Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Қытай Жапонияға қысымды күшейтіп, екі пандасын қайтарып алды

Қытай Жапонияға қысымды күшейтіп, екі пандасын қайтарып алды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

BBC News материалына сүйенген Aikyn.kz Қытай-Жапон қатынастарының шиеленіс себептерін түсіндіреді.

Екі ел арасындағы дағдарысқа Жапон үкіметінің премьер-министрі Такаичи Қытай Тайванға шабуыл жасаса, Жапонияның әскери күштері де қарап қалмайтыны туралы тұспалдаған мәлімдемесі түрткі болған. Тайвань мәселесін «қызыл сызық» санайтын Бейжің дереу қатқыл реакция танытып, Токиодан сөзін теріске шығаруды талап етті. Алайда Такаичи пікірін қайтарып алудан бас тартты. Сарапшылар оның жуырдағы сайлаудағы сенімді жеңісі бұл ұстанымды одан әрі нығайтуы мүмкін дейді.

Шиеленістің символына айналған оқиғаның бірі – Уэно хайуанаттар бағындағы Сяо Сяо мен Лэй Лэй пандаларының Қытайға қайтарылуы. Бұл екі қонжық 2021 жылы Токио қаласындағы Уэно хайуанаттар бағында дүниеге келді. Олар жануарларды көбейту (асылдандыру) саласындағы зерттеулер жүргізу мақсатында Жапонияға уақытша Қытайдан әкелінген аналық аю (кірекей) Син Син мен аталық аю Ри Риден туған болатын. Осылайша Жапония алғаш рет қытай пандаларынсыз қалды. 

Сонымен қатар Бейжің қысымды көп бағытта күшейтті. Олар әскери кемелер мен дрондардың белсенділігі арттырды, даулы Сенкаку/Дяоюй маңында жағалау күзеті кемелері қақтығысты, жапондық билік қытайлық балық аулау кемесін ұстады.

Шиеленіске экономикалық тетіктер де қосылды. Қытай сирекжер элементтері мен аса маңызды минералдарды, қосарлы мақсаттағы технологиялар экспортына шектеу енгізді. Туризмге әсер ететін қадамдар жасалып, Қытай азаматтарына Жапонияға бармау жөнінде ескерту айтылды және Жапонияға қатынайтын 49 бағыттағы рейс тоқтатылды. Мәдени салада жапондық жұлдыздардың концерттері мен бірнеше фильмдердің көрсетілімі кейінге шегерілді.

IISS сарапшысы Роберт Уорд мұны Тайваньға қарсы қолданылатын «сұр аймақ соғысына» ұқсатып, мақсаты «қарсыласты қажытып, қалыпты емес нәрсені қалыптыға айналдыру» дейді. Қытай сыртқы істер министрі Ван И болса, Такаичидің мәлімдемелерін «өте қауіпті оқиға» деп атады. Ал Стэнфорд сарапшысы Киётеру Цуцуи қысым науқаны Такаичидің ішкі қолдауын күшейтіп жіберуі мүмкін екенін айтып, «бұл танго біраз уақытқа созылады» деп болжады.

Токио қорғаныс шығынын ЖІӨ-нің 2%-ына ертерек жеткізуді және қауіпсіздік стратегияларын қайта қарауды жеделдетпек. Сарапшылардың пайымынша, жақын уақытта деэскалациядан гөрі, шиеленістің жаңа, жоғары деңгейде «қатып қалуы» ықтимал.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:117
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Ақпан 2026 09:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see124

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары