Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

Жылу желілері жаңарады

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Кемінде 20 адам қаза тапты

Тұрғын үй сертификаты: тетік пе, кетік пе?

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды

Кәсіптің кілті гаражда

Құқықтық реформа жылнамасы

Құқықтық реформа жылнамасы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Жалпы, тақыр жерге шөп өспейтіні секілді конституциялық реформа да тола­ғай-тұлдыр бос кеңістікте кездейсоқ жасал­майды. Даңғайыр даму даңғылына жол ашқан ауқымды жаңалықтың астарында тұрғындардың сұранысы мен биліктің ерік-жігері тонның ішкі бауындай тоғысып жатыр. Кейінгі жылдары қоғамда саяси-экономикалық жүйені өзгерту жөніндегі талаптар мейлінше пісіп-жетіліп, әлеуметтік желіде ашық айтылатын болды. Осындай сындарлы сәтте «Еститін мемлекет» концепциясы өз өміршеңдігін дәлелдеді. Азаматтардың мемлекеттік органдарға жолдаған өтініштері, сын-пікірлері, арыз-шағымдары мұқият талданып, тікелей Президентке жеткізіліп отырды. Халық үніне құлақ түрген Қасым-Жомарт Тоқаев қалың бұқараның қалауын нақты реформа­лар жоспарымен ұштастыра білді. Ең бастысы, Мемлекет басшысы елдің ертеңіне қатысты шешімдер жабық есік артында, жайлы кабинетте емес, жалпыхалықтық талқылаулар аясында қабылдануы қажет екенін ескертті. Сондықтан Ата заңды жаңартып жазуға кәсіби мамандармен қатар қарапайым жұртшылық та кеңінен тартылды.

Реформаның жүзеге асу жылнамасына қарасақ, оның жүйелі жоспарға сәйкес жүргізілгенін байқаймыз. Конституциялық жаңғырудың саяси-құқықтық негізі мен идеологиялық іргетасы 2025 жылғы 8 қыр­күйекте қаланды десек, ақиқаттың ауылынан алыс қонбаймыз. Дәл сол күні Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауын жариялап, Парламент Сенатын біржола таратуды ұсынды.

– Өткен 30 жылда Сенат өзінің осы аса маңызды тарихи миссиясын абыроймен атқарып шықты. Жоғары палата заң шығару үдерісінің, басқа да негізгі реформалардың айрықша маңызды тетігі әрі кепілі болып келеді. Баршаңызға мәлім, мен Сенатқа он жыл басшылық еттім. Бұл жұмысты қашанда зор мәртебе әрі үлкен жауапкер­шілік деп санадым. Сондықтан маған осы мінберден парламенттік реформа туралы айту оңай емес. Соған қарамастан мен дәл бүгін елімізде көп ұзамай бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергім келеді. Бірден айтайын, бұл – өте маңызды мәселе. Оны асығыс жүзеге асыруға болмайды. Бұл реформа азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ, әрине, қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет, – деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы мәлімдемесі қоғамның көптен күткен үмітін үрлеп, сенімін серпілтті. Себебі ел арасында қоспалаталы Парламенттің тиімділігін сан-саққа жүгірткен әңгіме көп қозғалатын. Президент өз сөзінде мемлекет тағдырын айқындайтын күллі мәселе әлеуметтің келісімімен ғана шешілуі керек деген пікірін тағы қайталады. Мұндай ұстаным биліктің халықпен бірге алға жыл­жуды мақсат тұтқан мағыналы стра­тегиясының анық көрінісі еді. Осылайша, бұл Жолдау саяси реформалардың жаңа кезеңіне кіріспе ретінде тарихта қалды.

Жолдаудың ізін ала Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы мен Конституциялық комиссия қарқынды жұмыс істеді. 2025 жылғы қазан айында Президенттің өкімімен 33 маманнан тұратын Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы құрылып, азаматтық қоғамның ұсыныстары жинақтала бастады. Мемле­кеттік басқару теориясы мен заң шығару социологиясы тұрғысынан алғанда, бұл жұмыс тобының құрылуы, құрамы және қызмет қылу форматы отандық құқық шығармашылығы тарихында мүлдем жаңа парадигма қалыптастырды. Ұжымның құрамына енген 33 адам қоғамның сан алуан санатынан өкілдік етті. Сайдың тасындай іріктелген саңлақтар сапында ғалымдар да, Парламент депутаттары да, сарапшылар қауымы да, азаматтық бел­сенділер де болды. Саясаттану ғылымында мұны «мүдделі тараптардың инклюзиясы» деп атайды. Яғни мемлекет әрқилы әлеуметтік қабаттарды барынша қамтып, бүкіл қоғамның даусына құлақ түруге құлық танытады. Мысалы, депутаттар қолданыс­тағы құқықтық базаның ішкі иірімдерін терең меңгерген мамандар есебінде көп көмектессе, ҚХА өкілдері этносаралық бірлік қағидаттарының, өңірлік мүдделердің ескерілуін қадағалады. Ұлттық құрылтай мүшелері реформаның жалпыұлттық сипатын арттырса, ғылыми орта толық­тырулар мен түзетулердің конституциялық қисынға, халықаралық стандарттарға сәйкестігін сараптайтын интеллектуалды сүзгі рөлін атқарды. Әйгілі философ Юрген Хабермастың делиберативті (ақылдасушы) демократия теориясына сүйенсек, заңдардың легитимділігі оларды қабылдау барысындағы тең құқылы дискуссия деңгейімен өлшенеді екен. Егер реформа құжаты, керісінше, ресми органдағы тар шеңберде әзірленсе, заң мәтініне бюрократиялық топтардың сойылын соғатын баптар кіріп кетуі мүмкін. Осы қырынан қарастырсақ та, жаңа Конс­титуцияны талқылау жұмысы пікірталастан кенде болған жоқ. Қазақстанның бұған дейінгі құқықтық тарихында заң жобалары әдетте белгілі бір ведомство қабырғасында, министрлік мінберінде даярланып, содан кейін ғана Парламентке жолданатын. Азаматтық қоғам ақырғы кезеңде ғана жазылып қойған жобаны талқылауға қатысатын. 2025 жылғы жұмыс тобының тәжірибесі ондай иерархиялық үлгіні түбегейлі алмастырды деуге толық негіз бар. Ата заңды талқылау кезінде отандық заң шығару әдістемесі «жоғарыдан төмен қарай» моделінен «төменнен жоғары қарай» моделіне ауысты.

Аталмыш топтың демократиялық тәсілі 2026 жылғы 21 қаңтарда құрылған кең көлемді Конституциялық комиссияның өнімді жұмыс істеуіне де септігін тигізді. 130 адамнан тұратын комиссияның басшысы болып Конституциялық Сот төрайымы Эльвира Әзімова, орынбасарлары болып Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Премьер-министрдің орынбасары – Мә­дениет және ақпарат министрі Аида Балаева тағайындалды. Комиссия құрамына ешқан­дай шетелдік сарапшы тартылмады. Түзетулер түгелдей отандық заңгерлер мен ғалымдардың күшімен дайындалды. Әйтпе­се, халықаралық заң шығару тәжірибесінде Конституцияға өзгерістер енгізу үшін Венеция комиссиясы сияқты Батыс инс­титуттарының мамандарына жүгіну үрдісі жиі кездесетін. Біле білсек, мұның өзі құқық саласында кәсіби жағынан қан­шалықты толысқанымызды аңғартады. Комиссияның барлық 12 отырысы онлайн режимде көрсетіліп, әлеуметтік желілерде 1 млн-нан астам қаралым жинады. 2026 жылғы 13 ақпандағы мәлімет бойынша e-Government және «е-Өтініш» жүйелері арқылы комиссияға 12 мыңнан астам өтініш түсіп, оның басым бөлігі құжат мәтінін өңдеуде ескерілген.

Міне, осындай себеп-салдар байланы­сы­ның арқасында азаматтардың 87,15 пайызы жаңартылған Ата заң жобасын жалпыұлттық референдумда мақұлдады. Өйткені сай­лаушылар сырттан таңылған құжатқа емес, өздері тікелей эфирде саралап, өздері үн қосқан өз Конституциясына дауыс берді. Сөйтіп, қазақ қоғамы айдай әлемге ауыз­біршілігін айғақтады. Озық ойлы отандық саясаттанушылар да, шетелдік сарапшылар да еліміздің бұл қадамын посткеңестік кеңіс­тіктегі ең ашық һәм ең демократиялық ре­форма деп бағалады. Халықтың 87,15 пайыздық тарихи таң­дауымен бекітілген Ата заңымыз, дау жоқ, Әділетті Қазақстанның айнымас темір­қазығына айналмақ. Ендігі міндет – сол конституциялық нормаларды күнделікті өмірде, мемлекеттік мекемелер жұмысында мүлтіксіз орындау.

Айдар ДӘУІТҰЛЫ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:55
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Шілде 2026 06:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:25see122

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

15 Тамыз 2026 23:23see115

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

15 Тамыз 2026 11:06see114

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 10:39see114

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

15 Тамыз 2026 13:28see114

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

16 Тамыз 2026 11:48see112

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 11:11see111

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

16 Тамыз 2026 10:07see110

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

15 Тамыз 2026 21:54see110

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

16 Тамыз 2026 13:08see109

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:19see106

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

15 Тамыз 2026 18:53see106

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

15 Тамыз 2026 19:16see104

Жылу желілері жаңарады

15 Тамыз 2026 04:43see104

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

16 Тамыз 2026 17:15see103

Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Кемінде 20 адам қаза тапты

15 Тамыз 2026 13:53see101

Тұрғын үй сертификаты: тетік пе, кетік пе?

15 Тамыз 2026 09:14see99

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

16 Тамыз 2026 09:40see98

Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды

15 Тамыз 2026 19:16see98

Кәсіптің кілті гаражда

15 Тамыз 2026 07:46see98
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары