Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Қыздар.нет сайтының ұйымдастырушыларынан коттедждер мен люкс көліктер табылды

Қыздар.нет сайтының ұйымдастырушыларынан коттедждер мен люкс көліктер табылды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

"Қыздар.нет" атышулы сайтының ұйымдастырушылары ұсталғаннан кейін Алматы Полиция департаменті күдіктілерден қандай мүлік табылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қыздар.нет" атышулы сайтының ұйымдастырушылары ұсталғаннан кейін Алматы Полиция департаменті күдіктілерден қандай мүлік табылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болды?

Күдіктілердің атына шағын және орта бизнес саласындағы 8 компания, Алматы мен Алматы облысының аумағында құны қымбат мүліктер тіркелгені анықталды.

Олардың ішінде:

5 пәтер, 6 коммерциялық нысан, 6 коттедж, 10 жер телімі, 6 көлік тұрағы, 11 люкс класындағы автомобиль.

"Қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету және оның заңдастырылу белгілерін анықтау мақсатында күдіктілер мен оларға қатысы бар компаниялардың мүлкіне қатысты мәмілелер тоқтатылды. Аталған мүлікке шектеу қойылды", – деп хабарлады Алматы ПД.

Видео кадрлары

"Қыздар.нет" ұйымдастырушылары қалай ұсталды: оқиғалар хронологиясы

15 маусымда Алматы прокуратурасы және ІІМ "Қыздар.нет" сайтының ұйымдастырушыларын ұстағанын хабарлады. Тергеу мәліметтері бойынша, бұл ресурс ұзақ жылдар бойы интим қызметтер туралы хабарландыруларды орналастыру және ілгерілету үшін пайдаланылған.

Осы хабарламалардан кейін сайт ашылмай қалды, алайда пайдаланушылар оның "айналарына" әлі де қолжетімділік бар екенін айтып жатыр.

Анықтама: Сайттың "айнасы" – басқа серверлерде орналасқан негізгі ресурстың дәл көшірмесі. Мұндай көшірмелер пайдаланушыларға бұғаттауды айналып өтуге мүмкіндік береді, алайда оларға қолжетімділік шектеледі немесе VPN қолдануды талап етеді.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

“Қыздар.нет“ жұмыс істеп тұр ма? Ұйымдастырушылар ұсталғаннан кейін сайтта не өзгерді?

"Кыздар.нет" боты бұғатталды, бірақ сайт емес

Сайт көшірмелерінің бірінде платформаның стандартты сипаттамасы, интим қызметтер туралы жүздеген белсенді хабарландыру және қол жеткізудің басқа тәсілдеріне, соның ішінде Telegram-ботқа сілтемелер сақталған.

Сайттың скриншоты

Алайда сілтеме бойынша өтуге тырысқанда, боттың Қазақстан заңнамасын бұзуына байланысты қолжетімсіз екені туралы хабарлама шығады.

Сайттың скриншоты

Басқа да ішкі Telegram-арналар, мысалы, тіркелуге арналған арналар әлі де жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, сайттың өзінде бірден прокси-сервистерді пайдалану арқылы бұғаттауды айналып өту нұсқаулығы орналастырылған.

Сайттың скриншоты

Айына 500 миллион табыс – ұстаудың егжей-тегжейі

Бұған дейін ІІМ ұстаудың егжей-тегжейін хабарлаған болатын. Полиция мәліметінше, сайтта интимдік қызмет көрсететін 9 000-ға жуық анкета орналастырылған, оның ішінде 500-ден астамы дәстүрлі емес жыныстық бағдардағы адамдардың анкетасы.

Тергеу нұсқасы бойынша, іс фигуранттары IT-компания негізін қалаушылар, ал ресурс технологиялық және қаржылық схеманың бір бөлігі ретінде пайдаланылған.

"Олар әзірлеген Kyzdar.net сайты негізгі жобалардың бірі болды және кейін қызмет көрсету саласындағы басқа заңды IT-өнімдерді жасау кезінде енгізілген бағдарламалық шешімдерді әзірлеу мен тестілеуге арналған технологиялық платформа ретінде пайдаланылды", – деп хабарлады ІІМ.

Тергеу болжамы бойынша, сайттан түскен табыс айына 500 миллион теңгеден асуы мүмкін, операциялардың бір бөлігі криптовалюта арқылы жүргізілген.

Тінту барысында:

144 миллион теңге қолма-қол ақша, 1,3 миллион доллардан астам қаражат, криптовалютадағы 300 мың доллардан астам сома, оқ-дәрілері бар қару-жарақ, 150-ге жуық компьютерлік және басқа да техника, автокөлік, құжаттар және іс бойынша басқа да дәлелдемелер тәркіленді.

Алматы прокуратурасының мәліметінше, күдіктілер 7 маусымда ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 309-бабы 2-бөлігі "Интернет желісі арқылы жасалған жеңгетайлық, жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер көрсету" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, заңсыз қызметтен түскен табыс 2 миллиард теңгеден асқан.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Прокуратура істің барысын ерекше бақылауда ұстайтынын атап өтті.

Мұндай қылмыс үшін қандай жаза қарастырылған?

Қазақстанда мұндай қызметтерді ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Күдіктілердің іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 309-бабының 2-бөлігі бойынша сараланады. Бұл бөлікте келесі жағдайларда жауапкершілік қарастырылған:

алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобымен; бірнеше рет жасалса; интернет және басқа да ақпараттық жүйелер арқылы; осындай қызметтерді жарнамалау немесе ілгерілету арқылы; кәмелетке толмағандарды тарта отырып.

Осы бап бойынша ұйымдастырушылар мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Егер тергеу барысында қылмыстың ұйымдасқан топ тарапынан жасалғаны дәлелденсе, бұдан да қатаң жауапкершілік қарастырылған.

Мұндай жағдайда мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Неге сайт әкімшілері бұдан бұрын сотталмады?

Бұл жолғы ұстау – ресурс басшылығын жауапқа тартудың екінші талпынысы.

2023 жылдың көктемінде полиция Kyzdar.net сайтының 11 топ-менеджері ұсталғанын хабарлаған болатын. Ол кезде тергеушілер Қылмыстық кодекстің 309-бабы – "Жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық" бойынша қылмыстық іс қозғаған еді.

Алайда істі сотқа дейін жеткізу мүмкін болмады. 2024 жылы іс тоқтатылды. Ішкі істер министрлігі Tengrinews.kz-ке бұған заңнамадағы олқылықтар себеп болғанын түсіндірді.

"Тергеу органдары сол кезде заңнамада "телекоммуникация желілерін, интернетті пайдалану арқылы жасалған жеңгетайлық", "жезөкшелікті насихаттау және жарнамалау арқылы" деген ұғымдардың болмауына байланысты олқылықтарға тап болып, соның салдарынан бұл қылмыстық іс тоқтатылды", - деп хабарлады ІІМ.

Заңда не өзгерді және сайт осы уақытқа дейін неге жұмыс істеп келді?

Осыдан кейін 2024 жылғы қыркүйекте Қылмыстық кодекске түзетулер қабылданды. Енді заң келесі тұлғаларды жауапқа тартуға мүмкіндік береді:

секс-притондарды ұйымдастырушылар; жеңгетайлар; интимдік қызметтерді жарнамалайтын тақырыптық чаттар мен интернет-сайттардың әкімшілері. Америкалық хостинг және домендерді ауыстыру: "Қыздар.нет" қалай жылдар бойы жұмыс істеп келді

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі заңсыз контенті бар веб-ресурстарды үнемі бұғаттайтынын, ал нақты Kyzdar.net-пен күресу үшін ведомство арнайы жұмыс тобын да құрғанын хабарлаған болатын.

Соған қарамастан, сайт ұзақ уақыт бойы ашық болып келді. ІІМ өкілдері иелері хостингті америкалық интернет-провайдерлерден жалға алатынын түсіндірді. Қазнет кезекті адресті бұғаттаған сайын, әкімшілер домен атауын "Kyzdar.net"-тен "Kyzdar2.net" немесе "Kyzdar4.net"-ке лезде өзгертіп отырған.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда Kyzdar.net сайтының топ-менеджерлеріне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:186
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Маусым 2026 17:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары