Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Қамкөңіл жандарды қолдаған еріктілер

Қамкөңіл жандарды қолдаған еріктілер

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Тоқсан жылдан бері орта және кіші буын медицина қызметкерлерін дайындап келе жатқан Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінде «Гиппократ», «Добромед», «Мейірім» волонтерлік топтары белсенді жұмыс істейді. Алғашқы екеуі паллиативті көмекке мұқтаж, төсекке таңылған науқастарға күтім жасау, саламатты өмір салтын қалыптастыру, алғашқы медициналық көмекті үйрету бағытында жұмыс атқарса, соңғысы қайырымдылық шаралар өткізумен айналысады.

«Гиппократ» тобы 2024 жылы облыс көлемінде «Ең үздік волонтер­лік топ» аталымын алды. Осы оқу орнындағы еріктілердің жұмысы пандемия басталған жылы жанданды. 2020 жылы наурыздың соңында шетелден ұшып келгендер арасында алғашқы науқастар тіркеліп, дерт күрт таралып жатқанда алғашқы сынақ дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлеріне түскен-ді. Мамандар жетіспей жат­қанда, дәрігерлік білімнен хабардар еріктілер ауруханадағы науқастарға оттегі баллондарын, қажетті заттар мен құралдар жеткізді, дәрігерлерге сырттан тамақ тасыды, науқастарды бөлімше­лерге тасымалдауға көмектесті. 2020 жылдың сәуірінде «Гиппократ» тобының жетекшілері Б.Дабылдина, В.Тілеулесова медицина мамандығына оқып жатқан студенттерді еріктілер қатарына қосылуға шақырды. Осы күндері балалар пандемия уақытында жандарын шүберекке түйіп жүрген дәрігерлер жұмысының қиындығын көрді. Пандемия елімізде волонтерлік жұмыстың жандануына жол ашты. Бір жағынан болашақ мамандығын меңгеруге себі тисе, екінші жағынан қайырым күткен жандардың ризашы­лығын алу балалардың көңіліне қанат бітірді. Өйткені жүректегі мейірім қайырымды істерге жол ашады.

Еріктілер сапында жүрген студенттер оқуларын бітіріп, жан-жаққа кетсе де, бүгінде оқу орнымен байланысын үзген емес. Гиппократтықтардың пандемия кезіндегі жұмысы ерекше дараланып, «Birgemiz» ұлттық жобасының «Saulyq» аталымы бойын­ша республикада үздік топтардың қатарына еніп, өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің қолынан төсбелгі алды. Осы кезден «Гиппократ» еріктілері №1 «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы», «Аяла» оңалту орталығы, жедел жәрдем ауруханасы, «Үміт» сәбилер үйі, ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықта қамқорлыққа зәру жандарға көмектесе бастады. Одан өзге қаладағы жалғызілікті қарияларға азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізіп, үйлерін жинастыруға қолғабыс етті. Болашақ фельдшерлер мен орта медбикелер, тіс техниктері ұстаздарымен бірге қарттар үйіндегі қамкөңіл жандарға күтім жасады, қан қысымдарын өлшеп, тіпті кей­біріне тіс протездерін салып берді. Қариялардың алғысын алған жастар қиын кезде қолдау көрсетудің маңызын түсінді. Қолдары бос кезде оқытушыларымен бірге мекемеде тұратын қарттарды сән салонына, Т.Ах­танов атындағы облыстық драма театрына қойылымдарға апарып, мәз қылды. Төрт қабырғада қа­малып отырған   қарияларға өз бала-немерелері емес, бөгде ба­лалар мейірім төкті. Осы топтың мүшелері «Медицина жастары» ре­с­публикалық қоғамдық бірлестігі грантын жеңіп алып, жүріп-тұруы қиын, паллиативті көмекке мұқтаж, төсекке таңылған науқастарға көмектесті. «Гиппократ» тобының жетекшісі Еркеназ Бисеналықызының айтуынша, топтың негізгі бағыты – медициналық әлеуметтік көмек көрсету. Болашақ мамандар жедел жәрдем ауруханасында, емханалардағы медбикелік күтім бөлімдерінде жатып қалған науқастардың денесінде ойылудың болмауын қадағалап, күтім жасайды.

«Осы оқу орнындағы волонтерлік топ бұрыннан бері жұмыс істейді. Оны ұйымдастырған оқытушы – Балнұр Дабылдинова. Мен 2013 жылы қосылдым. 2019 жылы «Өзекті жанға бір үміт» жобасымен грант конкурсына қатысып, оның қаржысы­на паллиативті науқастарға қажетті күтім заттарын алып, тараттық. Ковид кезінде қарауымызға алған бірқатар жалғызілікті зейнеткерге азық-түлік апарып, кезекпен үйлерін жинастырдық. 2023 жылы «Birgemiz» жобасымен грантқа қол жеткізіп, ішек жолдарының ауыр науқасына шалдыққан жандарға қаладағы №3 емхана арқылы қажет­ті тауарларды жеткізіп бердік. Қарттар үйлеріне барып, қарттар мен мүгедектігі бар жандарға жиі көмектесеміз. Бейімдеу орталығындағы ересектерді медициналық тексерістен өткізуге қолғабыс жасадық. Мұқтаж жандарға көрсеткен көмегіміз еленіп, 2023 жылы «Гиппократ» клубы еліміздегі «Ең үздік волонтерлік топ» жүлдесін иеленді», дейді еріктілер тобын ұйымдастырушылардың бірі, колледж оқытушысы Венера Тілеулесова.

Осы оқу орнындағы тағы бір во­лонтерлік топ «Добромед» құра­мында 85 ерікті топ жетекшісі Н.Демен­тиевскаяның жетекшілігімен инсульт алған науқастарға оңалту жұмы­сын жүргізеді, мүгедек балаларды қыдыртып, сабақтарын оқытады. «Үміт» балалар үйіне барып, сәбилерге анимациялық шоулар көрсетіп, ойындар ұйымдастырып, әлеуметтендіруге көмектеседі. «Добромед» еріктілері медициналық жастар қозғалысынан республикалық шағын гранттарды бірнеше рет ұтып алды. Соның ішінде 2024 жылы топ мүшелері әзірлеген инсультке қарсы жобасы еліміздің үздік сауықтыру жобасы қатарына енді. Көмек пен қолдауға мұқтаж жандарға бар ынта-жігерлерімен көмектесіп жүрген студенттер көп тәжірибе жинақтады.

Өңірдегі саны аз медициналық бағыттағы еріктілердің дәстүр жалғастығы үзілмей келеді. Алдың­ғыларының ісі – кейінгілерге үлгі. Ерікті жастардың өмірлік бағдары айқын, қайырымдылық пен ізгілік, мейірімділік – оларға құр сөз ғана емес, нәтижесі көрінетін нақты іс. Волонтерлік топтағы жастардың басты қағидалары – адами құндылықтарды сақтау, мұқтаж жанға қарайласу, қоғамды ізгілендіруге үлес қосу.

Ақтөбе облысы 

Соңғы жаңалықтар

Несие – несібе емес

Несие • Бүгін, 08:10

Жолаушы қауіпсіздігі – жауапты міндет

Қоғам • Бүгін, 08:05

Анас Баққожаев: Заң жобасы жауапкершілікке негізделген

Сұхбат • Бүгін, 08:00

Қаржы ұйымымен келелі келіссөз

Саясат • Бүгін, 07:55

Бейбітшілікке үндеген жаһандық саммит

Саясат • Бүгін, 07:50

Кекілбаев тұлғасына арналған кітап

Қоғам • Бүгін, 07:48

Халықаралық шарт пен келісім мақұлданды

Саясат • Бүгін, 07:45

Штутгарттағы сәтті старт: Елена Рыбакина келесі кезеңге өтті

Теннис • Кеше

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе

Аймақтар • Кеше

Бір кәуап – 950 мың теңге: Бразилияда туристерді алдаған топ ұсталды

Әлем • Кеше

Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды

Қоғам • Кеше

Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды

Спорт • Кеше

«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды

Саясат • Кеше

Президент «Ялла» ансамблінің көркемдік жетекшісі Фаррух Закировке құттықтау жеделхатын жолдады

Президент • Кеше

Бибісара Асаубаева көш басына шықты

Шахмат • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Сәуір 2026 08:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see136

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see135

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see133

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see131

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see129

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see125

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see123

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see123

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see115

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see114

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see113

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see112

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see111

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see111

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see109

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see109

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see107

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see107

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see107

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары