Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қоғамдық институттардың тарихи қадамы

Қоғамдық институттардың тарихи қадамы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Конституция – құр саяси декларация емес, болашақ билік архитектурасын бекітетін негізгі құжат. Сондықтан құжаттың мазмұнын талдауда эмоциядан гөрі «қандай институттар пайда болады және олар қалай жұмыс істейді?» деген сұрақ алдыңғы қатарға шығуға тиіс.

Конституциялық реформа – тек баптарды өзгерту емес, мемлекет пен қоғам арасындағы қатынасты қайта құру. Әсіресе, Қазақстан сияқты саяси транс­формация кезеңін бастан өткеріп отырған ел үшін бұл – билік тармақтарының жаңа конфигурациясын анықтайтын стратегия­лық қадам.

Осы мәселеге қатысты пікір білдірген саясаттанушы Жанерке Қайратқызының айтуынша, мәселен, Халық кеңесінің құрылуы – кездейсоқ саяси қадам емес, Қазақстандағы консультативтік институт­тардың эволюциялық дамуының қисынды жалғасы. 

«Егер біз соңғы 20 жылдағы қоғамдық кеңестердің, Ұлттық қоғамдық сенім кең­есінің, кейінгі Ұлттық құрылтай фор­матының тәжірибесіне қарасақ, мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың инсти­туционалдық негізі біртіндеп қалыптасқа­нын көреміз. Халық кеңесі сол тәжірибені жинақтап, жаңа сапалық деңгейге көтеруі тиіс», – деді ол.

Мысалы, 2006 жылдан бастап әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік органдар жанынан қоғамдық кеңестер құрыла бастады. Кейін­нен «Қоғамдық кеңестер туралы» және «Қоғамдық бақылау туралы» заңдар қабылданып, азаматтық қоғамның мемлекеттік шешімдер қабылдау процесіне қатысуының құқықтық негізі нығайтылды. 2019 жылдан бастап Қазақстан Республика­сы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылып, кейін бұл бастама Ұлттық құрылтай форматына ұласты. Бұл институт қоғамдық диалогтың жаңа форматын қалыптастырды деуге болады. Сонымен қатар  2007 жылдан бері конституциялық мәртебеге ие болған Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) этнос­аралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып келді.

«Бұл институттар уақыт өте келе функ­цио­налдық тұрғыдан күрделеніп, қоғамдық бақылау, сараптамалық талқылау, консульта­тивтік ұсынымдар әзірлеу сияқ­ты құралдарды практикада сынақтан өткізуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимыл мәдениеті қалыптасып, азаматтық қоғам субъектілері институционалдық тәжірибе жинақтады, – дейді саясат­танушы.

Сондай-ақ сарапшы мұндай институт­тың табысты жұмыс істеуі оның құрамының ашық қалыптасуына, өкілділік теңгеріміне және қабылданған ұсынымдардың орын­далу механизміне байланысты екенін атап өтті. «Конституциялық мәртебе – бұл тек құқықтық негіз. Ал оның саяси мәні билік тармақтарының осы органмен санасу деңгейіне тікелей тәуелді.

Оның пайымдауынша, егер Халық кеңесі шынайы қоғамдық диалогтың платформасына айналып, түрлі әлеуметтік топтың мүдделерін институционалды арнаға тоғыстыра алса, онда бұл қадам саяси жүйенің жауапкершілік пен есептілік мәдениетін нығайтуға ықпал етуі мүмкін.

Еуразия ұлттық университетінің саясаттану кафедрасы аға оқытушысы, халықаралық сарапшы Жанат Момын­құлов­тың ойынша, жалпы қоғамдық бақылау тетіктерін институционалды деңгейде бекітуге ұмтылыс бар. Қоғамдық ұйымдар мен ұлттық кеңестердің мәрте­бесін нақтылау, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының тәуелсіздігін күшейту, конституциялық бақылау механизмдерін жетілдіру шаралары билік пен қоғам ара­сын­дағы аралық буындарды рәсімдеуге деген талпыныс сияқты көрінеді. «Бұл 2022 жылғы конституциялық өзгерістерден кейін қалыптасқан эволюциялық бағыттың жалғасы», – дейді сарапшы.

– Екінші маңызды мәселе – жергілікті өзін-өзі басқаруды тереңдету мүмкіндігі. Мәслихаттардың өкілеттігін кеңейту, ауыл­дық және аудандық деңгейдегі сай­лан­балы басқару элементтерін нақтылау, қоғамдық тыңдаулар мен жергілікті ре­фе­рендум тетіктерін құқықтық бекіту орта­лықтан аймаққа қарай жауапкершілікті қайта бөлуге ұмтылысты білдіретін сияқты. Егер бұл нормалар нақты қаржылық және әкімшілік өкілеттікпен бірге жүрсе, онда олар формалды емес, мазмұнды институт­тар­ға айналуы мүмкін. 

Үшінші мәселе – саяси өкілдікті жаңғырту. Партиялық жүйені ырықтандыру, сайлау моделін тұрақтандыру, азаматтық бастамалар мен петициялық механизмдерді заңнамалық тұрғыда бекіту саяси бәсекенің институционалды алаңын кеңейтуге бағытталған. Мұндай элементтер жартылай-президенттік модельдерге тән тепе-теңдік іздеу логикасын еске салады. Мысалы, Франция тәжірибесінде президенттік билік пен парламенттік бақылау арасын­дағы балансты институционалды құралдар арқылы ұстап тұруға тырысады. Алайда кез келген модель ұлттық саяси мәдениетке бейімделмесе, механикалық көшіру нә­ти­же бермейді, – дейді Жанат Момынқұлов.

Түйін, шын мәнінде, жаңа институт­тардың атауында емес, олардың шынайы ықпалында. Егер бұл құрылымдар дербес бюджетке ие болып, шешім қабылдау про­цесіне нақты араласа алатын құқық­тармен қамтамасыз етілсе және саяси бәсеке бар ортада жұмыс істесе, онда азаматтық қоғам­ның да салмағы арта түседі. Ал керісінше жағдайда, яғни олар атқарушы билік жанындағы кеңесші сипа­тында ғана қалып қойса, мұндай инс­ти­туттар тек сыртқы леги­тимділік құра­лына айналып, жүйені түбе­гейлі өзгертуге қауқарсыз болады.

Осы тұрғыда сарапшының пайымы мынаған саяды: Қазақстан үшін басты мәселе – институттардың атауын жаңарту емес, саяси мәдениеттің сапалы өзгеруі. Оның айтуынша, азаматтық қоғамды күшейту үшін кемінде үш шарт қатар орындалуы керек: шынайы саяси бәсе­келестік, тәуелсіз сараптамалық әрі ақпа­раттық орта және сот жүйесінің на­қты автономиясы. Тек осы факторлар үйлесім тапқанда ғана жаңа қоғамдық институттар формалды сипаттан арылып, мазмұнды құрылымға айналады. 

– Конституция – ол жай құрал, мақсат емес. Оның мазмұнын толтыратын – билік пен қоғам арасындағы нақты күш балансы. Егер осы баланс біртіндеп өзгеріп, жауап­кершілік пен есептілік мәдениеті орнықса, жаңа институттар шынайы саяси мәнге ие болады. Ал егер өзгеріс тек нормативтік деңгеймен шектелсе, онда олар жаңа декорация ретінде қабыл­дануы ықтимал, – дейді Жанат Момынқұлов.

Қорыта айтқанда, жаңа Конституция жобасы аясында құрылуы көзделіп отырған Халық кеңесі консультативтік демокра­тияның эволюциялық жалғасы ретінде ұсынылып отыр. Алайда оның шынайы саяси мәні атауында емес, өкілеттігі мен ықпал ету тетіктерінде болмақ. Егер бұл институт нақты құқықтармен, заң шығару бастамасы мүмкіндігімен және қоғамдық мүддені шешім қабылдау деңгейіне жет­кізетін пәрменді механизмдермен қамта­масыз етілсе, ол билік пен қоғам арасын­дағы диалогты жаңа сапаға көтере алады.

Әсет ҚАЛИ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:120
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Наурыз 2026 06:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see129

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see127

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see126

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see123

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see122

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see121

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see119

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see119

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see119

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see118

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see117

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see116

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see116

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see116

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see116

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see114

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see114

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see113

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see112

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары