Қырғызстанда киім өндірісінде техникалық қарасораны пайдалану ұсынылды
Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Ол қырғызстандық тігін кәсіпорындары Ресейде жақсы танымал екенін атап өтті.
— Өндірісте жергілікті маталарды пайдаланған дұрыс болар еді. Ал олар матаны Түркия мен Қытайдан әкеледі. Басқа елдерде, мысалы, Америкада қарасорадан тігілген киім мен сөмкелерді сатып алуға болады, — деді депутат.
Өз кезегінде Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрінің орынбасары бұл бағытта Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жұмыс жүргізу және заңнамаға өзгерістер енгізу қажет екенін айтты.
— Сондай-ақ техникалық қарасораға сынақ жұмыстарын жүргізу керек. Одан кейін қорытындыны Ғылым академиясына жолдаймыз. Техникалық қарасорадан өндірілген маталарды әскер саласында да қолдануға болады, — деп атап өтті ол.
Осыған дейін Қырғызстан қара металл сынықтары мен қалдықтары экспортына тыйымды ұзартқанын жазған болатынбыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:37
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Ақпан 2026 23:46 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















