Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қырғызстанда құтқарушылардың неліктен Наговицинаның денесіне көтеріле алмай жатқаны айтылды

Қырғызстанда құтқарушылардың неліктен Наговицинаның денесіне көтеріле алмай жатқаны айтылды

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қырғызстандағы Жеңіс шыңында қаза тапқан ресейлік альпинист Наталья Наговицинаның денесін алып түсу үшін құтқарушылардың қауіпсіздігіне толық кепілдік берілмейінше, олар тауға шыға алмайды. Бұл туралы РИА Новости Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Tengri Travel.

Ведомствоның түсіндіруінше, қайғылы оқиға болған жерде ауа райы санаулы минуттарда өзгеріп кетуі мүмкін. Бұл жағдай тауға көтерілуге, оның ішінде тергеу және құтқару іс-шараларын жүргізуге қолайсыздық тудырады.

"Жұмысты жүргізу туралы шешім мамандардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп-қатерді міндетті түрде бағалау арқылы қабылданады. Төтенше жағдайлар министрлігі операцияның қауіпсіздігіне жеткілікті кепілдік болмаған жағдайда құтқарушыларды аттандыра алмайды", - деді ведомство өкілі.

Сонымен қатар ол альпинистің денесін эвакуациялау үшін тек ауа райының қолайлы болуы жеткіліксіз екенін атап өтті.

Министрлік жеті мың метрден астам биіктіктен мәйітті алып түсу үшін тек ауа райының түзелуі аздық ететінін жеткізді. Құтқару жұмыстары үшін қажетті техника мен альпинистердің арнайы дайындығы болуы шарт.

Сондай-ақ ведомство Қырғызстанда жеті мың метрден жоғары биіктікке көтеріле алатын авиациялық техниканың жоқтығын түсіндірді. ТЖМ иелігіндегі Airbus H-125 тікұшағы теңіз деңгейінен 7010 метрге дейінгі биіктікке қона алады, ал Наговицинаның денесі шамамен 7102 метр биіктікте жатыр.

"Осылайша, Қырғыз Республикасы ТЖМ иелігіндегі Airbus H-125 тікұшағымен альпинист жатқан биіктікке тікелей қону техникалық тұрғыдан мүмкін емес", - деп түйіндеді ведомство.

Наталья Наговицына 2025 жылғы 12 тамызда Тянь-Шаньның ең биік нүктесі – Жеңіс шыңынан түсу кезінде, теңіз деңгейінен шамамен 7,2 мың метр биіктікте аяғынан жарақат алған болатын.

Бастапқыда оны зембілмен тасымалдаған, бірақ кейін көмек келгенше шыдауы үшін жылы киім және азық-түлік қорымен таудағы шатырда қалдырған. Ресейлік әйелді басқа альпинистер бірнеше рет құтқармақ болды, алайда ауа райының қиындығына байланысты ол мүмкін болмаған. Тіпті олардың бірі – италиялық Лука Синигалья қаза тапты.

Былтыр тамыз соңында құтқару жұмыстары тоқтатылды. Наговицына ресми түрде хабар-ошарсыз кеткендер тізіміне енді. Натальяның шатырда өлер алдындағы хатын қалдыруы мүмкін деген болжам бар.

Биыл да Наговицынаның денесін табу мүмкін болмайды, себебі Жеңіс шыңына шығу маусымы қазірдің өзінде жабық.

Бұған дейін Ресей альпинизм федерациясының классикалық альпинизм комитетінің басшысы Александр Яковенко альпинистік тәжірибе тарихында Жеңіс шыңының ең күрделі учаскелерінен адамдарды эвакуациялау сәтті аяқталған жағдайлар болмағанын айтқан еді. Дегенмен, мамандар Наговицынаның денесін алып шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:121
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Тамыз 2026 11:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары