Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

“Құндыз тонға тесік етік“. Астана іргесіндегі ауылдың жағдайы жаман емес, бірақ тұрғындары бұдан жақсыны қалайды?

“Құндыз тонға тесік етік“. Астана іргесіндегі ауылдың жағдайы жаман емес, бірақ тұрғындары бұдан жақсыны қалайды?

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Мұнда орталық су құбыры бар, бірақ дұрыс кәріз жүйесі жоқ; мұғалімдер электрмопедпен жүреді, бірақ жолдардың бәрі бірдей жөнделмеген; мұнда Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы бар, алайда балалар алаңқайларын бұзып тастаған, ал жаңасы әлі жоқ.

Tengrinews.kz тілшілері "Астана төңірегі" арнайы жобасы аясында қарама-қайшылыққа толы өте қызықты ауылға барып қайтты. Бұл – Аршалы ауданының орталығы Аршалы ауылы.

Анықтама: "Астана төңірегі" жобасының не туралы екенін тағы бір мәрте еске сала кетейік. Әр шығарылымда біз елордадан бір сағаттық жерде орналасқан ауылдарды аралаймыз. Ондағы жолдардың жағдайына, мектеп, аурухана және балабақшалардың бар-жоғына, сондай-ақ көлік қолжетімділігіне назар аударамыз. Жұмыс орындары мен демалыс орындарының, әлеуметтік және туристік инфрақұрылымның бар-жоғын зерттеп, үйлер мен жер телімдерінің құнын бақылаймыз. Бұған дейін жоба аясында мына елді мекендер туралы айтқан болатынбыз: Ақмол, Софиевка және Қызылсуат.

Аршалы ауылы. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Аршалы ауылы XIX ғасырдың соңында ірге көтерген. 1927 жылдан 1998 жылға дейін ол Вишневка деп аталды.

Аршалы - жергілікті жердің атауынан және осында өсетін арша өсімдігіне байланысты қойылған тарихи атау.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Бұл репортаждың видеонұсқасын біздің YouTube-арнамыздан көре аласыздар:

Бұл аудан орталығы болғандықтан, мұнда барлық қажетті мемлекеттік орган шоғырланған. "Астана төңірегі" жобасы аясында бұған дейін тағы бір аудан орталығы - Ақмол ауылында болғандықтан, шағын салыстыру жасап көрейік.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Аршалы, Ақмолға қарағанда, бірнеше жылдан бері газдандырылған.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Ал Аршалыдағы тұрғындар саны шамамен екі есе аз - 8 100 адам. Бұған Астанаға дейінгі қашықтық себеп болуы мүмкін: бұл кенттен елорда шекарасына дейін 50 шақырым болса, Ақмолдан небәрі 20 шақырым екенін еске сала кетейік.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Дегенмен Аршалы мен Ақмолдың бір ұқсастығы бар - екеуінде де өндіруші немесе өңдеуші кәсіпорындар жұмыс істейді.

Бір жағынан, бұл - жергілікті бюджетке түсетін салық, екінші жағынан - тұрғындар үшін туындайтын түйткілдер.

Ақмолда жұртшылық көбіне ондағы құс фабрикаларынан шығатын жағымсыз иіске шағымданса, Аршалыда - карьерлер мен оған баратын, ауыр жүк көліктері тоқтаусыз жүретін жолдардың шаңына наразы.

Кент маңында карьерлер аз емес: онда тас өндіріліп, қиыршық тасқа айналдырылады.

Тұрғындар ұсынған 2026 жылғы видеодан алынған кадрлар

Ауылдағылардың айтуынша, Астанадағы көптеген тұрғын үй кешендері дәл осы жердің қиыршық тасынан салынған. Алайда елорда бой көтеріп жатқанда, ауыл тұрғындары мұндай көршілестікке жылдар бойы шағымданып келеді.

Карьерлер мен жолдардың шаңы кейде кент үстінде үлкен бұлт болып үйіріліп, үйлерге қонады. Ауыл тұрғындарына осындай ауамен тыныстауға тура келеді.

Тұрғындар ұсынған 2026 жылғы видеодан алынған кадр

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мәліметінше, Аршалы маңында 12 карьер жұмыс істейді, ал аудан бойынша олардың саны - 38. Шенеуніктердің сөзінше, шаңмен кәсіпорындардың өздері күресуі тиіс - шаң шығатын жерлерді дымқылдап, жолдарға су себуі керек.

Мұны қадағалау - экология департаментінің міндеті. Ал ол жақтағылар тексеріс кезінде тек рұқсат қағаздарын ғана емес, осы шаралардың орындалуын да бақылайтындарын түсіндірді.

2026 жылы департаментке карьерлерге қатысты бес өтініш түскен. Алайда жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз табылмаған: ведомствоның уәжі бойынша, өтініштерде нақты кәсіпорындар көрсетілмеген және жеткілікті растау материалдары ұсынылмаған.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Енді білім беру саласына тоқталсақ. Кент үлкен болғандықтан, мұнда бір емес, бірден үш жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді: № 1, № 2 және Жұмабек Тәшенов атындағы № 3 мектеп.

Жұмабек Тәшенов атындағы мектеп. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Екінші және үшінші мектептер жобалық қуаттылығынан тыс жұмыс істеп тұр, яғни бала саны шамадан тыс көп.

Мектептердің жанынан көптеген велосипедті байқадық - бұл ауылға тән ерекшелік. Аршалы айтарлықтай үлкен кент, сондықтан көптеген оқушы жаяу жүру алыс болғандықтан осы көлік түрін пайдаланады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Ал оқу орындарының қызметкерлері, мысалы, мұғалімдер көліктің басқа түрін - электрмопедтерді пайдаланады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Жалпы білім беретін мектептерден бөлек, кентте бір бастауыш мектеп пен бірнеше балабақша бар. Сондай-ақ мұнда аудан мен облысқа қажетті мамандарды даярлайтын агротехникалық колледж орналасқан.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Тағы бір назар аударарлық жайт - Аршалыда, тіпті жеке секторда да орталық су құбыры тартылған. Елорда маңындағы ауылдардың бәрі бірдей мұндай қолайлылықпен қамтылмаған.

Мұнда көпқабатты үйлер де бар, бірақ олардың көбі - ескі тұрғын үй қоры. Жаңадан салынған көппәтерлі үйлер аса көп емес.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Қазіргі уақытта көпқабатты үйдің ауласында, дәл көшеде жайылған кірді кездестіру сирек шығар. Ал Аршалыдан мұны көруге болады. Бұл мұндай жерлерге өзіндік бір жайлылық сыйлайтындай.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Қазір қалаларда спутниктік тарелкалар сирек кездесетін болса керек. Бәлкім, бұл тек елордада солай шығар? Сондықтан мына үй бірден назарымызды аударды:

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Айтпақшы, Аршалыдан Астанаға дейін және кері бағытта 315-ші қала маңындағы автобуспен қатынауға болады. Рас, біз оны суретке түсіріп үлгере алмадық, жолымызда кездеспеді.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, кенттің өзінде де жұмыс жетерлік, бірақ қала маңындағы елді мекендерге тән үрдіс бойынша, көбі Астанада еңбек етеді.

Жалпы алғанда, мұнда өмір сүруге қажеттінің бәрі бар, егер кентте жұмыс істесеңіз, елордаға барып-келудің ешқандай қажеттілігі жоқ.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Денсаулық сақтау саласына келер болсақ, Аршалыда үлкен орталық аудандық аурухана орналасқан, онда науқастарды қабылдау, шұғыл көмек көрсету, патронаж және тексеру қызметтері қолжетімді.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Ал ауылдың мәдени және ойын-сауық өмірі туралы толығырақ тоқталып өткен жөн.

Мұнда жұмыс істеп тұрған бір Мәдениет үйі бар, тағы бірінің құрылысы жүріп жатыр. Оны 2027 жылдың бірінші жартыжылдығында ашу жоспарланған. Бірақ айта кететін жайт, бұл ғимараттың салынып жатқанына бірнеше жыл болған, бұл аудан орталығы тұрғындарының арасында көптеген сауалдар туғызады.

Әкімдіктегілер құрылыстың созылып кетуін бірінші мердігермен келісімшартты бұзып, жаңасын іздеуге мәжбүр болғандарымен түсіндіреді. Жалпы, бұл таныс жағдай - елдегі көптеген нысанда мұндай жайттар жиі кездеседі.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Астана маңындағы басқа ауылдардан әлі кезіктіре қоймаған дүниеміз - зейнеткерлер тегін бара алатын белсенді ұзақ өмір сүру орталығы.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Ал Аршалыда мұндай орталық бар. Мұнда гимнастика, спорттық тренажерлер, компьютерлік сауаттылыққа үйрету, қолөнер, сурет салу, үстел ойындары, тіпті бильярд та қарастырылған.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Орталық бойынша бізге экскурсияны оның директоры, сымбатты да өте жігерлі Күлпаш Балтабайқызы жүргізді.

Күлпаш Оспанова, Аршалыдағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Ол барлық кабинеті көрсетіп, қариялардың ыңғайы мен жайлылығы үшін әрбір деталь қалай ойластырылғанын айтып берді.

"Бұрын бізде зейнеткерлердің бас қосатын жері аса көп емес еді, - дейді Күлпаш Оспанова. - ДСК (бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені - ред. ескертпесі) бар, бірақ бәрі бірдей жүзуді ұната бермейді немесе денсаулығы көтермейді. Ал бізде билеп, ән айтып, әртүрлі нәрсені үйренуге болады. Тек ниет болса болғаны".

Аршалыдағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығындағы қолөнер кабинеті. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Аршалының спорттық өмірі, тыныс-тіршілігі, проблемалары мен жетістіктері туралы жергілікті қоғамдастық мүшелерінің бірі Елена Виноградовамен де сөйлестік.

Анықтама: Жергілікті қоғамдастық - бұл халықтың мүддесін қорғайтын және әкімшілік өкілдерімен бірлесе отырып бюджетті бөлуге қатыса алатын әкімдік жанындағы тұрғындар бірлестігі. Бюджеттің игерілуін де солар бақылайды. Алайда, Елена Александровнаның айтуынша, олармен әрдайым ақылдаса бермейді.

Елена Виноградова, Аршалыдағы жергілікті қоғамдастық мүшесі. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Ол бізге Аршалы стадионында биыл басталған қайта құру жұмыстары туралы айтып берді.

"Кезінде бұл ТБШ (темірбетон шпалдары - ред. ескертпесі) зауытынан өте жақсы стадион болатын, - дейді Елена Александровна. - Уақыт өте келе ол жарамсыз болып қалды, мінбелері қирады, бірақ балалар мұнда жаттығатын. Осы жерде балалар хоккеймен айналысып, жарыстарға баратын жабық корт болатын. Жабық кортты бұзып тастады. Бәрін қалпына келтіреміз деген. Корт жобада қарастырылмағаны белгілі болды. Халықтың тілегі неге ескерілмегені түсініксіз. Қайта құру жұмыстарының жүргізілу барысы да сұрақ туғызады. Ол жерде үш-бес адам ғана жүрді және бір ғана техника бірлігі болды. Жоба құны бір миллиардқа жуық - ал жұмыс қарқыны мынадай".

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Біз түсірілім жасап жатқан кезде стадионда шынымен де ешқандай жұмыс жүріп жатқан жоқ еді. Ал құрылыс материалдары қараусыз жатты.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Мүмкін жұмысшылар немесе күзет аумақта тігілген мына киіз үйлердің ішінде болған шығар, бірақ біз олардың ішіне бас сұқпадық.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Айтпақшы, стадионның жанындағы көк ғимарат - Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры айтып өткен әлгі дене шынықтыру-сауықтыру кешені. Ол үлкен спорт залы мен бассейннен тұрады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Ал стадионның өзіне келетін болсақ, аудандық әкімдік бізге реконструкция жобасы 2023 жылғы қазанда әзірленгенін, ал жабық корт бастан-ақ оған енгізілмегенін хабарлады. Мердігер жөндеу жұмыстарын өз қаражатына бастаған, бірақ қазір кестеден қалып қойған - оған ескерту жіберілді. Стадионның қашан дайын болатыны туралы редакция сауалына берілген жауапта нақтыланбаған.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Бұдан бөлек, биыл Аршалыда орталық алаңды реконструкциялау басталды. Біз алаңға қарай бара жатқанда, жергілікті қоғамдастық мүшесі Елена Виноградова бұл жөндеу жұмысын неге проблема деп санайтындарын түсіндіріп берді.

Бұрын алаңға асфальт төселген болатын, оның айтуынша, ол әлі талай жыл қызмет етер еді. Бірақ оны сыпырып тастап, орнына брусчатка төсемекші.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

"Кентте балалар ролик, велосипед тебетін кең жерлер онша көп емес, - деп жалғастырды сұхбаттасушымыз. - Олар жаз бойы осында болатын. Қасында балалар алаңы тұрған, оны алдыңғы жылы демонтаждап тастады. "Жаңасын қашан орнатасыңдар?" деп сұраймыз. Бізге "ақша жоқ" деп жауап береді. Олай болса, асфальттың бәрін неге сыпырып алды, бұл тас төсеніштің бізге не керегі бар? Егер ақша жоқ болса. Құндыз тонға тесік етік сатып алмайды ғой. Аудан әкімінің айтуынша, жөндеуді инвестор жүргізіп жатыр. Бірақ инвестор болса, демек, ақшаны анағұрлым қажетті нәрселерге бағыттауға болады ғой. Бізде балалар алаңдары аз, тротуарлар аз, ауыл тұрғындарының жайлы күнделікті өмірі үшін көп нәрсе қажет. Ал асфальттың орнына төселген мына плитка бізге керек емес. Бірақ бізбен ешкім ақылдасқан жоқ".

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Айта кетейік, репортаж жарияланған сәтте аудан әкімдігінен алаңға қатысты ешқандай пікір ала алмадық.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Сонымен қатар, Елена Виноградова жергілікті қауымдастықтың кент және аудан әкімшілігімен өзара қарым-қатынасты қалай құрып жатқанын бөлісті.

"Үкімет жергілікті салықтан түскен ақша осы ауылдың игілігіне жұмсалуы керек деп шешті, - деп еске салды ол. - Бұрын ауыл әкіміне ештеңе бұйырмайтын, тіпті қар тазалауға қаражат болмайтын. Бірақ кейін жағдайымыз түзеле бастады - мысалы, жолдарға асфальт төселе бастады. Содан жыл басында аудан әкімдігі бізден 163 миллионды тартып алды. Біз аудан әкімінен енді не істейміз деп сұрадық. Ол ауылда не істеу керек болса, соған бюджеттік өтінім беріңіздер деді. Біз оны өтінімдермен көміп тастадық, бірақ оның біреуі де мақұлданбады. Нәтижесінде осы жазда біз мүлдем ештеңе істей алмадық. Тіпті жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары да жүргізілген жоқ", - дейді Елена.

Ол бізге Аршалыдағы жолдардың бірін көрсетті:

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Ал аудан әкімдігі 163 миллион теңгеге қатысты сұрақтарымызға жауап берді. Олар бұл қаржының Аршалы бюджетінен аудан бюджетіне аударылуын мәслихат бекіткенін түсіндірді. Есеп бойынша, ауылдың кірісі оның шығысынан асып түсуі тиіс - бұл айырмашылық аудан бюджетіне бағытталады. Сонымен қатар, бұл қаражат нақты бір жобаға бекітілмеген: олар ортақ қазынаға түседі және ауданның басым бағыттағы шығыстарына жұмсалады.

Әрі қарай біз тағы бір проблемалық нысанға - кенттің кәріз станциясына бет алдық. Дұрысырақ айтқанда, кәріз станциясы болуы тиіс болған орынға.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Бұл нысанның тарихы мынадай. Осыдан он жылдай бұрын Аршалыда орталық кәріз жүйесін сала бастады - жобаның құны шамамен бір жарым миллиард теңге. Құбырлар төселді, ғимарат салынды, бірақ жүйе сол күйі іске қосылмады.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, нысан қараусыз қалған, ал қалдық сулар қазір резервуарлардан асып-тасып жатыр - жергілікті жұрттың айтуынша, көктемде мұның бәрі еріген қар суымен бірге Есілге, содан кейін Астананы ауыз сумен қамтамасыз ететін Вячеслав су қоймасына құйылады.

Осы сапарда өз көзімізбен көрген көрініс бір жағынан аянышты, бір жағынан алаңдатарлық жағдайда.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Жартылай бөлшектелген және, сірә, талан-таражға түскен тот басқан жабдықтар. Шетінен сөгіліп, үлкен сызаттар түскен қабырғалар.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Жергілікті халықтың басты мұңы - тұрмыстық қалдықтар жиналатын тұндырғыш. Мұның бәрі нысанның маңайына және одан тыс жерлерге жайылып жатыр.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Өкінішке қарай, материал жарияланған сәтте аудан әкімдігінен кәріз-сорғы станциясына қатысты түсініктеме берілмеді. Сондықтан бұл нысанның тағдыры не болатыны және оның қашан іске қосылатыны белгісіз. Бірақ оны қалпына келтіру үшін тағы да қаражат қажет болатыны анық.

Аршалыға жақын жерде орналасқан Вячеслав су қоймасын тілге тиек еткен соң, оның туристерді тартатын орын екенін де айта кеткен жөн.

Вячеслав су қоймасы, 2025 жыл. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Роман Павлов

Бұл су айдыны туралы үлкен репортажды біз өткен жылы жасап, онда адамдардың шомылатынын да, балық аулайтынын да айтқан болатынбыз. Бірақ ең бастысы, бұл - Астананы ауыз сумен қамтамасыз ететін стратегиялық нысан. Кәріз суы туралы ақпараттан кейін Вячеслав су қоймасына шомылғыңыз немесе балық аулағыңыз келе ме, жоқ па, оны білмейміз. Біздің міндетіміз - тек соны жеткізу.

Және соңғы тоқтала кеткіміз келетіні - Аршалыдағы үйлер мен жер телімдерінің бағасы. Ең арзан жер үйлердің құны 8–9 миллион теңгеден, ал жер телімдері 3–4 миллион теңгеден басталады.

Ауылда пәтерлер де сатылады. Олардың бағасы 7–8 миллион теңгеден басталады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Қорытындылай келе, жоба аясында Астана маңындағы халықтың қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын зерттейтінімізді тағы да еске саламыз. Бірақ біз қорытынды жасамаймыз. Қай ауылдың ең үздік немесе ең нашар екенін оқырман мен көрермен шешеді. Ең бастысы - жаңа жарияланымдарды өткізіп алмаңыздар.

Ал сіз елорда маңындағы тағы қандай ауылдарды білесіз? Пікір қалдырыңыз және Аршалыда болған болсаңыз, алған әсеріңізді міндетті түрде бөлісіңіз.

Авторлары: Иван Сухоруков, Нұрлан Алжабаев, Әлімжан Аманжол

Аударған: Дина Шәріпхан

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Ақмол - тұрғындары көшіп кеткісі келмейтін ауыл

Қымбат коттедждер мен көкке көтерілген ұшақтар. Астана іргесіндегі ауылдың тыныс-тіршілігі

“Сәлем, Софиевка“. Мұнда бәрі бар, бірақ бірдеңе жетіспейді

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:63
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қазан 2026 11:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары