Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Көктайғақ, тұман, боран: Астана мен 13 өңірде күн райына байланысты ескерту жарияланды

Жезқазғанда театр ғимараты өртенді

Биыл жазда егіс алқаптарындағы су тапшылығы 1 млрд текше метрге жетуі мүмкін

Pantone 2026 жылдың негізгі түсін атады фото

Қазақстан энергия тапшылығына ұрынған ел мәртебесінен қашан арылады министр жауабы

Қазақстан КТК арқылы мұнай экспортының жартысына жуығын жоғалтты

СҚО да қатты аязға байланысты жедел штаб жұмыс істеп жатыр

Тараз футбол клубы Премьер лигаға оралатын болды

Дохадағы турнир: қазақстандық тениисшілердің алғашқы қарсыластары белгілі болды

Құдағиымның сыйлығына рақмет : Жұлдыз Әбдікәрімованың анасы өзінің алғысын жеткізді (ФОТО)

БҚО да сальмонеллезбен ауырғандар саны екі еседен астамға өсті

KASE: доллар бағамы сәл қымбаттады

Ақтауда XXI ғасыр көшбасшысы cайысының аймақтық кезеңі қорытындыланды

Жапон иені құлдырады

Сұлтанның әпкесі Сирияға барып келген : Атыраудағы трагедияға күдіктінің әкесі ел естімеген жайтты айтты (ВИДЕО)

Шаруаларды алаңдатқан ахуал

Таяу Шығыстағы қызыл таң

Ресейлік комментатор қазақстандық жас хоккейшілерді дөрекі түрде балағаттады

Асылхан Асан фристайл акробатикадан әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

Әкесін ұрып өлтірген азаматқа прокурор 6 жыл 2 ай жаза сұрады

Ақынның ақтық дауысы

Ақынның ақтық дауысы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Мұқағали Мақатаевтың бұдан жарты ғасыр бұрын жазған «Райымбек, Райымбек!» дастанының толас­тар тұсы есіңізде ме? Бұл жыр шабысы бөлек, шабыты сұрапыл ақынның бүкіл шығармашылығының соңғы мақсұт мәресі сынды. Егерде Құдірет үкімі ақынға «соңғы сөзіңді айт!» десе, маған Мұқағали осы дастанның соңғы шумақтарын ұсынатындай көрінеді. 

Тобыл, Шу, Сыр мен Іле, Нұраға бар,

Арнасында наласы жылап ағар.

Қандай жаудың болса да қарауылы –

Қазақ байғұс

Қалқайып тұра қалар.

Өзіңнің тұрмағасын уысыңда,

Өз жерің өзіңе жат, құрысын да!..

Бұл туындының жазылғанына көп заман өтті. Ақын осылай жырлай келіп: «Жалғанның жартысындай мынау өлкең, кім білсін сорың ба, әлде ырысың ба?!» деп жалғайды. Осы шумақтарға сәл мән берген кісі дастанның жердей ауыр салмағын сезінеді. Ақынның:

«Ертіс, Есіл, Жайық, Жем, Сағызға бар,

Бəрібір, пана болмас ауызға алар.

Бəрібір, моңғол шапсын, жоңғар шапсын,

Əйтеу, қазақ алдымен бауыздалар, –

дегеннен-ақ, жаныңыз түршігіп, тітіркеніп кетеді. Дәп бір жақыныңды бауыздап жатқандай сезініп, мәтін астарындағы ойға одан ары үңіліп, ден қоя түсесіз.

Мұқағалидың «Райымбек, Райымбек!» поэмасы алғаш осыдан 45 жыл бұрын, 1981 жылы Бексұлтан Нұржекеев, Сәрсенбі Дәуітов сынды қаламгерлердің бастамасымен «Лениншіл жас» газетінде жарық көреді. Туындыға жанашырлық танытқан осы азаматтардың әбжіл қимылына бүгінде бек разымыз.

Поэма жарияланбас бұрын редактор газет атынан аннотация жазуға тапсырма береді. Сол сәтте дастанды бірінші болып Жанболат Аупбаев оқиды. Арада отыз жыл өткенде Жанболат ағамыз: «Райымбек, Райымбек!» поэмасын алғашқы оқыған сәтім әлі күнге дейін есімде. Маған поэма аяқталмай қалған шығарма сияқты болып көрінді» деп еске алады. Бірақ ол кісі «кейін қайта оқығанда» деп сөз жалғамайды. Жанболат ағамыз ғана емес, сол тұстағы оқыр­манның біразы дәл сондай әсерде болғаны байқалады. Сондықтан да «аяқталмаған шығарма» деген пікір оқырман ойына әбден орнығып қалған сияқты.

«Дастан туралы қырық жыл ішінде кім қандай сөз айтты екен» деп іздендік. Аз жазыпты. Көбі поэмадағы Райымбек батырдың монолог репликасын, бидің батырды сынауы мен оған таңданысын жазыпты. Жоғарыда мысалға алған шумақтар жайлы сөз еш жерде кезікпеді.

Поэманың аты «Райымбек, Райымбек!» болса да шығармада батыр жалдас күреңге екі рет қана мінеді. Біріншісі 13 жастағы бала батыр кезінде. Онда аламан бәйге шапқан үлкен аста өз атын ұрандап жұрт алдынан шауып өтеді:

Қызыңды сатып, қымызға мас боп жатыңдар,

Xалықпысыңдар?! Қазан аңдыған қатындар!

Қорқау қасқырдай бірісін-бірі талаған,

Бірісін-бірі тонаған, тозған пақырлар!

Бұл – батыр болар баланың топ алдына алғаш шығуы және он үш жастағы баланың (лайық келмесе де) халыққа қарап тұрып айтқан алғашқы сойқан сөзі.

Кейіпкеріміз бұдан кейін атқа барлық билер жиналып, Райымбектің талабын тыңдап, қауіпті тәсілмен сынайтын сәтте қонады.

Басын тартпас, «батыр» ғой несі кетсін,

Басын тартса сөз басқа, есі кетсін.

Toп ішінен таңдаған атын мініп,

Мына жатқан Ілені кесіп өтсін!

Он үш жасында өз атын ұрандаған Райымбек бұл қауіптен қайтпайды. Күреңнің бауырына түсіре қамыс теңдеп, иірімденіп ағып жатқан Ілеге қойып кетеді. Бұл көріністі суреттегенде Мұқағали ақындық деңгейінің, шабыт қуатының, суреткерлік шеберліктің не екенін көрсетіп-ақ көсіледі. Дастанда Райымбектің жасайтын негізгі ерлігі де сол – Ілені атпен кесіп өткені. Батыр қимылына тән басқа эпизод жоқ. Себебі ақынға жаттанды оқиға керек болмаған. Оған Райымбек батыр келбетін жасауда оның Қабай жырауға ақтаратын арманы, ашынған ширығуы, орасан зор мақсұты жайлы репликалары маңыздырақ көрінген. Ақынның мақсаты да сонша ауыр диалог, монологтерді бар қазақ білетін әйгілі батырға беріп сөйлету екені анық.

Сөйтіп, Ілені кесіп өткен Райымбектің ерлігі мен ептілігіне билер де бой ұсынады. Оны қолбасшы тағайындап, әрі қарай халыққа жар салып, сарбаз жинайды. Оқиға бітіп, бұдан кейінгі қалған 48 жол өлең бөлектенбей осы бөлімге жалғасып түседі. Асфальтта зулап келе жатқан көлік бұрылу белгісін қоспай-ақ жаңа жолға шығып кеткендей күйге түсесіз. Бастағанда-ақ, сапырып-төгілтіп келе жатқан дастанға кіріп кеткен оқырман «Райымбек қашан шайқасқа кірер екен, Қалмақтың басын қалай шабар екен?» деп отырғанда поэма бітіп қалады.

Шын мәнінде, ақын айтарын айтты. Сөз мұратына жетті. Енді көсіліп: «Сонда Бурыл гуледі. Табаны тасқа тимеді, Көлденең жатқан көктасты, Саз балшықтай иледі» деп өлең сөзді сапыру қолынан келіп тұрса да Мұқағали өйтпейді. Сол себепті де оқу мәдениеті батырлар жырымен қалыптасқан оқырман бір нәрсе жетпей қалғандай күйге түседі. Сөйтеді де кітапты оқиғасы үшін оқуға үйренген жұрт ақынның монологтері мен суреттеулерінің сыртынан өтіп, шеберлігіне ден қоя алмай келеді.

Мұқағали бұл дастанды жазуға ұзақ ойланудан кейін тәуекел еткен. Шығармадағы кейіпкерлері санау­лы, баяндалатыны бір үзік және екі шағын оқи­ға ғана. Сүйекті поэманың өзгешелігі сол – оның ауқым­ды бөлігі кейіпкердің диалогі, монологі мен автор­дың таусыла төккен толғанысына құрылған. Дастан­да екі кеңістік бар. Оның біріншісі мекенжайы «Жал­ғанның жартысындай мынау өлке» – тұтас қазақ даласы. Екіншісі – уақыт кеңістігі. Оның шекарасы бел­гісіз. Қайдан басталып, қай межеден аяқталғаны бұлыңғыр.

Ақын мекенжайды жырлағанда Ілемен шектеліп қалмай, күллі қазақ жеріндегі өзендерді тізіп шығады. Сөйтіп, уақыт кеңістігі бойынша бүкіл қазақ жерін қамтып, соғыстан «қажыған нар боздақтардың» аса қуатты «қара жаудан» жеңілісінен бастап, «өз жері өзіне жат» болған, «қандай жау келсе де нысана болып, қалқиып тұра беретін» қарсылыққа халі жоқ халықтың күйін дәл суреттеп берген. Демек дастан аяқталған. «Аяқталмай қалмаған». Ақын әдейі рух­тың қанын сорғалатып, ақ жұлыны қиыларға таяғанда жырын бұлқынтып, ышқынтып барып тоқтатқан.

Шығармада төрт кейіпкер және төрт топтық қатысушы суреттеледі. Кейіпкерлер образы қимылдан гөрі ащы монолог, диалогтермен ашылса, топтық қатысушылардың мінезі қимыл, қылық, әрекетпен бейнеленген. Шығармадағы төрт кейіпкер Қабай жырау, бала Райымбек, Түке және Әлмерек би. Ал төрт топ «Қара жау», «Қажыған ерлер», «Қара халық» және «Билер тобы».

Қайыру бермес екпіні қатты «Қара жауға» «қажы­ған нар боздақтардың» қауқарсыз қарсылығы, қан құс­қан жеңілісі жаныңды жауратады. Дастанда сурет­телетін шайқас осы ғана – он шақты шумақ. Қабай жырау мен бір ғана тұқым – бала аман қалады. Поэма­да бұдан басқа шайқас, соғыс жазылмаған. Одан соңғы көрініс Әулиеге мұң шағып, «Елді жеңіске жете­тініне сендіре алатын, халықты соңынан ертетін бір қазақ сұрап» жалынған Қабай жыраудың обра­зы­на жалғасады. Осы тұста оған он үш жастағы Райым­бек келіп, өзін таныстырады. Екеуінің арасында ауыр диалог айтылады. Үшінші кезеңдегі оқиға өзе­гін өкініш өртеген Түке мен қырғын көрген халық­тың тра­гедиясына ұласады. Қан құсқан жеңілісті ұмытып, ат шап­тырып, той тойлап жүрген халықты көреміз. Осы эпи­зодтағы бәйге сәтін ақын барынша тө­гілте суреттейді. Райымбек өз атын ұрандап сойқан шы­ғарады. Әлмерек би Түкені кемітеді. Би кекесінінің салмағы сонша, Түке күйіктен өліп кетеді. Автор келесі мазмұнда соңғы оқиғаны баяндамас бұрын Райым­бек­ті есейтіп, Қабай жыраумен қайта жолықтырады. Қарт жыраумен жас батырдың диалогі қоғамның – жалпы жұрттың тобырлық деңгейін ащы сынап, оқырманды поэмадағы айтар түпкілікті ойға қарай жетелей түседі. Соңғы оқиға «Бидің үйі» деп басталып, дастан кульминациясы Қабай жыраудан Райымбек батырдың жаумен соғысуға рұқсат сұрауына жол ашады.

Көркем әдебиеттің түпкі нысаны – адам. Шынайы адам образы кейіпкердің бөлекше бөгенайы, мінезі, өзіндік өзгеше артықшылығы, тіпті кемшілігі мен міні өмірдегідей суреттелгенде ғана ашылады. «Райымбек, Райымбек!» дастанын оқып болған соң, ол жердегі кейіпкерлер бейнесі оқыған адамның есінен кетпейді. Яғни ақын кейіпкерлер образын естен кетпес оқиға, ерекше мәнді монолог, табиғи, бірақ тосын диалогтер, таңғалдырар тапқыр суреттеулер арқылы сомдаған. Поэмасында автор осының бәрін жоқтан тауып, тамаша жасампаздықпен үйлестіріп, кейіпкерлерінің қайталанбас келбетін жасаған. Мәселен, дастанда Қабай жырау ақынның идеясын оқырманға өткізу үшін, ойларын ашу үшін таңдалған кейіпкер. Қабай жыраудың монологтері, Райымбек батырдың диалог репликалары мен қимыл-қозғалыстары, автордың толғаныстарымен тоғысады. Үшеуінің де айтар сөздері – бір деңгейде, бір пафоста. Дастандағы ең керемет бейне – Түке образы. Оны «Сонша күйгелек шалды күнде көріп жүрген қай кісі еді?» деп маңайыңнан іздейсің. Тағы бір керемет сомдалған бейне – Әлмерек би мен қазақтың билер институты. Бидің бәрі билік айтпайды. Бірақ бәрі де қамшысын тастап, қандай ұсынысы болса да ортаға сала алады. Шығарманы оқи отырып, кез келген бидің міндеті халықты соғысқа, қантөгіске итермеу екенін ұғасыз. Ол үшін төгіліп тұрған жырау­ды да тоқтатып, тиып тастайды.

«Барыңдар, əкеліңдер салға салып,

Сынайын сырттаныңды жауға салып».

Бастапқы шарт Ілені әрі-бері екі кесіп өту еді ғой. Бір кесіп ары өткенде-ақ, шешімін қайта қараған би Райымбек батырға сал жібереді.

Қайда барып, қалжырап жатар екен?!

Қандай сордың сортаңын татар екен?!

Көр болса да болса екен қазақ жері,

Қазақ жері болғасын – Атамекен.

Біз дастанды оқи бастағанда бастапқы шумақ­тардан-ақ тоқтап қалдық. Таспасы қыстырылып қалған магнитофонға ұқсап: «Көр болса да болсыншы қазақ жері» деген сөздің түріне қарап, қайталап, біраз отырдық. Бұрын естімеген сөз. Атамекенің болса да өз жерің болмай қалатын, ата мекеніңді «қазақ жері» деп айта алмай қалатын кез туады екен. Сондай кезді бастан өткізіп жатқандай күйге түстік.

«Дастанның композициясы да – тосын. Өйткені туынды құрылымы уақыт кеңістігімен шектелмеген. Тіпті шығармада Қабай жырау «қалмақ» деген атауды бір-ақ рет қолданады. Ал «моңғол, жоңғар» деген сөздер автордың ең соңғы толғанысында, онда да көп жаудың бірі ретінде ғана айтылады. Өзі қаптаған, аса күшті «қара жау» қайдан шықты деп ойлайсыз. Қызығы, оның қимылына қарасаң «үйреніскен жауға» – жоңғарға ұқсамайды.

– Ата, біздің өлкені қара жаулар шаппады,

Жауларына біздің ел сəйгүлігін баптады.

Қойын сойып, қолдарын қусырды да, сорлылар,

Аяғына бас ұрды, бірі садақ тартпады.

Тартпаған соң олар да əуреленіп жатпады,

Алды-дағы аларын, белімізден аттады.

Бізге бұл жерде ақын қиялы ұлттың өз жеріне иелік құқы жойылған, әскерсізденген, қарусызданған, малын сыпырып айдап кетіп, миллиондап аштан қырылатын кезеңді жырлап тұрғандай көрінді. Поэманы оқып отырғанда осындай тосын шумақтарға шалынып тоқтап, сансыз сұрақтар көбейе түсті.

«Лениншіл жастағы» аннотацияда Райымбек батырдың Қангелді атасы 1733 жыл Россияға қосылуға хат жазғаны айтылып, «кең ауқымда жазылмақ болған шығарманың» «тар ауқымда» жазылғаны туралы баяндалады. Поэманы жариялаушылар туындының мән-мақсұтын, айтар ойын айнытпай танып, осындай аннотация арқылы шығарманы ешқандай цензураға ұшыратпай, оның «аяқталмаған шығарма» екеніне жұртты сендіргендей көрінеді.

Әйтпесе, Райымбек батыр монологінде:

«Қарап тұрса сол жауы іргесінде,

Қарап тұрса сол жаудың түрмесінде»

деген сөздері арқылы Мұқағалидың кімдерді меңзеп отырғанын аңғару қиын емес. Бұдан «жәннатын жамсатып жауы» кеп орнығып алып, «Ресейге өз еркімен қосылған қуанышын» тойлап, өз жерін «менің жерім» дей алмай отырған «қаңқасы қалқиып тұрған» Қазақстанды көреміз.

Иә, рас. «Жоңғар» шапты дейтін тарихи ұғым бар. Ақын «қара жау» шапты деген сөзді қайдан алды? Айтып отырса, біз, «қақпамызды жаппаппыз, қарсы садақ тартпаппыз, асымызды ұсынып, сәйгүлігін баптаппыз. Оларға қосылып тұнығымызды бірге лайлаппыз».

Шындығында біз жоңғарға қарсы тұрдық. «Үйреніскен жау атысқанға жақсы» деп атысып отырып, жерімізден қуып шығып, шекарамызды Қытай империясына тіреп тастағанбыз. Ендеше, қаптап келгенде қалың қазақ қарсылықсыз қарсы алған «қара жау» кім? Қарсы болған азғантай тобы қан-қақсап қалған, тұнығыңды лайлап таптап келген, өз жеріңді өзіңе жат қылған, өз жеріңде түрме салып өзіңді қамаған «қара жау» кім?! «Қара шекпенділерді» еске түсірмей ме?

«Қауқары жоқ қайран жұрт, қайран халық,

Сайран салып жатушы ең, жайлау барып.

Опат болып, ақ ордаң ойрандалып,

Қара жауың əкеліп қара қайғы,

Тас уатты-ау төбеңе тайраң қағып.

Аңырауды доғарып, аттан қазақ!

Алты жасар ұлыңды майданға алып».

Бұл – поэманың бастауындағы 6-шумақ. Жапырып кетерін білсе де жауға қарсы шапқан ауыл. Қайдан екенін білмеймін, осыны оқып отырғанда Мұқағали ақынның ауылында болған Қарқара көтерілісі ойыма оралады.

Қысқарта айтқанда, «Райымбек, Райымбек!» поэ­масы – қазақ жерінің тұтастығының рухы! Райымбек ұраны – ұлттың еркіндік ұраны! Өзегін өкініш өртеп, аузынан ақ жалын атып, жанып бара жатқан ақынның өлеңін танығанда «әттең-ай» дейсің! Әттең-ай, енді бір он бес-ақ жыл жүре тұрғанда азаттық таңын көрер еді дейсің!

Алмас АХМЕТБЕКҰЛЫ,

ақын 

Соңғы жаңалықтар

Ақынның ақтық дауысы

Әдебиет • Бүгін, 08:50

Офтальмолог

Ғылым • Бүгін, 08:45

Жүкті әйелдерге арналған пансионат

Аймақтар • Бүгін, 08:43

Түнгі клубтар тәртіпке бағынбай тұр

Құқық • Бүгін, 08:40

Жан азабы

Әдебиет • Бүгін, 08:38

Қылмыс саны азайып келеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:35

Қоғамның мейірімін арттырған қор

Қоғам • Бүгін, 08:30

Райымбек БАТАЛОВ: Басты миссиямыз – кәсіпкерлердің мүддесін қорғау

Экономика • Бүгін, 08:25

Сыр – Алаштың анасы

Пікір • Бүгін, 08:20

Өнертабыс ел қажетіне жарасын десек...

Пікір • Бүгін, 08:18

Ырысты өңір, берекелі аудан

Аймақтар • Бүгін, 08:15

Күн панелін шығаратын желі

Ғылым • Бүгін, 08:12

Балаларға қамқорлық: іргелі іс-шаралардың нәтижесі

Балалар • Бүгін, 08:10

ЕАЭО-да өнімді бақылау ережесінің өзгерістері ратификацияланды

Үкімет • Бүгін, 08:05

Қайтқан қаражат – халық игілігіне

Қаржы • Бүгін, 08:00

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:75
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қаңтар 2026 08:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Көктайғақ, тұман, боран: Астана мен 13 өңірде күн райына байланысты ескерту жарияланды

13 Қаңтар 2026 22:38see112

Жезқазғанда театр ғимараты өртенді

14 Қаңтар 2026 00:03see112

Биыл жазда егіс алқаптарындағы су тапшылығы 1 млрд текше метрге жетуі мүмкін

13 Қаңтар 2026 12:00see112

Pantone 2026 жылдың негізгі түсін атады фото

13 Қаңтар 2026 19:31see108

Қазақстан энергия тапшылығына ұрынған ел мәртебесінен қашан арылады министр жауабы

14 Қаңтар 2026 17:55see107

Қазақстан КТК арқылы мұнай экспортының жартысына жуығын жоғалтты

13 Қаңтар 2026 12:45see107

СҚО да қатты аязға байланысты жедел штаб жұмыс істеп жатыр

14 Қаңтар 2026 16:02see106

Тараз футбол клубы Премьер лигаға оралатын болды

13 Қаңтар 2026 10:10see106

Дохадағы турнир: қазақстандық тениисшілердің алғашқы қарсыластары белгілі болды

13 Қаңтар 2026 14:38see106

Құдағиымның сыйлығына рақмет : Жұлдыз Әбдікәрімованың анасы өзінің алғысын жеткізді (ФОТО)

13 Қаңтар 2026 17:26see106

БҚО да сальмонеллезбен ауырғандар саны екі еседен астамға өсті

13 Қаңтар 2026 14:38see106

KASE: доллар бағамы сәл қымбаттады

14 Қаңтар 2026 16:02see106

Ақтауда XXI ғасыр көшбасшысы cайысының аймақтық кезеңі қорытындыланды

13 Қаңтар 2026 14:25see105

Жапон иені құлдырады

13 Қаңтар 2026 21:11see105

Сұлтанның әпкесі Сирияға барып келген : Атыраудағы трагедияға күдіктінің әкесі ел естімеген жайтты айтты (ВИДЕО)

14 Қаңтар 2026 10:03see104

Шаруаларды алаңдатқан ахуал

14 Қаңтар 2026 09:18see104

Таяу Шығыстағы қызыл таң

15 Қаңтар 2026 05:30see104

Ресейлік комментатор қазақстандық жас хоккейшілерді дөрекі түрде балағаттады

13 Қаңтар 2026 15:50see104

Асылхан Асан фристайл акробатикадан әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

13 Қаңтар 2026 12:00see104

Әкесін ұрып өлтірген азаматқа прокурор 6 жыл 2 ай жаза сұрады

14 Қаңтар 2026 22:38see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары