Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Қонаев қаласында флайбордшы Әділет туымен су үстінде шоу көрсетті

Қонаев қаласында флайбордшы Әділет туымен су үстінде шоу көрсетті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасының жағалауында «Әділет» партиясының сайлауалды науқаны аясында ерекше шара өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Флайбордшы қыз партия туымен су үстіне көтеріліп, түрлі трюк көрсетті. Осы уақытта су айдынына желкенді қайықтар шығып, аспанға «Әділет» жазуы бар алып әуе шары көтерілді.

Шара жағалауда демалып жүрген тұрғындар мен қала қонақтарының назарын аударды. Флайбордшы су ағынының күшімен бірнеше метр биіктікке көтеріліп, түрлі қимылдар орындады. Көрсетілім кезінде ол «Әділет» туын желбіретті.

Шоумен қатар Қапшағай су қоймасының айдынына желкенді қайықтар шықты. Ал жағалау үстінде «Әділет» жазуы бар алып әуе шары қалықтап, алыстан көзге түсті.

Алайда шара тек ойын-сауық бағдарламасымен шектелген жоқ. Жағалауда «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдау алаңы жұмыс істеді. Мұнда тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, түрлі салаға қатысты ұсыныс-тілектерін қалдырды. Сондай-ақ келушілер партияның «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен танысты.

Алматы облыстық сайлауалды штабының мүшесі Серік Нұрқадыровтың айтуынша, қоғамдық қабылдау алаңын ұйымдастырудағы негізгі мақсат – тұрғындардың пікірін тікелей тыңдау.

«Бүгін жағалауда тұрғындар алдын ала жазылмай-ақ келіп, өз пікірін ашық айта алатын қоғамдық қабылдау алаңын ұйымдастырдық. Мұнда абаттандыру мен инфрақұрылымнан бастап, әлеуметтік салаға дейінгі түрлі мәселелер бойынша ұсыныс-тілектерді жинап жатырмыз. Барлық өтініш тіркеліп, зерделенеді. Біз үшін тұрғындардың ұсынысы жай сөз күйінде қалмай, жүйеленіп, алдағы жұмыста ескерілуі маңызды», – деді Серік Нұрқадыров.

Жағалаудағы шоу қоғамдық қабылдау алаңына да көпшіліктің назарын аударды. Демалуға келген тұрғындардың бірқатары әуе шары мен флайборд-шоуды көріп, алаңға арнайы келіп, партия өкілдерімен пікірлесті.

Қонаев тұрғыны Григорий Мерисов та шараға алыстан көрінген әуе шарына қызығып келгенін айтады.

«Жағалауда демалып жүргенде алыстан үлкен әуе шарын көрдік. Қызығып, жақындап келсек, мұнда шоу өтіп, қоғамдық қабылдау алаңы жұмыс істеп жатыр екен. Әсіресе флайбордшы қыздың өнері ұнады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, өз ұсынысымды да қалдырдым. Қонаев өсіп келе жатқан қала. Сондықтан қаламызда жеке театр ғимараты ашылса деген тілегімді айттым. Мұндай мәдени орын ересектерге де, жастар мен балаларға да қажет деп ойлаймын», – деді Григорий Мерисов.

Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындардан түскен ұсыныс-тілектер мен өтініштер жинақталып, алдағы уақытта зерделенбек.

Қапшағай су қоймасының жағалауындағы шара «Әділет» партиясының сайлауалды науқаны аясында ұйымдастырылды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:68
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Тамыз 2026 16:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see170

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see169

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see156

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see155

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see143

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see135

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see124

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see123

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see115

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see113

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see91

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see91

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see89
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары