Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

Ата аналар тілегін тыңдады

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

Жылуыңды жаз қамда

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

Нұрсаядағы жасөспірімдер төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

Қамкөңіл қыздардың көз жасы

Қамкөңіл қыздардың көз жасы

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Былтыр Павлодарда жетім қыздарды жәбірлеудің 8 дерегі тіркелген. Осындай қылмыстардың барлығын прокуратура органдары сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізген.

Сурет: bugin.kz

Өңірлік прокуратураның дере­гінше, 2023 жылы Железин ауданын­да ер адам жетім қызды зорлағаннан кейін, қылмысы анықталатынын білген соң өзін өзі атып өлтірген. Ол зайыбы екеуі жетімдер үйінен бес бірдей баланы асырап алғаны анықталды. Бұл балалар 2002–2009 жылдары дүниеге келген. Алайда 2022 жылы қамқоршылары бізді тыңдамайды деген желеумен барлығын балалар үйіне қайта өткізіп тастайды. Солардың бірі – 16 жастағы қыз медициналық тексеруден өткенде әлгіндей келеңсіздік белгілі болған.

Осы жағдайды ескерген облыс­тық прокуратура былтыр балалар үй­лері мен мамандандырылған меке­мелерде тәрбиеленіп жатқан, кәме­лет жасына толмаған қыз бала­лар­ды дәрігерлік тексеруден өткізу­ге пәрмен берген. Мұндай меди­циналық тексерулер «Халық денсау­лығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінде, Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы арнайы бұйрығында көрсетілген.

– Былтыр қараша айында же­тім балалар мен ата-анасының қам­қорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ әлеуметтік қызмет көрсететін 10 мемлекеттік мекемеге тексеру жүргізілді. Олардың барысында 10 жастан 16 жасқа дейінгі тәрбиеленушілерді (оның ішінде гинекологиялық) медициналық тексеруден өткізуге бастамашы­лық жасалды. Тексерулер нәтижесін­де қыз балалардың жыныстық тиіс­пеушілігіне қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар (Қылмыстық кодекстің 121 және 122-баптары) жасаудың 8 дерегі анықталды және сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, – дейді Павлодар облысы прокуроры­ның бірінші орынбасары Ержан Дүйсекенов.

Балалар үйлері бойынша атал­ған тексеру биыл әзірше жүр­гізіл­­меген. Бірақ облыс бойынша жал­пы жағдайдағы тексеру­лер тұ­рақ­ты өткізіліп келеді. Жыл басы­нан бергі ресми статистика­лық мәлі­мет­терге сүйенсек, кәмелетке тол­­ма­ғандар­ға жыныстық тұрғыдан зорлық деректері бойынша 35 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелген.

– 2024 жылы сәйкес кезеңде мұндай 40 жағдай тіркелген еді. Яғни көрсеткіш 12,5%-ға төмендеген. Негізінен мұндай оқиғаларда жә­бір­лену­шілердің таныс тұлға­лары күдікке ілінеді. Жағдай­лардың көбі Пав­лодар, Ақсу қала­ларында, Баян­ауыл, Аққулы аудандарында болған, – деп толықтырды Е.Дүйсекенов.

Ал бала құқықтары жөніндегі өңір­лік уәкіл Сәуле Шәкенова кәме­летке толмаған жасөспірімдер ара­сында зорлық-зомбылыққа қатыс­ты тіркелген қылмыс саны өсіп барады деп есептейді. Про­куратура органдарының кейінгі есеп­тері соны айғақтайды. Оның пікі­рінше, келеңсіз жағдайлар бойынша статистиканың өсуі алдын алу шараларының әлсіздігін білдірмейді. Бұл жерде қоғам арасында көптен жасырылып келген кейбір жайттардың да беті ашылып жатыр. 2024 жылы қолданыстағы нор­мативтік құқықтық актілерге он­даған түзетулер мен жаңа баптар ен­г­ізіліп, кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жауапкер­ші­­лікті қатаңдатылуы да себеп болған.

– Жуықта өңірлік проку­ратурада кәмелетке толмаған­дар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелеріне арналған ведомств­оаралық кеңес өтті. Мен жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстарды тергейтін арнайы жедел-тергеу тобын құру туралы ұсыныс жасадым. Мұндай қылмыстық істердің ерекшелігі айқын. Тиісінше бұл тәсілдің жас қыз балаларға қатысты жасалатын қылмыстарды ашу кезінде нәзік жайттарды анықтауға септігі тиеді, – дейді омбудсмен.

Сондай-ақ ол мектеп психолог­терінің аздығы да көп жағдайда мәселе тудыратынын жеткізді. Өңірдегі кейбір мектепте 2 мыңнан аса оқушы білім алады, ал штат бойынша 2 психолог қана жұмыс істейді. Мамандар бұған дейін ұсынған норма – 500 оқушыға 1 психолог нормасы әлі күнге нормативті құқықтық актілерге енбеген.

Өткен жылы Ертіс-Баян өңірін­де балаларды зорлау оқиға­лары жиілеп кеткенін айтып дабыл қаққан едік. Айналдырған бір апта­ның ішінде кәмелет жасына жетпегендерді зорлаудың төрт бірдей дерегі тіркелді. Әсіресе, бір ғана Майқайың кентінде үш бірдей оқиға анықталғаны қоғам өкілдерін ойландырды. Бір жағдайда өгей әкесі мектепте оқитын қызын зорлап келген болса, тағы бірінде 2008 жылғы ұл мен 2009 жылғы қыз баланы екі ер адам зорлағаны туралы ақпарат тарады. Екі жағдай­да да педагогтердің қырағы­лығы қылмыстың дер кезінде ашылуына түрткі болды. Мәселен, жәбір­ленуші 2009 жылғы қыз бала колледжде оқиды. Өткен жылдың қыркүйек айында оның күнделікті сабақ үстінде селқос, аурушаң болып бара жатқанын көрген ұста­зы медициналық тексеруден өтуді ұсынған. Нәтижесінде, 15 жас­тағы қыздың жүкті екені анық­тал­ған. Мәселені әрі қарай зерде­лей түскенде бұл оқиғада жәбір көрген қыз ғана емес, 2008 жылғы бауыры да зардап шеккені белгілі болды. Қазір олар анасының тәрбиесінде.

 

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар

Жасөспірімдер жүктілігі жанға батады

Қоғам • Бүгін, 08:23

«TALIS»: білім үдерісінің қарқыны қандай?

Білім • Бүгін, 08:20

Платформа арқылы оқыған тиімді

Қоғам • Бүгін, 08:18

Абай жолы адастырмайды

Руханият • Бүгін, 08:15

Қамқорлық аясы кеңейіп келеді

Қоғам • Бүгін, 08:13

Хакімнің фотосы мен өлеңдері

Абай • Бүгін, 08:10

Келешекпен кездесу

Аймақтар • Бүгін, 08:07

Қабылаш ӘБІКЕЙҰЛЫ: Атажұртта өнерімді алғаш бағалаған Сәбит Мұқанов еді

Сұхбат • Бүгін, 08:05

Жетімдерді демейтін құжат

Қоғам • Бүгін, 08:03

Әбиба көш бастап тұр

Спорт • Бүгін, 08:00

Жәнібектің табысы

Спорт • Бүгін, 07:55

Орта тола береді

Қоғам • Бүгін, 07:53

«Google»-дың жаңа жүйесі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:48

Едіге ЕМБЕРДІ: Арманым – Олимпиада алтыны!

Спорт • Бүгін, 07:42

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:200
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Желтоқсан 2025 09:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see196

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

22 Қыркүйек 2026 02:23see173

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see168

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see162

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see158

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see148

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see145

Ата аналар тілегін тыңдады

22 Қыркүйек 2026 04:25see143

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

22 Қыркүйек 2026 02:21see142

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see134

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see133

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

22 Қыркүйек 2026 02:22see129

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see126

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

22 Қыркүйек 2026 03:40see119

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see119

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see115

Нұрсаядағы жасөспірімдер төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

22 Қыркүйек 2026 02:21see111

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see110

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

22 Қыркүйек 2026 04:06see107

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары