Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

Президент жауапты мемлекеттік органдар басшыларының есебін тыңдады

Қаражат қазынаға қайтса құт

Қаражат қазынаға қайтса құт

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

ШОБ өкілдері де осы арқылы өз өнімдерін өткізіп, пайда тауып отыр. Яғни, мемлекет тұрақты тапсырыс беруші ретінде кәсіпкерлердің саудасын дөңгелетуде. Бірақ осы жүйе арқылы айналатын триллиондар нақты нәтиже беріп отыр ма? Құжат жүзінде бәрі тамаша: жаңа заң қабылданды, рәсімдер жеңілдеді, жасанды интеллект енгізілді, отандық өндірушілермен келісімшарттар артты. Алайда Finprom сарапшылары тексерілген әр оныншы теңге заң бұзушылықпен жұмсалып жатқанын жария етті. Мамандар құжатта «үнемделген» миллиардтар іс жүзінде көлеңкелі еңбек пен жалған мердігерлердің қалтасына кетіп жатқанын алға тартуда.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, биылғы қаңтар-тамыз айларында камерал­дық бақылаумен 320,7 мың конкурс, аук­цион және бір көзден тікелей сатып алу рәсімдері қамтылған. Соның ішінде 26,4 мың рәсімде, яғни 8,2 пайызында заң бұзушылықтар анықталған. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда тексеріс саны 19 пайызға азайғанымен, бұзушылықтар сомасы 23,8 пайызға өсіп, 1,3 млрд теңгеге жеткен. Демек, тексерілген әр оныншы теңге мақсатсыз жұмсалған деген сөз.

Мұндай деректер мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі құрылымдық өзгерістерді де көрсетеді. Биыл өткізілген рәсімдер саны 37,8 пайызға өскен. 2025 жылдың алғашқы алты айында 1,3 млн рәсім өт­кізілсе, өткен жылы бұл көрсеткіш небәрі 959 мың болған. Алайда конкурстық тәсіл сиреп кеткен: бар болғаны 52,3 мың кон­курс өткен, бұл өткен жылмен салыс­тыр­ғанда 7,6 есе аз. Есесіне, баға ұсыныстарын сұрату әдісімен өткен сатып алулар екі есе артып, 774 мыңға жеткен. Бір көзден алу тәсілдері де жиілеп барады: тікелей келісімшарттар саны 18 еседен астам өскен.

Жылдың алғашқы жартысында мемле­кеттік сатып алу көлемі 10,1 пайызға өсіп, мемлекет 6 трлн теңгеден астам қаражатқа тауар мен қызмет сатып алған. Ерекше назар аударатын жайт  – шетелдік жеткізу­ші­лермен жасалған келісімшарттар үлесі­нің өсуі. Былтыр бұл көрсеткіш небәрі 0,3 пайыз болса, биыл 2,3 пайызға жеткен. Ақшалай мәнде бұл 136 млрд теңге, яғни сегіз есе өсім деген сөз.

Сондай-ақ бүгінде жыл сайын бөлі­нетін шамамен 30 трлн теңгеге жететін мемлекеттік инвестициялар нақты нәтиже бермей отыр. Бұл – Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болат­бек Нажметдинұлының пікірі. Ол мем­лекеттік сатып алудағы тиімсіздік мәсе­лесіне ерекше тоқталды.

«Бұл қаржының басым бөлігі құрылыс, инфрақұрылым, жол, әлеуметтік нысандар және тұрғын үй құрылысы сияқты сала­лар­­ға бағытталады. Алайда бұл қаражат ел эко­номикасына және халықтың әл-ауқа­тына нақты әсер етіп отырған жоқ», – дейді депутат.

Депутаттың айтуынша, кейбір ком­пания­лар ондаған ірі жобаларды аз ғана штатпен орындайды.

«Қызметкерлері небәрі бірнеше онда­ған адамнан тұратын фирмалар жүздеген миллиард теңгелік жобаларды атқарып жүр. Олар мемлекеттік бағдарламалар ая­сын­да пәтерлер салады, әлеуметтік нысан­дар тұрғызады, жол мен жылу жүйесін жөн­дейді. Бірақ, шын мәнінде, бұл жұмыс­тарды көбіне шетелдік және тіркелмеген жұмысшылар атқарады. Олардың табысы­нан салық та, әлеуметтік төлем де төлен­бейді», – деп түсіндірді ол.

Депутат мемлекеттік бақылаудың әл­сіздігін де сынға алды. Оның пікірінше, отандық өндірушілерді қолдау мен қазақ­стандық үлесті сақтау ісі қағаз жүзінде ғана қалып отыр. «Бұл бағыт Индустрия және құрылыс министрлігінің құзырында болға­нымен, бақылау көбіне формалды сипатта. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі нақты жұмыспен қамтуды, ал салық органдары табыс пен аударымдарды бақылауға тиіс. Бірақ бұл жүйелі түрде жүзеге аспайды», – деді депутат.

Егер мемлекеттік қаражат тиімді жұм­салса, оның айтуынша, жұмыссыздық дең­гейі төмендеп, экономикадағы қара нар­ық азаяр еді. «Тиімді бақылау болған жағдайда мемлекет қосымша кіріс алады, әлеуметтік төлемдерге түсетін салмақ азая­ды. Бұл халықтың өмір сапасына тікелей әсер ететін фактор», – дейді депутат.

Болатбек Нажметдинұлының сөзінше, бұл мәселе бойынша тиісті министр­лік­термен жұмыс жүргізіліп жатыр. Эконо­микалық блокқа жетекшілік ететін вице-премьер Серік Жұманғаринмен де кездесу өткен. Мемлекеттік қаражаттың тиімділі­гі – елдің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығының негізі. Сондықтан бұл тақырып алдағы уақытта Үкімет деңгейінде қаралып, саяси шешім қабылдануға тиіс.

Үкімет отырысында жаңа заңның алғашқы нәтижелерімен бөліскен Қаржы министрі Мади Такиев биылғы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша отандық өндірушілермен жасалған келісім­шарттардың үлесі 30 пайызға өскенін айт­ты. Ал шағымдар саны 25 пайызға азайған. «Бүгінде сатып алу рәсімдерінің мерзімі бар­ынша қысқартылып, отандық өндіру­шілерді қолдауға бағытталған бірқатар норма енгізілді. Соның арқасында келісім­шарттардың жалпы сомасы мен отандық өндірушілермен жасалған сатып алулар көлемі екі есеге артты. Бұл – экономикалық өсімнің маңызды көрсеткіші», – деді министр.

Оның айтуынша, жаңа жүйеге жасанды интеллект элементтері енгізіліп, адами фактор әсерін азайтуға мүмкіндік туған.

«Қазір рейтингтік-бағалау жүйесі қол­данылатын конкурс түрі бар. Онда комис­сия құрылмайды, жеңімпаз автоматты түрде анықталады және қорытындыға шағым беру қарастырылмаған. Осы тә­сілдің арқасында 781 млрд теңге үнемд­елді», – деді ол. Бұл технология уақытты үнем­деп қана қоймай, ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Министр сондай-ақ 2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет кірістері 17,3 трлн теңгені құрап, жоспар 102 пайызға орын­далғанын мәлімдеді. Дегенмен бұл көрсет­кіш­терге қарамастан, мемлекеттік сатып алудағы заң бұзушылықтар мәселесі әлі де өзекті болып отыр.

Шағымдану тәртібіндегі өзгерістер де кәсіпкерлер назарында. goszakup.gov.kz порталының дерегінше, биыл қанағаттан­дырылмаған шағымдар үлесі 68,4 пайызға жеткен. Өткен жылы бұл көрсеткіш 55 пайыз болған. Биылғы сегіз айда порталға 19,9 мың шағым түскен, олардың тек 6 мыңы ғана толық, ал 71-і жартылай қанаға­ттандырылған. Кәсіпкерлер көбіне бәсе­келестердің заңсыз қатыстырылуы, өтінім­дердің негізсіз кері қайтарылуы және ұйым­дастырушылар тарапынан қойыла­тын орынсыз талаптарға наразылық білдіреді.

Жалпы алғанда, жаңа заң мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеделдетіп, ашық­тықты күшейтсе де, жүйедегі түйткілдер әлі толық шешілген жоқ. Қаржының мақ­сатсыз жұмсалуы, бақылаудың формалды сипат алуы және көлеңкелі еңбек күші – әлі де өзекті мәселелердің бірі. Сарап­шылардың пікірінше, цифрландыру мен жасанды интеллект элементтері енгізіл­генімен, ең бастысы – адам факторы мен адал­дық қағидатын сақтау. Себебі әр тең­генің қайда және қалай жұмсалғаны қашан да халықтың назарында болуға тиіс.

Кәмила ДҮЙСЕН

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:231
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2025 05:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see164

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see162

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see154

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see153

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see150

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see148

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see144

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see144

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see141

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see139

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see136

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see135

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see134

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see133

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see129

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see127

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see124

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see121

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

20 Қыркүйек 2026 22:22see117

Президент жауапты мемлекеттік органдар басшыларының есебін тыңдады

19 Қыркүйек 2026 14:32see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары