Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Құлсары тұрғындары тасқыннан кейін пәтер бағасын​ қайта есептеуді талап етуде

Құлсары тұрғындары тасқыннан кейін пәтер бағасын​ қайта есептеуді талап етуде

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Видеодан стоп-кадр

14 мамыр күні Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы "Атырау" ықшам ауданында бір топ көп балалы аналар наразылық танытты. Себебі, бұдан екі жыл бұрын үйлері тасқын суда қалса да ешқандай жәрдем көрмеген. 

2023 жылдың желтоқсанында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 100 пәтерлік 5 қабатты 3 үй көп балалы аналарға берілген болатын. 

Сол жылы үй толық бітпесе де  баспана жалдап, бала-шағасымен босып жүрген аналар анау-мынау олқылықтарды қалпына келтіріп қоныстанып алды. 

Алайда екі жыл қыстағаннан кейін баспаналарынан айрылып қалу қаупі туындады. 2024 жылы су тасқыны болып, көп үй су астында қалды. Олардың ішінде осы үйлер бар еді. 

- Үйіміз тура екі ай су ішінде қалқып тұрды. Тоз-тозымыз шығып өз үйімізге өзіміз кіре алмай қайықпен қатынауға тура келді. Тасқын су жертөлені түгел басты. Су қайтқаннан кейін пәтерлердің іші кеуіп, қабырғаларда жарықтар пайда болып, кафелдер түсіп қалды. Балкон тұсы да ырсиып тұрды. Негізі бұл үйлер баланста аудандық әкімшіліктің ТҮКШ бөлімінде. Біз жалдап отырмыз, жекеге айналдыру үшін қалдық құны есептеліп қойылған. Яғни, екі бөлме 21 млн, үш бөлме 26 млн теңгеге бағаланған. Бұл бағаға көп балалы аналар ала алмайды,-дейді Гүлназ Кашабаева. 

Тұрғындар үйлері екі ай бойы суда тұрса да сараптама тағайындалмағанын айтады. Оның  қорытындысын тұрғындарға жария етпепті. "Үйлердің тасқында тұрғандығы ескеріліп, қалдық құнын неге төмендетпеген" дейді көпшілік. 

Бүгінде жалға алу, коммуналдық қалдықтарды төлей алмай отырған отбасылар бар екенін тұрғындар ашына айтты. 

- Менің жеті балам бар. Осы жерде тұрғандардың көбі 5-10 балалы. Үйлердің судың астында тұрғанын әкімдіктегілер жақсы біледі. Басында уақытша келісім шарт, кейін негізгісін берді. Онда не жазылған "бұл пәтер өзгертусіз, ай сайын үш бөлме 18, екі бөлме 13, ал бір бөлмеге 8 мың төлеу керек" деген жазу тұрды. Ал жыл өткен сайын үйдің қалдық құны төмендетіледі деген бірауыз сөз жоқ. Осы жөнінде әкімшілікке барғанымызда, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Нұрланов "қанағат қылмайсыңдар ма, сендерді ешкім қуып жатқан жоқ" дегенін қалай түсінуге болады,-дейді көпбалалы ана Жанаргүл Бегайсова.

Ал көпбалалы ана Кәмшат Айтбаева бұл үй берілгенімен тіркеуге тіркемей отырғанын, сайлау кезінде ағайынының үйіне амалсыздан уақытша тіркелгенін ашына жеткізді. 

Айтбаеваның айтуынша, әкімдіктің балансысында болса да жылу котелдерін өздері жөндеп алған. Ендігі тұрғындардың талабы-үйдің қалдық құнын төмендету арқылы жекешелендіруге жатқызу. 

Осыған байланысты аудан әкімшілігіне барғанымызда әкім орынбасары Гүлнафис Айшуақова аудан әкімі Жұмабек Қаражановтың іссапарда екенін, ал тұрғындар талабына орай жауапты кейін беретінін айтып жазып алды. Алайда бір жұма өтсе де толыққанды жауап жоқ. Бұдан бұрын тұрғындар eGov арқылы аудан әкіміне, құзырлы орындарға арыз жолдағанымен жауабын ала алмай отырғанын жеткізген болатын. 

Гүлнафис Айшуақова кейін жазбаша түсініктеме жолдады. Әкімдіктің хабарлауынша, тұрғындар тұрғылықты жері бойынша тіркеуді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі арқылы ЭЦҚ пайдаланып рәсімдей алады.

Аудандық әкімдікте түсіндіргендей, тұрғын үйді жекешелендіру «Е-қазына» веб-порталы арқылы жүргізіледі. Өтініш бергеннен кейін тұрғындар 30 күн ішінде пәтердің қалдық құнының 10 пайызын бастапқы жарна ретінде төлеуі тиіс және жалдау ақысын уақытылы төлегенін растайтын түбіртектерді ұсынуы қажет.

Аудандық әкімдіктің жауабына сәйкес, пәтерлердің бастапқы құны мынадай:

бір бөлмелі пәтер — 13 472 127 теңге 71 тиын; екі бөлмелі пәтер — 18 298 938 теңге 04 тиын; үш бөлмелі пәтер — 26 503 972 теңге 04 тиын.

Сонымен бірге әкімдік жауабында тасқыннан кейінгі үйлердің техникалық жағдайы туралы деректер нақты көрсетілмеген. Есесіне ЭЦҚ рәсімдеу, өтініш беру және бастапқы жарнаны төлеу тәртібі егжей‑тегжейлі түсіндірілген.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет пен видеоны түсірген автор

Бүгін, 14:11

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:124
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Мамыр 2026 15:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары