Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Алаш қозғалысын қолдаған тұлға

Алаш қозғалысын қолдаған тұлға

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Түбек Есенғұлов 1874 жылы Жетісу облысы Верный уезі Үлкен Алматы болыстығында туған. 1886 жылы 18 наурызда Ұзынағаш бо­лысының қазағы Түбек Есенғұлов Жетісу әскери губернаторына: «Әкем қайтыс болғаннан кейін жетім қалып, анамның қасын­да тұрып жатырмын, менің күн кө­ретін жағдайым жоқ, жастығыма байланысты әлі жұмыс істемеймін және өзіме бір үзім нан мен киім-кешек ала алмаймын, өйткені әлі 11 жастамын. Жоғары мәртебелі мырзадан осы жылы мені мемлекет есебінен Верный ерлер гимназиясына орналастыруға бола ма деп кішіпейілділікпен сұрай­мын», деп өтініш жазады. Аталған өтінішке «Верныйдағы қазақ балаларына арналған пансионында қазір орын жоқ, онда 40 оқушы орналасқан. Мүмкіндік болып жатса, 2 айдан кейін 3 бос орын күтілуде, пансион меңгерушісі сізге хабарлайды», деген жауап алады. Араға екі жыл салып барып, 1888 жылы гимназияның да­йындық тобына қабылданады.

1888–1889 оқу жылында озат оқыған Түбек бірден 5-сынып­қа көшіріледі. Верный ерлер гим­назия­сында Түбек Есенғұлов, Иманалы Байсалов, Сырымбет Байтықов, Ысқақ Жақсылықов, Жұмадылда Қожағұлов, Муса Хұдияров, Бөлек Шынасылов бір сыныпта оқыған. Аталған бала­лардың ішінде гимна­зия­­ның толық курсын Ысқақ Жақсы­лы­қов пен Түбек Есенғұлов қана бітірген.

1896 жылы 28 қазанда Пішпек уезі Шу болысының азаматшасы Дұрдана Есенғұлова Верный ерлер гимназиясының директорына: «Менің ұлым Түбек денсаулығы­ның әлсіздігі мен үй жағдайына бай­ланысты оқуын жалғастыра алмайды, сондықтан жоғарыда аталған ұлыма жеті сыныпты бітіргені туралы куәлікті беруіңізді жоғары мәртебеңізден өтініп сұраймын. Мен хат таны­май­тындықтан, менің өтінішім бо­йынша ұлым Түбек қол қойды» деген өтініш жолдайды. Бұл жерде Түбек отбасылық жағдайы мен денсаулығына байланысты оқуын жалғастыра алмағандығын көреміз. Осы жылы 31 қазанда Түбек Есенғұловқа Верный ерлер гим­назиясын 1895–1896 жылдағы оқу жылында 7-сыныбын толық бітіргендігі жөнінде куәлік беріліп, 1896–1897 жылдары Пржевальский уезінде Мариин Дунган мектебінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1897 жылы 31 шілдеде Мариин Дунган мектебінің мұғалімі Түбек Есенғұлов Жетісу әскери губернаторына: «Қазан малдәрігерлік институтына түсуге құлшыны­сым бар, бірақ оған қаражатым жоқ болғандықтан, мен Сіздің Мәртебеліңізге өте қарапайым өтінішпен жүгінуді шештім, аталған институтта оқу үшін маған стипендия тағайындауға көмектесуіңізді сұраймын. 1896 жылғы 31 қазандағы №1013 гимна­зияның 7-сыныбын бітіргені туралы куәлігім қоса берілді», деп өтініш жазады. Аталған өтініш қанағаттандырылып, Жетісу әскери губернаторлығының кең­сесі жыл сайын 360 сом земский стипендия тағайындайды. 1897 жылы Түбек Қазандағы малдәрігерлік институтқа құжаттарын тапсырып, аталған оқу орнының студен­ті атанды. Осы жарты жылдықта Дала генерал-губернаторлығының білім басқармасы студентке 180 сом бөледі. Сондай-ақ Түбек 1899 жылы институтта оқып жүріп, Дала өлкесін зерттеу экспедициясына қатысады. 1902 жылы 16 мамырда аталған оқу орнын жақсы нәти­жемен тәмамдайды.

1902 жылы 22 сәуірде Қазан малдәрігерлік университетінің 4-курс студенті Түбек Есенғұлов Жетісу әскери губернаторының атына өтініш жазып, Жетісу облысында қызмет атқарғысы келетінін мәлімдеген. Осы жылы 24 мамырда институт директоры Жетісу әскери губернаторына №987 қатынас хат жолдап, Түбек Есенғұловтың институтты №833/1008 дәрігер дәрежесіндегі диплом және №4223 қызметтік аттестат алғанын көрсеткен.

Кейіпкеріміз 1902 жылы 21 мау­­­­сымда Жетісу әскери губерна­то­рының №229 бұйрығымен Жар­кент уезінде мал дәрігер қызметіне тағайындалады. Түбек қызметке тұрғаннан кейін көшпелі жұрт малының түрлі аурумен күресуге тура келеді. Осы тұста уездерде мал дәрігерлерінің штаттары ашылып, жұқпалы мал ауруларына қарсы шаралар жүзеге асырыла бастаған еді. 1899 жылы облыста 23 ветеринарлық дәрігер, 9 ­фельдшер, 39 жұқпалы мал ауруларына байланысты бақылаушы болған. Жұқпалы мал ауруларына қарсы шараларға уез басшылары да тартылып, олар ауру белгілері байқала қалса, тез арада уез аймағында төтенше шаралар ұйымдастыруға міндетті болды. Бірақ, көріп отыр­ғанымыздай, мал басын аман алып қалуға бұның бәрі жеткіліксіз еді.

Түбек Есенғұлов 1906 жылы ­30 наурызда 1889 жылы 14 нау­рызда дүниеге келген мещанның қызы Арифа Мятоваға үйлен­ген. 1911 жылы 22 шілдеде араларында Азиза атты қыз дүниеге келеді. Деректерде, яғни Түбектің 1914 жылы ақпандағы Жетісу облыстық малдәрігерлік инспекторының атына жазған рапортында «1914 жылдың 18 қаңтарында ұлды болдым, аты Әл-Рашид (Аля-Рашид) деп көрсетілген. 1910 жылы 13 майда Түбек Есенғұлов Жетісу әскери губернаторынан денсаулығына байланысты емделу үшін 4 ай демалыс сұрап өтініш жазған. Сонымен қатар Пішпекте және Кавказ минералды суларында ем қабылдаған.

Түбек 1909 жылдың 15 қаң­тары мен 15 наурыз аралығында Санкт-Петербург қаласындағы Ветеринария басқармасының бактериологиялық зертханасында жануарлардың жұқпалы ауру­ларын диагностикалауға және қор­ғаныс егулеріне байланысты теориялық және практикалық тағы­лымдамадан өтіп, №67 куәлік алады.

1912 жылы 28 қыркүйекте толтырылған Жетісу облы­сы Жаркент уезінің мал дәрігері сарай кеңесшісі Түбек Есен­ғұловтың қызметтік тізімінде «Түбек Есенғұловтың 1913 жылы «Әулие Станислав» орденімен,  Романовтар әулетінің 300 жылдық естелік медалімен марапатталғаны туралы мәліметтер бар. Сондай-ақ еңбегі мен беделі арқасында 1916 жылы «Колледж кеңесшісі» деген атаққа ие болған.

Түбек Есенғұлов 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін қазақ елінде қанат жайған Алаш қозға­лы­сына белсене қатысады. Алашорда үкіметінің бағытын қолдап, Алаш үкіметіне тілектес болды. 1917 жылы 21–26 шілде аралығында Орынборда өткен жалпықазақ съезінде «Учреди­тель­ное собрание» сайлауына даярлану һәм қазақ облысынан сайланатын депутаттардың арасында Жетісу облысынан делегат болып Мұхаметжан Тынышбаев, Ибраһим Жайнақов, Ғабдікәрім Сыдықов, Отыншы Әлжанов, Базарбай Мәметов, Мырзахан Төлебаев, Түбек Есенғұлов, Садық Аманжолов, Дүр Сауранбаев, Старқұл Жанқарашев, Сүлеймен Келгенбаевтар барады. Түбек өз ісіне жетік маман, ұйымдас­ты­ру­шы­лық қабілеті мол басшы ретінде де танымал болады.

Сондай-ақ архив деректерінде Алаштың Құлжа қаласындағы бөлімшелерін құруда, Алашор­да­ның Жаркент уездік кеңесінің төрағасы Түбек Есенғұлов пен кадрлық офицер, Нарын уезінің бұрынғы комиссары, Алашорда үкіметі мүшелігіне үміткер капитан Бекімов Молданияздың белсене қатысқаны туралы мәліметтер бар.

Түбек Есенғұловтың қызы Ғазиза (кей деректерде Әзиза) Есенғұлова белгілі мемлекет  қайраткері Тұрар Рысқұловтың жары болған. Бұл некеден Тұрардың Сәуле мен Рида деген қыздары дүниеге келген. Тұрар Рысқұлов «халық жауы» деген жаламен қамалғанда, 1938 жылы Әзизамен бірге оның анасы Арифа да қамауға алынған.

Түбек Есенғұлов Алашорда таратылып, кеңес өкіметі орнаған соң да көп уақыт өз мамандығы бойынша жұмыс істеді. 1922–1927 жылдары аралығында Алматыдағы малдәрігерлік басқармасының бастығы болды. 1927–1929 жылдары Түркісіб теміржол құрылысында қызмет атқарған. Қорыта айтқанда, Түбек алған жоғары білімін туған жеріндегі мал шаруашылығының өркендеуі, сондай-ақ 1917 жылдан бастап алаш қайраткерлерімен бірге ұлттық ұстанымда болып, ұлт мүддесі жолына қызмет атқарды.

Рашид Оразов,

Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:91
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Маусым 2026 10:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see157

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see143

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see142

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see141

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see141

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see139

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see135

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see129

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see125

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see125

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see117

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see117

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see116

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see116

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары