Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Құт саулаған аруана

Құт саулаған аруана

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

«Қазақтың кейбір күйлері теңселе тебіреніп, күйзеле күңі­реніп, безілдей бебеулеп басталады. Құдды бір Жер-Ананың өзін толғақ қысып, ышқына ыңырсып жат­қандай. Тас құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібітіп, жаңа бір Алып перзент бұл дүниеге бет алғандай. Оның жарыққа кел­ге­нін ұлан дүние түгел тосып тұр­ғандай. Жер мен көк шыр көбелек айналып, асыр салып, билей ала жөнеледі. Осылай арындап, ала қы­зып, басталатын өмір сазының әр дірілін аудармай-төңкермей дәлме дәл құйып ала қояр құйма құлақ күйшілер біздің қазақта жетіп артылады. Солардың ең дү­лей еркесі де, қара домбыраны қақпақыл қылып, қаққанда қы­лын, соққанда сөлін шығарып, қақ­тай еметін еріні епсек ерені де – Дина шешеміз еді» деп жазған әйгілі Әбіш Кекілбайұлы «Дина Нұрпейісова – көңіл жайлауынан тұла бойын күйге толтырып ораған, нағыз құт саулаған түйе енесі – құба сирақ аруана» деп бағасын берген екен.

Расында Дина шешеміздің өнеріне де, өміріне де таңдай қақпасқа амал жоқ: ХІХ ғасырда қазақ әйелі көрген бүкіл қиын­дықты басынан өткерді: байдың тоқалы да болды, әмеңгерлікпен қайнысына да шықты, 11 құрсақ көтерді. Бірақ жоғалмады, бордай тозып кетпеді: 76 жасында тәуекелге бел буып, Алматыға барды, қалған 18 жыл ғұмырында қазақ күй өнерінің көгіне шықты! Не деген күш! Не деген
қайрат!

Міне, енді күй анасының мерейтойын күллі қазақ араға 5-10 жыл аралатып үнемі атап өтіп келеді. Биыл да Орал қаласында «Күй-мұра» республикалық кон­ференциясы, Жаңақала то­пырағында «Әсем Қоңыр» респуб­ликалық домбырашылар байқауы жоғары деңгейде өтті.

Биылғы байқаудың төрінде күйшінің Қоңыр есімді қызынан туған жиені, 1944 жылы туған Бағила Бишаева да болып, облыс әкімінің атынан құрмет-сияпатқа бөленді. Одан бөлек, алыс-жақыннан ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор-ұстаз, күйші-домбырашы Айт­жан Тоқтаған, ҚР Мәдениет қай­раткері, Қазақ ұлттық өнер универ­ситетінің аға оқытушысы Құрманбай Ғабделов, филосо­фия докторы, Қазақ ұлттық өнер уни­верситетінің оқыту­шы­сы Айтолқын Тоқтаған, ҚР Мәде­ниет саласының үздігі Досым Мақсұтов, Құрманғазы оркестрі­нің әртісі, күйші Азамат Шына­ров, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, фило­ло­гия ғылымдарының кандидаты, ақын Маржан Ершу, Д.Нұр­пейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің директоры Хамил Сүйекбаев, осы оркестрдің қобызшысы, өнертанушы Ақнар Тәттібайқызы, оркестр жанындағы «Сармад» этно-фольклорлық ансамблінің жетекшісі Ақбөкен Темір, Д.Нұр­пейісова атындағы академия­лық колледж директорының орынбасары Ардақ Сүндет­қа­лиқызы, Қазақстан Күйшілер одағының төрағасы Асқар Кен­жеғалиев, т.б. танымал мамандар қатысты.

Биылғы мерейтойдың бір ол­жа­сы – Айтолқын Тоқ­тағанның «Дина Нұрпейісова күй­ле­рі­нің рухани әлемі» атты моно­графиясының кітап болып шығуы дер едік. Ғалымның көп жылғы еңбегінде күйшінің өмір жолы мен шығармашылығы барынша кеңінен қарастырылған, бұрын құпия немесе беймәлім болып келген деректерге сәуле түскен, Дина шығармаларына кәсіби талдау жасалып, тарихы көрсетіл­ген. Бір қызығы, зерттеуші күйші­нің ер мінезін, бунтарлық болмысын тап басып айтқаны­мен, Дина шығармашылығының ана­лық, әйелдік сипатына да назар аударып, бұл ерекшелікті қазақтың дәстүрлі қолөнеріндегі «құрақ құрау» тәсілімен салыстырады.

Әрине, әйгілі күйші мұрасын халыққа жеткізу, өнерін насихаттау бағытында бұған дейін де жүйелі жұмыс жүргені рас. Жаңақала ауданы орталығында Дина Нұрпейісова атындағы өнер тарихы музейі, Орал қаласында Дина атында балалар саз мектебі жұмыс істеп тұр. Биылғы іс-шараға арнайы шақырылған ақын Маржан Ершу конференцияда 2007 жылы «Дина» поэмасын, кейін танымал режиссер Болат Атабаевтың ұсынысымен «Дина» драмасын жазу тарихын айтып берді. Маржан Аманқосқызы 2011 жылы күй анасының 150 жылдығына орай Түрксойдың ұсынысымен Түркия астанасы Анкара қаласының Этимесгут ауданында «Дина Нұрпейісова паркі» ашылуына да себепкер болған екен. 2019 жылы автордың қазақша-түрікше шыққан «Дина» деген кітабының тұсаукесері Анкарада өтіпті. «Анкарадағы саябаққа Дина Нұрпейісованың ескерткіші орнатылса, өте жақсы болар еді. Түрік жағы бұл ескерткіштің тұғырын да әзірлеп қойды. Бұл жерде Дина апайдың күйлері орындалатындай жағдай жасасақ, демалуға келген кісілер ерекше әсер алар еді», дейді ақын.

Осы мерейтой аясында өткен жас күйшілер байқауына Астана мен Алматы қаласынан, Жамбыл, Қызылорда және Батыс Қазақстан облысынан 13 өнерпаз қатысқан еді. Жаңақала жерінде әйгілі Мәмен Мұратұлының, Қали Жантілеуовтің және Тұяқберді Шәміловтің кесенелеріне зиярат етіп, аудан орталығындағы күйшілер аллеясын аралаған жас күйшілер екі күн бойы ерекше сезімді басынан өткерді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» ордені иегері, Қазақстан Респуб­ликасы Күйшілер одағының мү­шесі Ермек Қазиевтің үлгі-өнегесі қандай! Мәдениет сарайына тайлы-таяғы келмей ке­ліп, күй сайысын құмарта тама­шалайтын жаңақалалық көрер­мен­нің ықыласы да бөлек. Батыс Қа­зақ­стан облыстық халық шы­ғар­машылығы орталығы ұйым­дас­­тырған бұл шара да биік дең­гейден түспеді.

Сонымен, «Әсем Қоңыр» күй байқауының бас жүлдесі орал­дық Әділет Жолдығалиға бұйыр­ды. Жүлделі І орынды Бекнұр Әбдижәли (Қызылода облысы) мен Жұлдызай Кенгесбаева (Алматы қаласы) бөлісті. Оралдық Райымбек Тарихов, астаналық Дана Дидар мен Қымбат Ғабдул­линаға – ІІ орын, Сырым Шонбаев (Жамбыл облысы), Айша Жанай­дар­қызы мен Наргиза Касумоваға (екеуі де Оралдан) – ІІІ орын бұйыр­ды. Рахман Қойшекен дип­ломант атанды.

 

Батыс Қазақстан облысы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:84
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Шілде 2026 09:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары