегіндегі сағыныштың, перзенттік борыштың, аналық мейірімнің сазға айналған сыры.

Кештің көркемдік шыңы – «Домбыра туралы баллада» болды. Домбыра үні мен симфониялық оркестрдің кең тынысы үйлесіп, ұлттық дәстүр мен кәсіби музыканың жарасымды тоғысын көрсетті. Бұл – Дүйсекеев шығармашылығының бас­ты ерекшелігі: тамырын тереңнен тартқан ұлттық негіз бен заманауи му­зы­калық ойлау жүйесінің табиғи үндестігі.

Кешке қатысқан өнерпаздар шоғыры да мерейтойлық шараның мәртебесін айшықтады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Нұрлан Өнербаев, Құр­маш Махан, Алтынай Жорабаева, Ерлан Рысқали, Бауыржан Исаев бастаған ән­шілер композитор әндерін терең сезім­мен орындап, әр шығарманың мазмұ­нын жаңа қырынан ашты. Жас буын өкілдерінің қатысуы – сазгер мұрасының өміршеңдігін, ұрпақтар сабақтастығының үзілмегенін аңғартты.

Сонымен қатар «Saz&Soul» тобы, G-бэнд, «Gulder» ансамблі мен «Астана» эстрадалық симфониялық оркестрі де кешке айрықша серпін берді. Оркестрлік аранжировкалар арқылы композитордың кең тынысты ойы, формалық ізденісі, әуендік байлығы анық сезілді. Бұл кеш Дүйсекеевтің тек ән жанрының ғана емес, ірі музыкалық формалардың да шебері екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Расымен де, оның «Толғау» симфониясы, «Жалаңтөс батыр» симфониялық поэма-картинасы – тарихи жадыны жаңғыртқан сүбелі еңбектер.
«О, дүние» кантатасы мен «Жыл мез­гілдері» романстар циклі – филосо­фиялық тереңдік пен поэтикалық нәзіктік­тің көрінісі. «Мәди», «Аққу Жібек» мюзиклдері, «Алдар көсе» опереттасы – ұлттық сахналық музыканың дамуы­на теңдессіз үлес қосқан рухани қазына. Екі жүзден астам ән жазған композитордың шығармалары бүгінде қазақ музыкасының алтын қорына айналды.

Мерейтойлық кешке композитордың жары Баян мен ұлы Нұркен арнайы қонақ ретінде қатысты. Кеш соңында сахна төріне көтерілген өнерпаздар мен көрермендер бір сәттік тебіреніс пен рухани бірліктің көрінісін көрсетті. Айтулы музыкалық шара тек жеке тұлғаның мерейтойы емес, ұлттық өнердің үнемі жаңарып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын дәстүрінің де айқын айғағы болды.

Соңғы жаңалықтар

Асыл мұрамызды әлемге қалай танытамыз?

Руханият • Бүгін, 08:15

Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!

Олимпиада • Бүгін, 08:10

Өрнекпен өрілген өнер

Өнер • Бүгін, 08:05

«Ажалын жоғалтқан адамның» тұсауы кесілді

Басылым • Бүгін, 08:00

Іле Алатауы саябағында жабайы аң фототұзаққа түсіп қалды

Жануарлар • Кеше

Ұлытау облысында инвестициялық жобалар талқыланды

Инвестиция • Кеше

Жаңа Конституция – әр азаматтың құқығын мемлекеттің басты міндеті ретінде бекітетін құжат

Ата заң • Кеше

Риза Сүйіндік: Конституция – билік үшін емес, халық үшін жазылған негізгі заң

Ата заң • Кеше

Ұлытауда «Сағаттар сыры» көрмесі ашылды

Аймақтар • Кеше

Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңін алты медальмен аяқтады

Спорт • Кеше

Қызылордада Қорқыт ата университетінің ректоры таныстырылды

Аймақтар • Кеше

Абай ауданында дін мен дәстүрді сабақтастырған орталық ашылды

Дін • Кеше

Ибраһим келісімі Қазақстанға қандай пайда береді?

Саясат • Кеше

Еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындары жаңа Конституция жобасын қолдады

Ата заң • Кеше

Нұрлан Имам конституциялық реформа кезеңінде қазақстандықтарды бірлік пен жауапкершілікке шақырды

Ата заң • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:176
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Ақпан 2026 08:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары