Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Қазақстан мен Бельгия бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытады

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Кофені көп ішсе, не болады?

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев WTT Youth Smash турнирінде күміс медальға ие болды

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

ҚазҰУ дағы ескі телестудия жаңа келбетке енді

ҚазҰУ дағы ескі телестудия жаңа келбетке енді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Профессор Марат Барманқұловтың қызы Алуа Барманқұлова телестудияға жыл сайын келетінін, бірақ бұл жолы жаңарған студияны танымай қалғанын айтты. 

– Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті жыл сайын әкемнің туған күнін «Барманқұлов оқуларымен» атап өтеді. Әр жолы отбасымыздың бір мүшесін арнайы шақырады. Бізді ұмытпай, әрдайым құрметпен шақыратынына ризамыз. Ал телестудияның қазіргі келбеті ерекше әсер қалдырды. Жөндеу жұмыстары да, жаңа техникалық жабдықтар да көңілімнен шықты, - деді ол.

Фото: Дәурен Мақсұтханұлы

Журналистика факультетінің деканы Қанат Әуесбайдың айтуынша, бүгінгі студенттер подкаст жазуға, мультимедиалық контент жасауға ерекше қызығушылық танытып отыр.

– Мұнда студенттеріміз теория жүзінде алған білімін тәжірибемен ұштастыра алады. Алдағы уақытта бұл телестудияда түрлі подкастар, сұхбаттар мен телесюжеттер дайындалады. Біз бұл аудиторияның факультеттің тұрақты зертханалық әрі өндірістік базасына айналатынына қуаныштымыз. Сол мақсатта заманауи камералар сатып алынып, жарық жүйесі толық жаңартылды. Енді студенттер төрт түрлі алаңда өз стендаптарын түсіріп, сұхбат және хабар дайындай алады, - деді Қанат Әуесбай.

Фото: Дәурен Мақсұтханұлы

Марат Барманқұлов – Қазақстандағы теле-радиожурналистиканың негізін қалаған тұлға. 1966 жылы ол ҚазҰУ журналистика факультетінде алғашқы телевизиялық зертхана мен телерадиожурналистика кафедрасын құрды. Сол кездегі телестудияда бар болғаны бір бейнекамера мен монтаж үстелі ғана болған. 

90-жылдардың ортасында ЮНЕСКО-ның қолдауымен студия заманауи техникалық құралдармен жабдықталып, оқу процесінде тележурналистика пәндерін тәжірибелік тұрғыда оқытуға мүмкіндік туды. 

2009 жылы зертхана Марат Барманқұлов атындағы ҚазҰУ телерадиокешені (ТРК) мәртебесін алып, студенттер мен оқытушылар үшін шығармашылық және кәсіби тәжірибе алаңына айналды. Мұнда тележурналистика, бейнемонтаж және телевизиялық бағдарламалар дайындау бойынша сабақтар өткізіледі.

Фото: Дәурен Мақсұтханұлы

2025 жылы телестудия толық күрделі жөндеуден өтіп, заманауи бейне және дыбыс жабдықтарымен жаңартылды. Енді студенттер жаңа форматтағы телевизиялық және мультимедиалық жобалар әзірлеп, деректі фильмдер мен подкасттар дайындауға мүмкіндік алады.

Еске салайық, бұған дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Хайнань спутниктік деректер орталығы және Қытайдың Солтүстік-батыс политехникалық университетімен бірлескен жерүсті спутниктік станциясы салынатынын хабарлағанбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2025 22:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see146

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see142

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see138

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see138

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see137

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see131

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see129

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see127

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see124

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see119

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see119

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see119

Қазақстан мен Бельгия бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытады

12 Қазан 2026 17:49see110

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see108

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see107

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see107

Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев WTT Youth Smash турнирінде күміс медальға ие болды

12 Қазан 2026 18:37see104

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see104

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары