Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Үш буын: кешеден келешекке

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағын қоршау жұмыстары қалай жүріп жатыр

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағын қоршау жұмыстары қалай жүріп жатыр

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазіргі таңда кесене маңында бірқатар темір қоршаулар алынып, жер қазу және брусчаткаларды алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Kazinform тілшісі аталған құрылыс жұмыстарының мән-жайын анықтап көрді.
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы директорының міндетін атқарушы Нұрлан Дүкенбаевтың айтуынша, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі 2024 жылы Үкімет қаулысымен мемлекеттік қорғауға жататын объектілер тізбесіне енгізілген. Осыған сәйкес, нысанның қауіпсіздігін ішкі істер органдары қамтамасыз етеді және стратегиялық нысан ретінде қоршаумен қамтылуы тиіс.

– Ясауи кесенесінің қоршау аумағы 88,7 гектарды қамтиды. Әзірге келушілер кіретін негізгі аймақ 1 шақырымға жуық мөлдір әйнекпен қоршалады. Бұл жұмыстарды Түркістан қаласы әкімдігі қолға алған. Қалған аумақты қоршау мәселесі Қазқайтажаңарту мекемесі мен қала әкімдігі арасында келісіліп жатыр. Ортағасырлық қорған үлгісіндегі қоршау салу жоспары бар, алайда бұл үшін ЮНЕСКО-ның келісімі қажет, – деді ол.

Түркістан қаласы әкімдігінің мәліметінше, қазіргі таңда жалпы ұзындығы 930 метр, биіктігі 2,5 метр болатын шыны қоршау орнату жобасы бекітіліп, іске асырылып жатыр.

Нұрлан Дүкенбаевтың сөзінше, кесене кіребірісінде қойылған турникеттер келушілердің нақты санын анықтауға мүмкіндік береді.

– Жоба аяқталған соң кесене аумағына кіру екі нүкте арқылы ғана жүзеге асырылады. Бұдан бөлек төтенше жағдайлар кезінде көлік кіретін арнайы бір орын қарастырылған, – деді ол.

Бұған дейін бірінші кезең аясында Қазқайтажаңарту мекемесі үш жыл бойы кесенені сақтау және қорғау бағытында кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Осы уақыт ішінде нысанның техникалық жағдайы жан-жақты зерделенді.

– Үш жылдық зерттеу қорытындысына сәйкес, қайта қалпына келтіру жұмыстары басталады. Екінші кезең осы жазда қолға алынады, – деді спикер.

Айта кетейік, Қазқайтажаңарту мекемесі бұған дейін кесененің қазандық бөлігінде ғылыми реставрация жүргізуге арналған алғашқы инженерлік дайындық жұмыстары басталғанын хабарлаған болатын. Мамандардың айтуынша, бұл жұмыстар шамамен үш жылға созылуы мүмкін.

Бұдан бұрын кесенедегі Тайқазан тұрған қазандық бөлмесі екі жылдан астам уақыттан бері жабық тұрғанын жазған едік.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Сәуір 2026 19:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see147

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see132

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see130

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see128

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see128

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see127

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see127

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see123

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see123

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see122

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

25 Қазан 2026 14:39see120

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

25 Қазан 2026 14:10see120

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see118

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see118

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

25 Қазан 2026 16:13see117

7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

24 Қазан 2026 12:44see115

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

24 Қазан 2026 16:04see115

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

24 Қазан 2026 14:14see113

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

25 Қазан 2026 18:29see111

Үш буын: кешеден келешекке

24 Қазан 2026 12:48see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары