Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жаһандық үндестікке бастар жол

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Құрылтай: жауапты науқан, жүйелі көзқарас

Құрылтай: жауапты науқан, жүйелі көзқарас

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Сараптамалық алаңға қаты­сушылар алдағы Құрылтай сай­лауының конституциялық негіз­де­рін, жаңа саяси модельдің жұмыс істеу ерекшеліктерін, сондай-ақ еліміздің жаңа Консти­туциясын іске асырудағы саяси партиялар мен қоғамдық бақылаудың рөлін талқылады.

Құрылтай сайлауының консти­туциялық және құқықтық негіз­де­ріне арналған бірінші сессияны саясаттанушы Ғазиз Әбішев жүргізді. Пікірталас барысында қатысушылар жаңа өкілді органды қалыптастырудың конс­ти­ту­циялық негіздерін, сайлауды өткізудің құқықтық кепілдіктерін, қоғамдық бақылау тетіктері мен азаматтардың сайлау құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәсе­ле­лерін, сондай-ақ алдағы сайлау науқанын ақпараттық сүйе­мел­деу­дің рөлі төңірегінде пікір алмасты.

Заңгер Марат Бәшімов сайлау-ды реттейтін конституциялық қағидаттарды егжей-тегжейлі талқылап, Негізгі заң Құрыл­тайдың мемлекеттік билік жүйесіндегі орнын анықтайтынын және сайлау үдерісінің құқықтық стандарттарын белгілейтінін атап өтті.

– Конституционалист бол­ғандықтан журналистер қауымы менен Құрылтайдың рөлі қанша­лық­ты арта түсетінін сұрап жатады. Мен оларға Ата заңды ашып қарасаңыздар, бәрі ап-анық жазылғанын айтамын. Яғни Құ­рыл­тайға есеп беруге келген қандай да бір министр өзінің атқарған жұмысын айта алмай, есебін дұрыс бермесе, Құрылтай депутаттары 3/2 дауыспен Президентке аталған министрді қызметінен алу туралы ұсыныс бере алады. Ал Мемлекет басшысы ол министрді қызметінен алуға міндетті. Міне, жаңа Ата заңда осындай императивтік норма бар. Бұл, әлбетте, Құрылтайдың орны нығайып, мейлінше тәртібі мен жауапкершілігі күшейтілген Үкімет қалыптасады деген сөз, – деді М.Бәшімов.

Ал саясаттанушы Айдос Сарым алдағы сайлау науқаны жаңа конституциялық модельдің ал­ғаш­қы тәжірибелік сынағы болады деген пікір білдірді. Оның пайымдауынша, алғашқы сайлаудың сапасы жаңа инсти­туттардың орнық­ты­лы­ғы мен қоғамның оларға деген сенім деңгейін айқындайды.

– Алда келе жатқан сайлау нау­­қа­нының еліміз үшін маңызы өте ерекше. Шынтуайтына келсек, осы Конституцияның жүзеге асуын­дағы ең институционалды шара – Құрылтай сайлауы. Ол болашақта Вице-президент, Жоғарғы сот, Конституциялық сот төрағаларын тағайындау, жаңа Үкіметті жасақтау сынды көптеген үлкен бастамаларға жол ашады. Осының бәрін қам­та­ма­сыз ету үшін алда келе жатқан Құрылтай сайлауы шын мәнінде өте таза, әділ әрі абсолютті лигитимді түрде өтуі керек. Бұл лиги­тим­­ділік болашақтағы сайлау нау­қан­дарының, Конституцияның алдағы уақытта да шын мәнінде жүзе­ге асу кезеңдерін қамтамасыз ететін алғышарты саналады, – деді А.Сарым.

Мәдениет және ақпарат министрінің бірінші орынбасары Қанат Ысқақов халықтың дұрыс ақпарат алуын қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды.

– Біз үшін ең маңыздысы – азаматтардың шынайы әрі өзекті ақпаратқа қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету. Бұл – халықтың дұрыс ақпарат алуына жағдай жасап қана қоймай, өткен сайлаудың қоғамдық легитимділігін, яғни қоғам тарапынан мойындалуын қамтамасыз етудің басты кепілі, – деді Қ.Ысқақов.

Әділет министрлігінің Заң­нама және құқықтық ақпарат инс­титутының директоры Жанар Жігітекова сайлау заңнамасын бұзу фактілері бойынша сот ар­қылы қорғалудың, шағымдану тетік­терінің және заңдық жауап­кер­ші­ліктің маңызын атап өтті.

Талқылау алаңының екінші сес­сиясы жаңа электоралдық жағ­­дайда саяси партиялардың стра­­тегиясы мен орны мәселесіне арналды. Сессияны Президент жанындағы Қазақстанның стра­те­гия­лық зерттеулер инсти­тутының директоры Жандос Шаймарданов жүргізді.

Сараптамалық алаңның екін­ші бөлігінде партиялық жүйе­нің трансформациясы, пар­тия­лық құрылыстың дамуы, саяси өкілдіктің сапасын арттыру, пар­тия­­лардың әртүрлі әлеуметтік топтармен өзара іс-қимылы,­ сондай-ақ қазіргі медианың және саяси мә­дениеттің сайлау үдерістеріне ықпалы талқыланды.

Саясаттанушы Эдуард Поле­таев Құрылтайды тек партиялық тізімдер арқылы қалыптастыруға көшу саяси партиялардың қоғам мүддесін білдіретін негізгі институт ретіндегі рөлін едәуір арттыратынын айтты.

Өз кезегінде Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық уни­вер­­ситетінің проректоры, сая­саттанушы Индира Рыстина партиялардың идеологиялық бірегейлігін нығайту, кадрлық әлеуетін дамыту және түрлі әлеу­мет­тік топтардың сұра­ныстарын тереңірек түсіну қажеттігіне тоқталды.

Медиаменеджер Сырым Итқұлов қазіргі саясаттағы популизм мен технократиялық тәсіл­дің арақатынасына қатысты пікір білдірді. Ол азаматтардың ұзақ­мерзімді сенімі эмоциялық ұран­дар­мен емес, кәсіби шешімдер мен партиялардың мазмұнды қызметі арқылы қалыптасатынын айтты.

Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрайымы Жұлдызай Ысқақова партиялардың әртүрлі аудитория­лармен мақсатты жұмыс істеуіне көшу қажеттігін айтып, әйелдердің саяси көшбасшылығын дамыту мәселесіне ерекше тоқталды.

«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының пре­зиденті Гүлмира Илеуова азаматтардың электоралдық мінез-құл­қына қатысты әлеу­меттанулық көз­қарасын ұсынды. Ол жаңа саяси модельдің орнықтылығы институттардың сапасына ғана емес, саяси мәдениеттің деңгейіне және партиялардың қоғаммен тұрақты өзара байланысына да тәуелді екенін атап өтті.

Қорытынды талқылау бары­сында сарапшылар алғашқы Құрылтай сайлауының табысты өтуі қоғамдық сенімді нығайтуға, демократиялық институттарды одан әрі дамытуға және жаңа Конс­ти­туциясының қағидаттарын іске асыруға маңызды үлес қоса­ты­ны­на сенім білдірді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Шілде 2026 08:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see147

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see145

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see143

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see142

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see136

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see136

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see134

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see132

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see131

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see129

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see128

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see127

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see123

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see123

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see122

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see120

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see115

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see114

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see114

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары