Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Құрылтайдағы әйелдер рөлін квота бойынша емес, олардың шешім қабылдауға қалай ықпал ететініне қарай бағалау керек Women in Tech Kazakhstan басшысы

Құрылтайдағы әйелдер рөлін квота бойынша емес, олардың шешім қабылдауға қалай ықпал ететініне қарай бағалау керек Women in Tech Kazakhstan басшысы

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Бұл туралы Алматыда өткен «Құрылтай–заң шығарушы биліктің жаңа архитектурасының негізі» атты сараптамалық алаңында Women in Tech Kazakhstan басшысы Әсем Болатжан мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Спикердің сөзінше, жаңа Құрылтайдың қалыптасуы конституциялық реформаны іс жүзінде жүзеге асырудың және Қазақстанның саяси жүйесін ауқымды жаңартудың келесі кезеңінің бір бөлігі болып табылады. Мұндай жағдайда мемлекеттік институттарды жаңарту ғана емес, саяси өкілдіктің сапалы жаңаруы да ерекше маңызға ие болады.

Әсем Болатжан қолданыстағы квотаны орындау саясатта әйелдердің толыққанды өкілдігіне жетудің тек алғашқы қадамы ғана екенін атап өтті. Олардың негізгі шешімдер қабылдауға қаншалықты тартылғаны және заң шығару күн тәртібіне нақты ықпал ете алатын мүмкіндіктерінің болуы әлдеқайда маңызды.

«Құрылтай қалыптасқаннан кейін әйелдердің жалпы үлесіне ғана емес, олардың заң шығарушы орган басшылығында, комитет төрағалары мен орынбасарлары, фракция және жұмыс топтары жетекшілері арасында қаншалықты бар екеніне назар аудару керек болады», — деп атап өтті сарапшы.

Әсем Болатжан атап өткендей, қазіргі сайлау науқаны заң шығарушы органды қалыптастырудың жаңартылған ережелері аясында өтіп жатыр, мұнда саяси партиялар алдымен бағдарламалармен, командалармен және кадр шешімдерінің сапасымен бәсекелеседі. Оның пікірінше, дәл осы себепті партиялық тізімдерді құрастыру кезінде тек ресми талаптардың орындалуын ғана емес, сонымен қатар әйелдердің заң шығару күн тәртібі айқындалатын және негізгі саяси шешімдер қабылданатын позицияларды иелену мүмкіндіктерін де бағалау маңызды.

Сарапшы қоғамдық жаңару сұранысы жаңа есімдердің пайда болуымен ғана шектелмей, тұрақты кадр резервін қалыптастыруды да қамтитынына назар аударды. Оның сөзінше, саяси партияларға бүгіннен бастап әйелдерге кәсіби өсу, өңірлік партиялық ұйымдарды басқару, мәслихаттар, қоғамдық кеңестер, сарапшылық құрылымдардың жұмысына қатысу және партиялық бағдарламаларды әзірлеу үшін тең мүмкіндіктер жасау қажет. Тек осындай жүйелі тәсіл ғана әйелдерді Құрылтайдағы басшы қызметтерге бәсекеге қабілетті ете алады.

Әсем Болатжанның пікірінше, жаңа саяси жүйенің жетілу деңгейі тек ашық әрі бәсекелес сайлау өткізумен ғана емес, жаңа Құрылтайдың әртүрлі әлеуметтік топ өкілдеріне кәсіби өсу үшін тең мүмкіндік бере алуымен және оларды мемлекеттік шешімдер қабылдау процесіне тарта алуымен де айқындалады.

Мемлекеттік органдардың, жетекші аналитикалық орталықтардың, ғылыми қоғамдастықтың, жоғары оқу орындарының, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылар қоғамдастығының өкілдерін біріктірген сараптамалық алаң Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:87
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Шілде 2026 11:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see133

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see133

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see127

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see127

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see125

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see124

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see123

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see123

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see122

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see121

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see120

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see120

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see119

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see118

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see117

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары