Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Ұлттық болмыстың көркем кеңістігі

Ұлттық болмыстың көркем кеңістігі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Бұл жинаққа енген өлеңдер мен поэ­малар қазақ руханиятының терең қа­баттарынан нәр алған. Ақын шығарма­шылығының басты ерекшелігі – ұлттық болмысты заманауи ойлау кеңістігімен сабақтастыра білуінде. Оның жырларынан қазақтың тарихи жады, халықтық мінезі, туған жерге деген сүйіспеншілігі, ұлт тағдырына деген жауапкершілік сезімі мен адам болмысының мәңгілік сауалдары көрініс табады.

Қасымхан Бегманов поэзиясында сөз сыртқы әсемдік үшін қолданылмайды. Ақын әрбір поэтикалық бейнені белгілі бір рухани мағынаға бағындырады. Сондықтан оның шығармаларында қазақтың дәстүрлі дүниетанымы мен қазіргі заман адамының жан әлемі өзара сабақтасып жатады. Бұл қасиет нағыз көркем әдебиеттің басты өлшемдерінің бірі болып табылады.

Жинақтағы поэмалар ұлттық әдебие­ті­міздегі тарихи сананы жаңғыртуға бағыт­талған көркем туындылар ретінде баға­лануға лайық. Ақын тарихты құр дерек ретінде қабылдамайды, оны рухани тә­жірибе ретінде зерделейді. Тарихи тұл­ғалардың тағдыры арқылы ұлттық мінез­дің, халықтық рухтың және уақыт пен адам қатынасының күрделі мәселе­ле­рін көтереді. Бұл тұрғыдан алғанда
Қа­сымхан Бегманов поэзиясы тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ әдебиетінің идеялық-эстетикалық ізденістеріне өзіндік үлес қосқан шығармашылық құбылыс деп бағалануға тиіс.

Ақынның көркемдік әлемінде Абай тұлғасының алар орны ерекше. Жинақтың 190-191 беттерінде берілген «Абай» атты өлеңі осының жарқын дәлелі. Бұл шығарма – ұлы ақынға арналған кезекті мадақ жыры емес. Өлеңнің негізгі өзегі – Абайды тану мәселесі. Мен өзімнің «Абай және Тәкен» атты зерттеуімде Абайды ақындық деңгеймен ғана шектеуге болмайтынын, оның ең алдымен пассионарлық тұлғасын,  тұтас қазақ әдебиетіне реформа жасаған, қазақ поэзиясын мүлдем жаңа көркемдік деңгейге көтерген ұлы гумманист ақын ретіндегі тарихи миссиясына терең мән берген едім. Қасымхан Бегмановтың поэ­зиясы осы танымға жақын келеді.

Өлеңнің алғашқы шумақтарынан-ақ лирикалық кейіпкердің Абай әлемінің алдында таңданысы мен дәрменсіздігі байқалады:

«Жолайрықта тұрмыз біз,

Шетін сезіп сырыңның.

Түсіне алмай жүрміз біз,

Қалтарысын жырыңның».

Мұнда ақын Абайды толық танып болдық деген үстірт пікірден аулақ. Керісінше, Абай әлемінің шексіздігін мо­йындайды. Бұл – хакімді тануға ұмтылған адамның рухани қалпы. Абайды оқу бір басқа да, оны ұғыну мүлде басқа мәселе екенін ақын сезінеді.

Өлеңнің келесі тармақтарында Абай сөзі рухани қуаттың, ұлттық сананың қайнар көзі ретінде көрінеді:

«Алыс кеттік қиырлап,

Сан қайталап сөзіңді.

Жүріп-жүріп шиырлап,

Қайта таптық өзіңді».

Бұл жолдар тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ қоғамының рухани ізденістерін де бейнелейді. Қанша жерден түрлі идеологиялар мен құндылықтар ықпалына түскенімізбен, ақыр соңында Абайға қайта оралуымыз заңдылық екені көркем жинақталған. Өйткені Абай – қазақтың рухани темірқазығы.

Өлеңнің философиялық салмағы ерекше байқалатын шумақтардың бірі:

«Түйсік пенен сананың,

Шырмауынан шыға алмай.

Тәңірідей дананың,

Нұрын жұттық, ұға алмай».

Мұнда Абайдың даналығы метафизика­лық биіктікке көтерілген. Ақын оны қа­рапайым тарихи тұлға ретінде емес, ха­лықтың рухани кеңістігін жарықтандырып тұрған ұлы құбылыс деңгейінде бейнелейді. «Нұрын жұттық, ұға алмай» деген жолдар Абай феноменінің уақыт өткен сайын тереңдей түсетінін аңғартады.

Өлеңнің ең сәтті тұстарының бірі – Абайдың ұлттық болмыспен тұтастықта берілуі:

«Жабырқаған жұртымның,

Соғып тұрған жүрегі.

Қабырғалы ұлтымның,

Рухани тірегі».

Бұл жерде ақын Абайды жеке тұлға шеңберінен шығарып, ұлттың рухани өзегіне айналған құбылыс ретінде көр­сетеді. Шынында да, Абай – қазақтың әдебиеті ғана емес, оның ойлау мәдениеті, дүниетанымы, адам туралы түсінігі.

Өлеңнің финалдық түйіні де өте сәтті:

«Абай деген аяулым,

Ақыл-ойы қазақтың».

Осы бір қысқа ғана жолдарда үлкен пәлсапалық тұжырым бар. Абай – қазақтың ақыны ғана емес, қазақтың ақыл-ойының жинақталған көрінісі. Ұлттың рухани эволюциясы мен интеллектуалдық дамуының рәмізі.

Қасымхан Бегмановтың бұл өлеңі абайтанудың поэзия тіліндегі көркем көрінісі деп бағалануға әбден лайық. Мұнда сыртқы пафос жоқ, шынайы танымдық ізденіс бар. Сондықтан шығарма оқырманды Абайды тағы бір мәрте жаңаша пайымдауға жетелейді.

Бұл кітап – ақынның ұзақ жылдар бойы жинақталған шығармашылық із­денісінің, өмір тәжірибесінің, азаматтық ұстанымы мен рухани дүниесінің айқын кө­рінісі екенін жоғарыда да айттым. Қазір­гі қазақ поэзиясында өзіндік үні, өзін­дік қолтаңбасы қалыптасқан Қасымхан Бег­мановтың бұл жинағы оқырманды терең ойға жетелейтін, адам болмысының сан алуан қырларын ойлы тұрғыдан зерделейтін құнды еңбек деп есептеймін.

Поэзия – тек сөз өнері ғана емес, ол – адам мен қоғамның, уақыт пен кеңістіктің, рух пен болмыстың арасындағы байланысты танытатын рухани құбылыс. Осы тұрғыдан келгенде Қасымхан поэ­зиясында терең ой, сырлы сезім және азаматтық жауапкершілік қатар өріліп жатады. Ақынның әрбір өлеңінен өмірге деген байыпты көзқарас, заманға деген алаңдаушылық, адам тағдырына деген жанашырлық анық байқалады.

Жинақтағы «Неткен қайғы, неткен мұң» атты жыр мені ерекше толғандырды. Бұл өлеңді оқығанда ақынның жай ғана мұң туралы емес, адамзаттық деңгейдегі рухани дағдарыс туралы сөз қозғап отырғанын аңғардым. Қазіргі қоғамда материалдық құндылықтар алдыңғы орынға шығып, рухани әлем кейінге ығысып бара жатқандай әсер қалдырады. Осындай жағдайда ақын жүрегіндегі мұң – жеке адамның мұңы емес, ұлттың мұңы, заманның мұңы. Өлеңнің терең ойлы қуаты да осында. Ақын өмірдің өткіншілігін, адам жанының жалғыздығын, уақыттың қатал заңдылығын терең толғай отырып, оқырманын ойлану­ға мәжбүр етеді. Бұл туындыдан мен ақынның азаматтық тұлғасын, оның қоғам алдындағы жауапкершілігін анық көрдім.

Сондай-ақ кітаптағы «Жолдар» атты жырдың көтерген жүгі де ауыр. Қазақ дүниетанымында жол ұғымының мәні ерекше. Жол – адамның тағдыры, өмір сапары, ізденісі мен мұраты. Ақын осы ұғымды көркемдік әрі терең ой тұрғысынан аша білген. Өмір жолының бұралаңдары, адам таңдайтын бағыттар, кездесетін қиын­дықтар мен сындар арқылы ақын тұтас адам болмысын бейнелейді. Бұл өлеңде терең ой мен көркем бейне үйлесім тапқан.

Ал «Мына дүние көктем сайын көктей­ді» атты жырдан табиғат пен адам арасындағы мәңгі үндестікті көреміз. Көктемнің келуі, тіршіліктің жаңаруы – табиғат заңдылығы. Бірақ ақын осы құбылысты жай суреттеп қана қоймайды, оны адам өмірімен, үмітпен, сеніммен байланыстырады. Қанша қиындық көрсе де, адам баласы үмітін жоғалтпауы керек деген ой туындайды. Өйткені табиғаттың өзі жаңарудың, жасампаздықтың үлгісі.

«Бейіттерге қонды тағы кептерлер» жыры да көңіліме ерекше қонды. Бұл шы­ғармада ақын өмір мен өлім мәсе­лесін үлкен ой кеңістігінде қозғайды. Бейіт ба­сына қонған кептер бейнесі арқылы уа­қыттың тоқтаусыз қозғалысы, ұрпақтар са­бақтастығы, адам ғұмырының шектеулілігі туралы ойлар өрбиді. Өлеңде терең мұң бар, бірақ ол шарасыздықтың мұңы емес. Ол – адамды ізгілікке, өткенді ұмытпауға, өмірдің қадірін түсінуге шақыратын парасатты мұң.

«Төрт мезгіл» атты жыр-толғау да ақынның терең ойлау жүйесін айқын көрсетеді. Табиғаттағы төрт мезгілді адам өмірінің төрт кезеңімен сабақтастыра отырып, Қасымхан өмірдің мәнін, уақыттың қадірін, адамның дүниеге келуі мен кетуі арасындағы рухани сапарын көркем бейнелейді. Мұндай ойлар қазақ поэзиясындағы дәстүрлі дүниетаныммен астасып жатыр. Сонымен бірге ақын оған заманауи мазмұн дарыта алған.

Жалпы, осы жинақтағы көптеген өлеңді оқи отырып, мен бір нәрсеге анық көз жеткіздім: Қасымхан Бегманов – ойшыл ақын. Оның жырларында терең пайым мен азаматтық үн қатар жүреді. Ол қоғамда болып жатқан құбылыстарға сырттай бақылаушы ретінде қарамайды. Қайта сол қоғамның тағдырына алаңдайтын, рухани құндылықтардың әлсіреуіне күйінетін, ұлттық сананың беріктігін қалайтын ақын ретінде көрінеді.

Меніңше, бұл кітаптағы ойлар мен терең астарлар – бүгінгі қоғамға ақын Қасымханның ішкі дабылы. Оның жанайқайы. Оның ұлт тағдырына деген алаң көңілі. Ақын жырларындағы терең тол­ғаныстардың түпкі мақсаты – адамды ойландыру, рухани серпілту, ар мен ұж­данның алдындағы жауапкершілікті сезін­діру. Сондықтан «Құланиек, құба таң» жи­нағы бүгінгі ұлт поэзиясының көркемдік жетістігі ғана емес, ұлттық руханиятқа қосылған маңызды үлес деп бағалаймын.

Қасымхан Бегмановтың бұл таңдаулы жыр жинағы оқырманын бейжай қалдыр­майды. Ол әркімді өз өміріне, өз заманына, өз болмысына үңілуге шақырады. Нағыз поэзияның міндеті де осы. Осы қасиетімен бұл кітаптың рухани құндылығы жоғары, тағылымдық маңызы зор деп есептеймін.

Жалпы алғанда, «Құланиек, құба таң» жыр кітабы – көркемдік, рухани және философиялық ізденістерді бо­йына жинақтаған маңызды таңдамалы. Бұл жинақта ұлттық поэзияның дәстүрі мен жаңашылдығы, тарихи сана мен заманауи көзқарас, азаматтық үн мен көркемдік шеберлік табиғи үйлесім тапқан.

Осыдан мың бір жүз жыл бұрын өмір сүрген ойшыл бабамыз Әбу Насыр әл-Фарабидің «Өлең өнерінің қағидалары туралы» трактатында баяндалған поэ­зия өлшемдері мен хакім Абайдың жыр кәусарынан нәр алған Қасымхан Бегманов жырлары жоғары бағалануға әбден лайық.

Қасымхан Бегманов – қазіргі көркем әдебиет деңгейін танытатын көрнекті ақын. Оның «Құлан иек, құба таң» атты таңдамалы жыр кітабы әдебиетіміздің тарихи-танымдық, көркемдік, стильдік дамуына қосылған елеулі үлес және Абай атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына әбден лайық шығарма деп есептейміз.

Қансейіт ӘБДЕЗҰЛЫ,

филология ғылымдарының докторы, профессор

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Шілде 2026 09:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see133

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see129

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see128

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see120

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see117

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see116

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see115

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see114

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

15 Қазан 2026 14:35see113

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see113

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see113

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see113

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see113

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see112

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see112

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see112

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

15 Қазан 2026 05:21see111

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

16 Қазан 2026 23:08see111

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

15 Қазан 2026 13:57see110

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

16 Қазан 2026 17:11see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары