Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Сауда серіктестігіне серпін

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Қазақстанның солтүстігінде “Қыздар.нет“ ісі бойынша сыбайластарға үкім шықты

Қазақстанның солтүстігінде “Қыздар.нет“ ісі бойынша сыбайластарға үкім шықты

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Петропавл қаласында "Қыздар.нет" интернет-ресурсы арқылы жеңгетайлықты ұйымдастыруға жәрдемдескен трансұлттық ұйымдасқан топтың ұйымдастырушысы мен қатысушыларына қатысты еліміздегі алғашқы үкім шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Шулы сайтқа қатысты істің қалай тергелгені туралы Солтүстік Қазақстан полицейлері егжей-тегжейлі айтып берді. Өңірлік полиция департаментінің тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері кейінгі жылдары тыйым салынған веб-ресурс қызметіне қатысты жеңгетайлық бойынша бес қылмыстық істі сотқа жолдады.

"Осы қылмыстық істердің материалдарын талдау қылмыстық желінің жұмыс істеу схемасын анықтауға және қылмыстық ұйымның келесі деңгейіне шығуға мүмкіндік берді", - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Әлібек Қожахметов.

Қылмыстық іс 2025 жылдың мамыр айында тіркелді. Ведомствоаралық жедел-тергеу тобының құрамына СҚО полиция департаменті мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері кірді. Жұмыс Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураның үйлестіруімен жүргізілді.

Әлібек Қожахметовтің айтуынша, тергеу жұмыстары бұрын-соңды болмаған сипатта жүргізілді. Құқық қорғаушыларға цифрлық іздерді зерттеуге, криптовалюта мен халықаралық серверлік инфрақұрылымды пайдалана отырып жасалған транзакцияларды қадағалауға тура келді.

"Өткен жылдың шілде айында Астана және басқа да қалаларда жүргізілген арнайы операция нәтижесінде алты күдікті ұсталды. Тергеу нұсқасы бойынша, олар бүкіл ел аумағында жезөкшелікпен айналысатын тұлғалардың жарнамасының жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, ресурсты басқарған және сайт ұйымдастырушыларының мүддесі үшін криптовалютамен операциялар жүргізген", - деп түсіндірді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары.

Тергеу амалдары сегіз ай бойы жүргізілді.

Облыстық прокуратураның нақтылауынша, биыл наурызда прокурорлар тыйым салынған "Қыздар.нет" сайтында интимдік қызметтерді насихаттау мен жарнамалауға жәрдемдескен трансұлттық ұйымдасқан топтың алты қатысушысына айып тақты.

"Топтың заңсыз қызметі белгіленген тарифтер бойынша ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсететін тұлғалардың сауалнамаларын ілгерілетуге негізделген", - деп хабарлады СҚО прокуратурасы.

Фотоны СҚО ПД баспасөз қызметі ұсынған

Биыл маусымда Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұйымдасқан қылмыстық топтың алты негізгі қатысушысына қатысты үкім шығарды.

Айыпталушылар - төрт әйел және екі ер адам Қылмыстық кодекстің 264-бабының 1-бөлігі ("Трансұлттық ұйымдасқан топты, трансұлттық қылмыстық ұйымды құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу") және 309-бабының 3-бөлігі ("Қылмыстық топ жасаған жеңгетайлық және жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау") бойынша кінәлі деп танылды. Сондай-ақ фигуранттардың бірі заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны және қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастырғаны үшін сотталды.

Трансұлттық ұйымдасқан топтың басшысына 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ал бес негізгі менеджердің әрқайсысы сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

"Аталған қылмыстық іс бойынша жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Сайттың қызметіне қатысы бар тағы бір бойжеткен Грузияда ұсталды, қазір оны Қазақстанға экстрадициялау жұмыстары дайындалып жатыр. Жедел уәкілдер, тергеушілер мен криминалистер қылмыстық схеманың барлық қатысушыларын анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр", - деп түйіндеді СҚО ПД баспасөз қызметі.

"Қыздар.нет" сайтының артында кім тұрды және онда қандай қаражат айналыста болғанын ІІМ айтып берді

Еске сала кетейік, осы жылдың маусым айында ІІМ қызметкерлері "Қыздар.нет" интернет-ресурсының серверлік инфрақұрылымын ұйымдастырушылар мен бенефициарларын ұстаған болатын. Ресми мәліметтер бойынша, сайтта интимдік қызмет көрсету туралы 9000-ға жуық сауалнама орналастырылған, оның 500-ден астамы – дәстүрлі емес жыныстық бағыттағы тұлғалар мен трансвеститтердің сауалнамалары. Тергеу барысында фигуранттардың IT-компаниялардың бірінің негізін қалаушылар екені анықталды.

Тергеу болжамы бойынша, сайттан түскен табыс айына 500 миллион теңгеден асуы мүмкін екен, операциялардың бір бөлігі криптовалюта арқылы жүргізілген.

Тінту барысында мыналар тәркіленді:

- 144 миллион теңге қолма-қол ақша,
- 1,3 миллион доллардан астам қаражат,
- криптовалютадағы 300 мың доллардан астам сома,
- оқ-дәрілері бар қару-жарақ,
- 150-ге жуық компьютерлік және өзге де техника, автокөлік құралдары,
- іс бойынша құжаттар мен басқа да дәлелдемелер тәркіленді.

Анықтама: Анықтама: Сайттың "айнасы" - басқа серверлерде орналасқан негізгі ресурстың дәлме-дәл көшірмесі. Мұндай көшірмелер пайдаланушыларға бұғаттауды айналып өтуге мүмкіндік береді, бірақ оларға қол жеткізу жиі шектеулі немесе VPN пайдалануды талап етеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:94
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Шілде 2026 10:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары