Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Қасым Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Алтын қыран орденімен марапаттады

Қыздардың еншісінде бес медаль

Қыздардың еншісінде бес медаль

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Бүгін Моңғолия астанасы Ұланбатырда бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты түңлігін түсіреді. 12 күнге ұласқан құрлық аламанында 21 елдің боксшылары бақ сынады.

Жерлесіміз Геннадий Головкин басшылық ететін «World Boxing» ұйымы ересектер арасындағы Азия чемпионатын алғаш рет өткізді. Әттеген-айы да, мерейімізді асырған әсерлі сәттері де қатар өрілген құрлық бәйгесінде боксшыларымыз сенімді ақтай алды ма? Алдымен бойжеткендеріміздің шыққан биігін бағамдайық. 

Әйелдер құрамасының бас бап­кері Елдос Сайдалин баста­ған жаттық­тырушылар ұжымы Моңғолияда 10 боксшыны додаға қосты. Өкінішке қарай, Азия чемпионы Римма Волосенко (60 кг) алғашқы жекпе-жекте үндістандық Прия Прияға есе жіберіп, ширек финалға шыға алмады. Элина Базарова (54 кг) да алғашқы асуда сүрініп, әлем кубогінің иегері, Үндістан бокс­шысы Притиден ұтылды. 51 кг салмақта сынға түскен Жазира Орақ­баеваға жеребе оңай болған жоқ. Бірінші айқасында-ақ тәжірибелі бокс­шы, әлем чемпионатының қола жүл­дегері солтүстіккореялық Ан Кум-биол­мен жұдырықтасты. Қырсық шал­ғанда бірінші, екінші раундта ұпай санымен алда тұрған жер­лесіміз 3-раундта жарақаты ке­дергі болып, жекпе-жек тоқ­татыл­ды да, Ан келесі кезеңге өтіп кетті. Лаура Есенкелдінің (65 кг) де жолын үндістандық боксшы бөгеді.

Ширек финалдық жекпе-жекте төрешілер Анкушита Боро басым түсті деп бағалады. Азия чемпионатының қола жүлдегері Ұлжан Сәрсенбектің (57 кг) ширек финалда таиландтық Пунрауе Руенроспен жолы түйісіп, таи қызы басым түсті. 2024 жылы өткен Азия чемпионатының жартылай финалында да екі боксшы айқасып, жерлесіміз есе жіберген болатын.

Әлем чемпионы Валентина Халь­зова ширек финалдық сайыста Оңтүстік Корея боксшысы Суйеон Сеонгты әбден сілелетіп, 1-раундтың өзінде екі мәрте нокдаунға түсірді. 2-раундта та қарқынға қарқын қосып техникалық нокаутпен жеңді. Алайда жартылай финалдық сайыста қытайлық Зи Баоның екпіні басым болды. 2024 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанған Қытай боксшысы шеберлігімен тәнті етіп, жеңіске жетті. Валентинаға Азия чемпионатының қола медалі бұйырды. Әйгерім Сәттібаева (48 кг) ширек финалда әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері өзбекстандық Сабина Бобокулованы 3:2 есебімен жеңді. Жартылай финалда моңғол қызы Номундари Енх-Ангаланға есе жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты. Тәжірибелі жерлесіміз 2024 жылы Таиланд елінде өткен Азия чемпионатынан да қола медальмен оралған еді.

Қыздардың ішінен тек үш бокс­шымыз құрлық аламанының алтын медалі үшін бақ сынады. Жартылай финалда жастар арасында әлем чемпио­ны, Қытай елінің боксшысы Алимир Абудуреймуден басым түскен Бақыт Сейдіш (70 кг) финалдық жекпе-жекте Үндістан боксшысы Арундхати Чоудхаримен айқасып, 4:1 есебімен есе жіберді. Ересектер арасындағы Азия чемпионатына алғаш рет қатысқан жерлесіміз сөйтіп, күміс жүлдегер атанды.

Надежда Рябец (80 кг) жартылай финалдық тартыста әлем чемпиона­ты­ның қола жүлдегері үндістандық Пужа Раниды ығыстырды. Шешуші айқаста өзбек қызы Рухшона Парпие­вадан басым түсіп, Азия чемпионы атан­ды. Бұған дейін 80 кг салмақта 2021 жылы Фариза Шолтай, 2024 жылы Гүлсая Ержан құрлық үздігі атанған болатын.

Аса ауыр салмақта (+80 кг) Дина Исламбекова үндістандық Алфия Пазанды сүріндіріп, Азия чемпио­натының алтын медалін олжалады. 1-раундта нокдаунға түсіріп, қалған екі раундта да басымдықты уыстан шығармады. Бұған дейін аса ауыр салмақтағы аруларымыз Азия чемпионатынан үш алтын медаль алған еді. 2010 жылы Марина Вольнова, 2021 жылы Ләззат Күнгейбаева, 2024 жылы Елдана Тәліпова ел мерейін үстем етті. Саңлақтар сапына Дина да қосылды.

Қыздарымыз құрлық додасынан 2 қола, 1 күміс, 2 алтын жүлде иеленді. Бүгін рингке ерлер шығады. Бес бокс­шымыз финалда өнер көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар

Әзірет сұлтан әлемі

Руханият • Бүгін, 08:10

Дүкен Мәсімханұлы: Шығыстану ғылымының стратегиялық маңызы зор

Сұхбат • Бүгін, 08:07

Ізденген жетер мұратқа

Ғылым • Бүгін, 08:05

Стартаптың тың мүмкіндігі

Ғылым • Бүгін, 08:02

Абай облысының әлеуеті: Олжас Бектенов Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Саясат • Бүгін, 08:00

Материалдық емес мәдени мұраны сақтаудың жаңа тәсілдері

Саясат • Бүгін, 07:58

Кәсіпкерлер қанаты құрылды

Саясат • Бүгін, 07:55

Күрделі миссия – лайықты марапат

Марапат • Бүгін, 07:53

Жасыл энергетика саласындағы ықпалдастық артады

Сенат • Бүгін, 07:50

Гүлмарал Еркебаева күрестен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Спорт • Кеше

Астанада қоғамдық веложалдау жүйесі жаңғыртылады

Елорда • Кеше

Алматыда материалдық емес мәдени мұраны сақтау мен ілгерілетудің жаңа тәсілдері талқыланды

Қоғам • Кеше

Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды эвакуациялаған азаматтар марапатталды

Марапат • Кеше

Ертең қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды?

Ауа райы • Кеше

2026 жылғы негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау қашан басталады?

Білім • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Сәуір 2026 09:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see146

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see143

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see142

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see138

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see136

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see135

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see132

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see131

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see128

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see123

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see121

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see120

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see119

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see116

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see116

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see114

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see113

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see112

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see110

Қасым Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Алтын қыран орденімен марапаттады

06 Қазан 2026 15:57see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары