Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қытай қоғамы Қазақстандағы саяси реформалар нәтижелеріне жоғары баға береді

Қытай қоғамы Қазақстандағы саяси реформалар нәтижелеріне жоғары баға береді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Әлеуметтік желілердегі пікірталастармен қатар, қытайлық блогерлер, сарапшылар және ақпараттық платформалар бұл реформалардың мәні мен ықтимал нәтижелеріне ерекше назар аударып, Қазақстанның саяси жаңғыру бағытына оң баға беріп отыр.

Қытайлық интернет қолданушыларының пікірінше, Қазақстан жүргізіп отырған реформалар мемлекеттік басқарудың жаңа кезеңіне жол ашады. Мәселен, «Юэинь кэлэмао» (娱音可乐猫) есімді блогер өз жазбасында Қазақстанның «бір адамның билігі үстемдік ететін басқару моделінен біртіндеп бас тартып, институционалдық басқару жүйесіне көшуге нақты қадам жасағанын» атап өткен. Оның пікірінше, бұл — елдің ұзақмерзімді тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық шешім.

Фото: Синьхуа

Ал «Лу ши пин шо» (卢师评说) атты қолданушы Қазақстандағы өзгерістерді «суперпрезиденттік жүйеден бас тартып, мемлекеттік басқарудың жаңа теңгерімді моделіне көшу» деп бағалап, мұндай реформалар елдің саяси жүйесін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік беретінін жазған.

Сонымен қатар, «Цин ши лоулань» (青史楼兰) есімді блогер Қазақстанның бұл қадамын «мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды тарихи шешім» ретінде сипаттаған.

Қытай интернет кеңістігінде жарияланған пікірлерде биліктің институционалдық негіздерін нығайту мәселесіне ерекше назар аударылады. Мысалы, «Наньху сяо мяньян» (南湖小绵羊) атты қолданушы «билік шектелуі, бақылауда болуы және мерзімдік негізде жүзеге асырылуы тиіс» деп атап өтсе, «Байкэ фэньсян цзюнь» (百科分享菌) есімді блогер «өз жүйесін реформалауға батылы жететін көшбасшы — тарихи тұлға» деген пікір білдірген.

Сондай-ақ «Цзицзи дэ чуаньфань» (积极的船帆) атты қолданушы Қазақстанның реформаларын «құқықтық және өркениетті мемлекетке қарай жасалған маңызды қадам» деп бағаласа, «Цзи су сяо юй» (极速小鱼) есімді интернет қолданушы «мемлекет мүддесін жеке биліктен жоғары қою — елдің болашағын айқындайтын маңызды фактор» екенін атап өткен.

Фото: Pixabay

Қытайлық ақпараттық және сараптамалық платформаларда жарияланған материалдарда Қазақстанның дәстүрлі «суперпрезиденттік» басқару моделінен бас тартып, «күшті Президент — жауапты Үкімет — ықпалды Парламент» қағидатына негізделген жаңа басқару жүйесіне көшуі мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға бағытталғаны аталып өтеді. Сарапшылардың пікірінше, бұл өзгерістер мемлекеттік институттардың рөлін күшейтіп, саяси жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Қытайдың жетекші бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстандағы саяси және экономикалық реформаларға тұрақты түрде назар аударып келеді. Атап айтқанда, Қытайдың «Синьхуа» ақпарат агенттігі Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысы туралы хабар таратып, еліміздің теміржол инфрақұрылымын дамыту арқылы транзиттік жүк тасымалы көлемін жыл соңына дейін 55 миллион тоннаға жеткізуді жоспарлап отырғанын атап өтті. Материал «Қазақстан теміржол өткізу қабілетін арттырып, Еуразия құрлығындағы логистикалық тиімділікті күшейтеді» деген тақырыппен жарияланды.

Бұл ақпаратты Қытай Коммунистік партиясының ресми басылымы — «Жэньминь жибао» газетінің интернет-нұсқасы да жариялап, дереккөз ретінде «Синьхуа» агенттігін көрсеткен. Басылым Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған шаралары елдің өңірлік және халықаралық экономикалық байланыстарын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Жалпы алғанда, Қытай қоғамында Қазақстандағы саяси реформалар мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған тарихи кезең ретінде қабылданып отыр. Қытайлық интернет қолданушылары мен сарапшылардың басым бөлігі бұл өзгерістерді институционалдық тұрақтылықты нығайтуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлін күшейтуге бағытталған маңызды стратегиялық қадам ретінде бағалайды.

Айта кетейік, қазір Ата Заңымыздың болашағына арналған «Референдум-2026» атты онлайн-марафон өтіп жатыр. Марафон аясында 100-ге жуық сарапшы, заңгер, қоғам белсендісі мен мемлекет қайраткерлері сөз сөйлейді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Ақпан 2026 15:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары