Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Автокөлік өндірісінде өсім бар

Автокөлік өндірісінде өсім бар

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Былтыр елдегі автокөлік зауыттары бұрынғыдан көп өнім шығарды. Өндіріс көлемі артты, жаңа зауыттар іске қосылды, салаға инвестиция көбейді. Алайда барлық өңірде нәтиже бірдей емес. Кей кәсіпорындар өсім көрсетсе, енді бірінде көрсеткіш төмендеді.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Өткен жыл ел автоөнеркәсібі үшін нақты көрсеткіштермен есте қалды. Жыл бойы елдегі зауыттар 171 мың бірлік көлік құралын шығарды. Оның ішін­де жеңіл автомобильдер де, жүк көліктері мен автобустар да бар. Қазақстанның Автокөлік одағы (ҚАО) келтірген дерекке сәйкес, өндірілген техниканың жалпы құны 2,3 трлн теңгеден асты.

Ал 2024 жылы зауыттар­дан 145 мың бірлік техника шық­қан болатын, оның жал­пы құны 1,9 трлн теңге еді. Бір жыл ішінде өндіріс көле­мі 17,8 пайызға өскені тіркел­ді. Қазір автоөнеркәсіп өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемі­нің 8 пайызын алып отыр. Ма­шинажасау саласының ішінде бұл сектордың үлесі 41,7 пайыз­ға жетті.

Бұл кезеңде салаға қаржы құю да жалғасты. 2025 жылы автокөлік өндірісіне 113,6 млрд теңге инвестиция бағытталды. Қаражат зауыттарды жаңа жабдықтармен қамтуға және автомобиль компоненттерін өндіруге жұмсалды. Алматы мен Қостанай қалаларында жаңа өндіріс орындары іске қосылды. «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» және «Kia Qazaqstan» зауыттары осы жылы жұмысын баста­ды. Осы кәсіпорындар іске қосыл­ғаннан кейін саладағы жұмыс орындарының саны артты. Жыл соңындағы есеп бойынша автоөнеркәсіпте 111 мыңнан астам адам еңбек етіп жүр.

ҚАО президенті Анар Мақашеваның сөзінше, өткен жыл автоөнеркәсіп үшін өндіріс көлемі өскен кезең болды.

«Жаңа зауыттар іске қосыл­ды, соның әсерінен жұмыс орындарының саны артты. Қа­зір салада 11 мыңнан аса ма­ман еңбек етіп отыр. Авто­мо­биль өнеркәсібінің маши­на жасау саласындағы үле­сі 41 пайызға жуықтады. Бұл өң­деу өнеркәсібіндегі 8 пайыз­дық үлеспен қатар жү­ріп жатыр. Қосалқы бөл­шек­­тер өндірушілер тарапы­нан қы­зығушылық бар екенін байқап отырмыз. Инвести­ция­лар ке­ліп жатыр, бірақ алда әлі де ше­шілуге тиіс мәсе­ле­лер жеткілікті. Негізгі міндет­тердің бірі локализация дең­гейін арттыру және өндірістік үдерістерді жүйелі түрде дамыту», дейді ол.

Өндіріс құрылымына келсек, 2025 жылы жеңіл авто­көлік бұрынғыдай негізгі үлесті сақтап қалды. Жеңіл автокө­лік өндірісі 2024 жылғы 158,9 мың бірлік көрсеткішпен салыс­тырғанда  19 пайызға артты. Коммерция­лық автокөлік сег­ментінде 12,2 мың техника шығарылды. Бұл көр­сеткіш өткен жылмен салыс­тырғанда 8 пайызға жоғары.

Нақты зауыттардың жұмы­сына тоқталғанда өңірлер ара­сындағы айырмашылық та байқалады. Қостанай қала­сындағы Allur тобына кіретін «СарыарқаАвтоПром» зауыты 92,1 мың техника құрастырды. Бұл көрсеткішке жеңіл автомобильдер мен жүк көліктері кіреді. Бір жыл бұрын зауыт 90,5 мың техника шығарған еді. Алматы қаласында орналасқан «Hyundai Trans Kazakhstan» кәсіпорны 52 мың жеңіл автомобиль өндірді. Бұл 14,6 пайыздық өсім ретінде тіркелді. Жаңа іске қосылған «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» зауы­ты төрт айдың ішінде 15,1 мың автомобиль шығарды.

«Коммерциялық техника өндірісінде де әртүр­лі нәтиже бар. Семей қаласын­дағы «СемАЗ» зауыты 3 мың ком­­мерциялық техника жө­нелтті. Бұл көрсеткіш 5,3 па­йызға төмендеді. «Kia Qazaqstan» зауыты үш ай ішінде 2885 коммерциялық техника өн­дірді. Қарағанды облысының Саран қаласында орналасқан QazTehna зауыты 2,6 мың техника шығарып, өткен жылмен салыстырғанда 69,1 пайыздық өсім көрсетті. Көкшетаудағы «КамАЗ Инжиниринг» кәсіп­орны 1426 бірлік жүк көлігін құрастырды, бұл 6,4 пайызға азайған. Алматыдағы «Hyundai Trans Almaty» зауыты 754 бірлік коммерциялық техника өндірді. Семейдегі «Daewoo Bus Kazakhstan» кәсіпорны 341 техника шығарды. «Уральск­агрореммаш» зауыты 25 бірлік арнайы техника өндірді», деді ҚАО президенті.

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 7,3 млн теңгенің жерін алаяқтықпен сатқан экс-директор сотталды

Заң • Бүгін, 00:19

ҚМДБ: фолловер санын бот арқылы көбейтуге тыйым салынады

Қоғам • Кеше

Алматыда құны 300 млн теңгеден асатын институт мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматы • Кеше

ЕАЭО-да шетелдік маркетплейстерден сатып алынатын тауар бажсыз жеткізіле береді

Сауда • Кеше

Тілсіз жау бір отбасын ойрандап кетті

Төтенше жағдай • Кеше

Жалған нөмірмен жүрген көліктер анықталды

Заң • Кеше

Yenlik Colors ән жобасына қатысатын алғашқы қазақстандық әнші болды

Жасанды интеллект • Кеше

TikTok-та қазақ ұлтына тіл тигізген Қостанай тұрғыны 2 жылға сотталды

Қоғам • Кеше

Иран келіссөз жүргізуді ұсынды, бірақ АҚШ диалогқа дейін әрекет етуі мүмкін

Әлем • Кеше

Қонаевтың рухына тағзым етті

Тұлға • Кеше

Биыл Павлодарда 10 балабақша мен 13 мектеп жөндеуден өтеді

Құрылыс • Кеше

Атырау облысында жоғалып кеткен отбасы: марқұм әйелдің соңғы аудиожазбасына қатысты жаңа дерек шықты

Қылмыс • Кеше

Ұлттық ұланның «BURKIT TEAM» командасы AMMA Азия чемпионатында жүлдегер атанды

Әскер • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады

Президент • Кеше

Депутат өңдеу өнеркәсібінің проблемаларымен танысты

Экономика • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:161
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 08:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see140

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see136

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see134

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see131

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see129

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see128

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see124

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see123

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see123

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see122

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see121

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see121

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see118

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see118

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see117

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see117

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see116

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары