Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

Абыройы асқақтаған аудан

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

Хирург брал деньги за операции, оплаченные государством дело дошло до суда

Қоңыр дауысы құлағымнан кетпейді

Қоңыр дауысы құлағымнан кетпейді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Көрнекті ақын Несіпбек Айтұлының өлеңдерін бала күнімнен құмартып оқыдым. Алайда айтулы тұлғаны ал­ғаш жүзбе-жүз бұрынғы Президент мәдениет орталығынан көр­дім. Онда мен «Мәдени мұра» журналында істеймін. Ол кісі де сонда қызмет атқарды. Кабинетіміз қатар орналасқан. Күнде сәлем беремін. Мінезі ашық, алды кең адам. Кейде бөл­ме­сіне ша­қырып, әңгімеге тартады. Жаңа өлеңдерін оқиды. Кейін С.Сейфуллин музейіне директор болып барды. Сонда қарама­ғын­да істедім. Осы жылдары ағалы-інілідей өте жақын араластым.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Әсіресе Несағаңмен бірге қа­зір­гі Абай облысына барған сапарым айрықша есімде қалды. Осы сапарда бұрын көрмеген ел мен жерді көріп, керемет әсер алдым. Ұлылар өлкесімен таныстым.

Астанадан жеке көлікпен шық­тық. Қасымызда жары Манат апай мен екі немересі бар. Алдымен Ар­қадағы табиғаты әсем өлкенің бірі – Қарқаралыға ат басын тіре­дік. Жаугершілік заманда осы өңірде қаза болған, Абы­лай хан­ның дәуірінде қол бас­таған қаһар­ман­дардың бірі Ша­ныш­қылы Бердіқожа батырға ұрпақтары ас берді. Соған қатыс­тық. Несағаң батырдың ерлігі туралы көлемді поэма жазған. Соны асқа жиналған қауым алдында оқыды.

Одан кейін ақынның бақытты балалық шағы өткен Шұбартауға бет алдық. Бұрын аудан орталығы болған Баршатас ауылы – қаншама танымал тұлғалар туған қасиетті мекеннің бірі. Тарихы да тым терең. Несіпбек аға жол бойы Шұбар­таудың әрбір шоқысы мен қы­ратының тарихына тоқта­лып, бұл жерде өмір сүрген ба­тырлар, билер, ақындар жайын­да әң­гі­ме­леді. Балалық шағы өткен ауы­лы туралы қызықты оқи­ға­лар­ды баяндады. Өзі білім алған Бар­шатас орта мектебінде Мұхтар Мағауин, Рымғали Нұрғали, Тө­лек Тілеуханов секілді қарымды қаламгерлер оқығанын жеткізді.

Сапарымыздың мақсаты – дауылпаз ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллинді көрген, Үржар ауданында тұратын қариямен кездесу. Сәкен атамыз 1934 жылы үгіт-насихат жұмысымен Үржар ауданына барып, осында сегіз ай тұрған. Мұнда келуіне сол кездегі Қазақ АССР-інде адвокат болып істеген Сапарғали Аманбеков пен Лепсі уезіне қарасты жер бөлімінің инс­пекторы Рамазан Мұхамеджанов есімді ел азаматтары ықпал жаса­ған. Ақын Үржарға келгенде ха­лық­­тың тұрмыс-тіршілігімен та­нысып, Лепсі уезіне қарасты Елтай, Мақаншы секілді ауылдар­ды аралаған. Несіпбек ағамен Үр­жарға тоқтағаннан кейін Сәкенді көзімен көрген, Бестерек ауылында тұратын Әйтікен Әбілқасым ақсақалға бардық. Орта бойлы, мығым денелі қарт екен. Сол кезде қа­рияның жасы сексеннің бел ортасында, денсаулығы тың, жүрісі ширақ. Жады мықты, кейде Сәкен өлеңдерін төгіп-төгіп жібереді.

«Сәкен Сейфуллин Үржарға келгенде мен жастан асқан сә­би­мін, – деп бастады сөзін қария. – Су тасып жатқан уақыт екен. Әуелі қайраткер Бай ата ауылының тұрғындарымен кездеседі. Жинал­ғандарға кеңес өкіметінің ел тұрмысын жақсартуға бағытталған іс-шаралары туралы айтады. «Біз келешекте іргелі елге айналамыз. Алдағы күніміз жарық болады. Ұрпағымыз бейбіт заманда өмір сүреді» деп жиналған қауымды бірлікке, татулыққа шақырып сөйлеген. Осы сәтте алдыңғы орында отырған шешем бесікте жатқан мені көтеріп, ақынға: «Батаңызды беріңіз», деп алып барады. Сәкен мені құшағына алып: «Еліміздің болашағы осы балалардың қолында», деп маған батасын беріпті. Анам марқұм «Сәкен ағамыз келбетті екен. Өңіне тіктеп қарай алмадым» деп айтатын. Одан кейін жұртқа әйгілі Әміре Қашаубаев ән шырқапты».

Бір өкініштісі, 1938 жылы Сәкен Сейфуллин ұсталғаннан кейін Үржарда онымен жақын сыйласқан, араласқан біраз адам түрмеге қамалған. Солар­дың ішінде ату жазасына кесілген аза­маттар да болған. Соның бірі – ақын, Үржарға келгенде сый-құр­мет көрсеткен Рамазан Мұхамеджанов.

Осы сапар барысында атақты Алакөлге барып 4-5 күн демалдық. Қасиетті көлге шомылып, күнге қыздырындық. Несағаң ерте тұ­рып, көл жағалап жүргенді жақсы көреді. Кейде мені ерте оятып алады. Екеуміз таңғы таза ауамен серуендеп жүреміз. Сонда армансыз әңгімелестік. Көбінесе әде­биетке келгенде қолдаған аға­ла­ры, қаламдас қатарластары туралы айтты. Жоғары оқу орнын бітір­геннен кейін «Балдырған» жур­налына қызметке алған балалар ақыны Мұзафар Әлімбаевтың аза­мат­тығы мен адамгершілігін сөз етті. Шығармаларының жазылуы жайында сыр шертті.

Әдебиетімізге 70-жылдары теңіздей буырқанған бір буын келді. Не­сіп­бек аға – осы буынның белді өкілі. Бұл толқын өте тегеурінді. Бүгін бәрі де көркем сөз өнерінің бір-бір бәйтерегіне айналған. Бір ғажабы, поэзия мұзбалағы Мұқағали Мақатаев көзі тірісінде бір ғана жас ақынға сәт-сапар тілеген. Ол – Н.Айтұлы. Шынында, Несағаңның ұлттық нақышты ойлы өлеңдерін қызығып оқисың. Өткен ғасырдағы 70-жылдардың ортасында жазған «Бас сүйектер» поэмасы ақынның ерекше қолтаңбасын танытты. Осы туынды сыншылар тарапынан да жоғары бағаланды. Арқалы ақын елордаға келгеннен кейін екінші тынысы ашылып, тәуелсіздік жолында құрбан болған ерен батырлар мен тұғы­лы тұлғалар туралы 40-қа жуық поэма жа­зды. Мұндағы барлық кейіп­кер бейнесі көркем кестелен­ген. Олардың қайталанбас образы, шығарманың шынайылығы, шұрайлы тілі оқырманды бірден баурап алады. Аудармаға да ат ізін салып, Шығыстың ұлы шайыры Әлішер Науаидың «Ескендір қорғаны», «Ләйлі-Мәжнүн» дастандары мен түріктің VІІ ғасырда өмір сүрген ұлы ақыны Жүніс Еміренің туын­дыларын тәржімалады. Өзі де осы ұлы ақындардан көп өнеге алды. Биіктеді. Балаларға арна­ған шығармаларының өзі – бір төбе. «Ән-домбыра», «Сарыарқа», «Дәурен-ай», «Арман», «Дариға, дәу­рен» секілді әнге жазған сөздері де құйылып түскен. Ән мәтіндерін классикалық деңгейге көтерді.

Көрнекті ақыннан газетке екі рет сұхбат алдым. Екеуі де елор­да­лық басылымда жарияланды. Сонда ол кісі қазақ ақындарының темірқазығы – Абай екенін, өзі де хакімді бала күнінен пір тұтып өскенін айтып еді.

«Абайды жасымнан жастанып оқыдым. Бірақ менің жан-дүниеме төңкеріс жасаған – Қасым Аманжолов. Қасымның бар­лық шығармасын бойыма сі­ңірдім. Кейін менің поэзияда бір­ден көтеріліп кетуіме шығыс­тың ұлы шайырларының бірі – Әлішер Науаидың дастандарын аударуым себеп болды. Әлішер – барлық түркі халқына ортақ ақын. Ол шығармаларын түрік, парсы тілінде жазған. Менің эпикалық жанрға батыл баруыма шығыс поэзиясы тыныс беріп, қанаттандырды», деді.

Несіпбек ағаның тағы бір ерек­шелігі – жастарға жанашыр еді. Қолы ашық болатын. Ештеңеден тартынып қалмайтын. Қаншама жасты музейге жұмысқа алып, қамқорлық көрсетті. Соның шет жағасын мен де көрдім. Міне, асыл ағаның арамыздан алыстағанына екі жылдан асып барады. Биыл көзі тірі болса 75 жасқа толып, мерейтойын атап өтуші еді. Алайда ақынның әлі күнге дейін кез келген ортаны үйіріп алатын үні, баладай риясыз күлкісі, кейде жоқ жер­ден бұртия қалатын мінезі, ашық-жарқын бейнесі көз алдымда сайрап тұр. Телефон шалғанда: «Азамат­жан, хал жақсы ма?», деп бірден танитын. Ардақты ағаның осы қоңыр дауысы құлағымнан кетпейді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қараша 2025 10:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

13 Шілде 2026 23:32see127

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

13 Шілде 2026 16:39see117

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

13 Шілде 2026 21:44see117

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

13 Шілде 2026 17:21see117

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

13 Шілде 2026 17:34see114

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

13 Шілде 2026 21:44see114

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

14 Шілде 2026 12:11see114

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

14 Шілде 2026 12:02see114

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

14 Шілде 2026 10:26see112

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

14 Шілде 2026 10:47see112

Абыройы асқақтаған аудан

14 Шілде 2026 05:01see112

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

13 Шілде 2026 23:42see111

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

14 Шілде 2026 20:34see111

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

14 Шілде 2026 19:22see110

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

14 Шілде 2026 10:08see110

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

14 Шілде 2026 00:28see110

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

15 Шілде 2026 00:18see109

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

14 Шілде 2026 14:34see109

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

14 Шілде 2026 17:32see108

Хирург брал деньги за операции, оплаченные государством дело дошло до суда

13 Шілде 2026 17:04see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары