Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Қ.Тоқаев: Құтқарушыларымыз 225 мыңға жуық адамның өмірін сақтап қалды

Қ.Тоқаев: Құтқарушыларымыз 225 мыңға жуық адамның өмірін сақтап қалды

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Құтқарушы еліміздегі ең беделді мамандықтың біріне айналады.

Азаматтық қорғау саласының мамандарымен кездескен Президент жауаптыларға осындай міндет жүктеді. Соңғы 5 жыл ішінде отандық құтқарушылар 200 мыңнан аса адамның өмірін сақтап қалған. Демек, қараша қорғандарына көрсетілетін құрмет те айрықша болуы шарт. Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев мамандардың әлуеметтік жағдайды жақсарту жалғасатынын жеткізді. Ал кәсіби мереке қарсаңында бірқатар батырға құрмет көрсетіп, мемлекеттік наградалар табыстады.

Ақордаға батырлар келді. Бұл өмір мен өлімнің арасындағы күресті кәсіп қылған қауым. Олардың алдында қауіптің өзі қауқарсыз, оттың өзі осал. Әдетте жалын мен су, жер мен желдің өтінде жүретін қаһармандар бүгін Президент резиденциясында бас қосты. Бәрі мәз-мейрам, арқа-жарқа.

Құтқарушылардың қауіпке тосқан кеудесінен төсбелгіні аңғару қиын емес. Бұл жолы мезіретті мемлекет басшысының қолынан алды. Марапат алдында Президент кәсіби мерекемен құттықтап, мамандарға мәртебесін асыратын отты сөздер арнады. Кейінгі жылдары кезіккен табиғи апаттарды туралы айтып, ерлікке бергісіз еңбекті өз көзімен көргенін жеткізді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Құтқарушыларымыз соңғы 5 жылда 225 мыңға жуық адамның өмірін сақтап қалды. Сондай-ақ шетелдегі гуманитарлық миссияларға қатысып, кәсіби деңгейі жоғары озық маман екенін дәлелдеді. Сол арқылы еліміздің халықаралық беделін арттыруға атсалысты. Осы орайда бүгін мен еліміздегі барлық құтқарушыларға тағы да зор алғысымды айтамын.

Иә, құтқарушылардың еңбегі ерен. Мемлекеттің қолдауы да соған сай болуы керек. Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы 5 жылда атқарылған жұмысты жіпке тізді. Салаға бөлінетін қаржы екі жарым есе көбейген. Нәтижесінде 1700-ден астам арнайы техника алынды. 42 өрт сөндіру депосы және құтқару станциясы салынды. Соңғы екі жыл ішінде сала мамандарының жалақысы 77 пайызға өсті, енді оларға арнайы үстемеақы төленетін болды. Сондай-ақ тұрғын үй төлемдері мен әлеуметтік жеңілдіктер беріле бастады.

Қаржы өсімі – 2 есе️

Техника – 1700-ден аса

Өрт сөндіру депосы, құтқару станциясы – 42

Жалақы – 77%

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Құтқарушы еліміздегі ең беделді мамандықтың біріне айналуға тиіс. Мемлекеттік органдар құтқарушыларға қоғамда лайықты баға берілуі үшін барынша шара қабылдауға міндетті. + Нағыз құтқарушылар әскери іс, экономика, құрылыс және басқа да көптеген саладағы арнайы білімді меңгерген. Олардың арасында спортшылар да аз емес.

Мамандықтың беделіне арттыруға бизнес те бейіл болу керек. Қасым-Жомарт Тоқаев бөлімшелерге бейресми қамқорлық көрсету тәжірибесін белсенді енгізуді ұсынды. Қазір әлемдегі ахуал күрделі. Табиғи апат көбейіп жатыр. Осы ретте Президент жауаптыларға төтенше жағдайды уақтылы ескертудің және салдарын жоюдың тиімді жолдарын қарастыруды тапсырды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Басқару үдерісін автоматтандыруға, цифрландыруға, өзге де заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні кеңінен енгізуге күш салу маңызды. Азаматтарға, ең алдымен, балалар мен жастарға өрт, су тасқыны, жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелерін мұқият, түсінікті тілмен жеткізу қажет. Олар апат кезінде қалай әрекет ететінін білуге тиіс. 

Мәселе де, мәртебе де түгелденіп болған соң, кезек марапатқа келді. Ондаған маманға мемлекеттік наградалар табыстады. Атап айтқанда, құтқарушыларған «Айбын», Құрмет ордендері мен «Ерлігі үшін» және «Ерен еңбегі үшін» медалдері берілді. 

Шынболат Берікұлы Жамбылдың жауынгері. Салаға 2007 жылы келген оның ерлігіне қатысты естелік көп. Мысалы биыл өртке оранған тұрғын үйден 20 адамды эвакуациялап, құлыптаулы пәтерден үш баланы аман алып шыққан. Сондай-ақ газ баллонға толы зауытты оттан оқшаулады. Құтқарушылардың ширақ қимылы болмағанда жарылыс жойқын болар еді. Ал қару-жарақ қоймасындағы жарылыста еткен еңбегі мүлдем бөлек әңгіме. 

Шынболат Әзімбаев, Жамбыл облысы ТЖД  басқармасының жедел кезекшісі:

- Сол жарылыста оқиға орнына бардым, жарылған уақытта екі қызметкерді алып шықтым. Әрбір өрт сөндіруші болған оқиғаға адамды құтқару және тез өшіру деген оймен барады деп ойлаймын. Қорқыныш болады, бірақ адам өмірі бізден қымбат.

Ал Нұржан Тұрсынбекұлы шығыстың шерігі. Ол былтыр іс сапардан келе жатып, жолда айдынға батқан балаларды кезіктіреді. Құтқаруға дереу кірісіп, барлығын аман алып қалды. 

Нұржан Жолжақсынов, ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы:

- Біз машинада отырғанбыз. Халық шулағаннан кейін қарасам, бір бала тұншығып жатыр екен. Сразу ойланбастан желетімді киіп, шеңберімді алып, суға түсіп кеттім. Құтқару керек болды, жұмысымыз да сол. Ең бірінші адамды құтқару керек, сосын өзімізді ойлаймыз артынан.

2021 жыл. Шарын шатқалында нөсер жауып, сел жүреді. Қауіпті аймақта 9 адам қалып қойға. Соның ішінде іс-түссіз жоғалған 11 жасар қыз бар еді. Командир Андрей Бухал басқарған тікұшақ баланы бірінші болып табады. Жерге қона алмағандықтан, құтқарушы арқанның көмегімен төменге түскен. Ал биыл Орджоникидзе шыңындағы күрделі іздестіру-құтқару операциясында 4410 метр биіктіктен альпинисті сәтті эвакуациялады. Қызмет барысында 7700 сағатты аспанда өткізген.

Андрей Бухал, «Қазавиақұтқару» АҚ ұшқыш-нұсқаушысы:

- Өте қиын болды. Қону үшін барлық нұсқаны қарастырып, оңтайлы тәсілді әзер анықтадық. Бұл тек менің жетістігім емес, бүкіл экипаждың еңбегі. Екінші ұшқыштың да еңбегі ерен.

Бұл сын сағаттың сынағынан мүдірмей өткен, бағы мен бабы қатар келіскен батырлар. Қауіп алдында оларға сәттілік серік болды. Алайда өзгенің жанын сақтаймын деп, өзінің жаны тәсілім болған ерлер қаншама... Өткен отыз жылда 72 құтқарушы қаза тапты. Жиында мемлекет басшысы "батырларымыздың есімін ешқашан ұмытпаймыз, марқұмдардың есімдерін ел ішінде ұлықтаймыз" деді. Құтқарушылар бұл сөзден қуат алғанын айтады. Расымен, мұндай сәтте жылы сөз де жанға демеу. 

Бекзат Аманов, Марат Диханбаев

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2025 18:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see133

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see133

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see127

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see127

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see125

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see124

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see123

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see123

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see122

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see121

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see120

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see120

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see119

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see118

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see117

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары