Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

QazTech арқылы 1 сыныпқа 100 мыңнан астам өтініш түсті

QazTech арқылы 1 сыныпқа 100 мыңнан астам өтініш түсті

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Фото: freepik.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрлық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында, сондай-ақ Цифрландыру және жасанды интеллект жылы шеңберінде бірінші сыныпқа өтініш қабылдау мемлекеттік қызметі OQU білім беру платформасына (oqu.edu.kz) көшірілді.

Аталған қызметті OQU платформасына көшіру Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде жүзеге асырылды. Жобаны іске асыруға «Қазақтелеком» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қатысты.

Жоба балаларды мектепке қабылдау рәсімін жеңілдетуге, білім беру ұйымдарына түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға және бірыңғай цифрлық білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Бұрын қабылдау науқаны кезінде жүктеме артқан сәттерде инфрақұрылымдық шектеулер туындап, қызметтің қолжетімділігі мен ыңғайлылығына әсер ететін. Бірлескен жұмыс нәтижесінде қызметтің архитектурасы жаңартылып, өңірлер бойынша кезең-кезеңімен іске қосу енгізілді. Бұл жүктемені тең бөлуді және жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз етті.

Жоба 27 мамырда Астана қаласында, Абай және Жетісу облыстарында, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында басталды. 10 маусымда Алматы қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында өтініш қабылдау іске қосылды. Қазіргі таңда OQU платформасы арқылы бірінші сыныпқа қабылдау үшін 105 мыңнан астам өтініш берілді.

Жобаның өзегінде мемлекеттік цифрлық сервистердің ауқымдылығын, тұрақтылығын және істен шығуға төзімділігін қамтамасыз ететін QazTech платформасы жатыр. Іске қосар алдында жүйеге кешенді жүктемелік сынақтар жүргізіліп, оның жаппай өтініш қабылдауға дайын екені расталды.

Ата-аналар үшін өтініш беру рәсімі айтарлықтай жеңілдеді. Авторизация eGov инфрақұрылымы арқылы ЭЦҚ, eGov QR немесе логин мен құпиясөз көмегімен жүзеге асады. Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен біріктіру нәтижесінде бала мен ата-ана туралы деректердің басым бөлігі автоматты түрде жүктеледі, құжаттарды қолмен тіркеу қажеттілігі жойылды. Пайдаланушы мектепті таңдап, өтінішті жолдайды. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қаралады, нәтиже Жеке кабинетке және SMS арқылы жіберіледі.

Білім беру ұйымдары үшін де өтініштерді өңдеу үдерісі жеңілдетілді. Деректерді тексеру уақыты қысқарып, қайталанатын әрекеттер алынып тасталды, ата-аналармен өзара іс-қимылдың бірыңғай цифрлық ортасы қалыптасты.

«Бірінші сыныпқа қабылдау өтініштері әрдайым ең жоғары жүктемеге ие қызметтердің бірі болды, жүйелік іркілістер мәселесі жылдар бойы шешілмей келді. Қазір бұл мәселе архитектура деңгейінде толық жойылды. QazTech платформасы мен мемлекеттік жүйелермен терең интеграция – білім беру саласындағы өзге де мемлекеттік қызметтерді көшірудің үлгісі болады», – деді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев. 

Қызметті кезең-кезеңімен іске қосу және қабылдау науқанының басталу мерзімін өзгерту ақпараттық жүйелер мен білім беру ұйымдарына түсетін жүктемені біркелкі бөлуге мүмкіндік берді.

«Алдыңғы жылдары бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде басталып, оқу үдерісімен қатар жүретін. Бұл кезеңде мектептер бір уақытта әрі оқу процесін жүргізіп, әрі ата-аналардың өтініштерін қабылдайтын. Білім беру ұйымдарына түсетін қосымша жүктемені азайту үшін Оқу-ағарту министрлігі қабылдау науқанының басталуын 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл мектептердің жұмысын тиімді ұйымдастыруға және балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үдерісін сапалы жүргізуге мүмкіндік берді», – деді Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова. 

OQU платформасында қызметті іске қосу білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді бірыңғай цифрлық ортаға кезең-кезеңімен көшірудің бір бөлігі саналады.

Оқу-ағарту министрлігі OQU білім беру платформасын одан әрі дамытуды жалғастыруда. Алдағы уақытта платформа баланың балабақшадан бастап колледжге дейінгі толық білім алу кезеңін қамтиды.

Өтінішті oqu.edu.kz порталы арқылы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы беруге болады.

Бүгін, 09:31

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:98
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Маусым 2026 12:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары