Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қызғалдақ формуласы: дамыған елдің дағдысы

Қызғалдақ формуласы: дамыған елдің дағдысы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бұл сапар тек эстетикалық әсер сыйлап қана қой­май, табиғат, агротехнология және құн­дылықтар ту­ра­лы ойлануға мүмкіндік берген та­нымдық тәжірибе болды.

Сұрыпталған сұлулық

Wooden Shoe қызғалдақ фермасы – 16 гектар аумақты алып жат­қан, көктем сайын түрлі түске боялатын ерекше мекен. Биыл бұл фестиваль 42-ші мәрте ұйым­дастырылып отыр екен. 

Wooden Shoe фермасында өсі­рілетін қызғалдақтар – қара­пайым гүл емес, жылдар бойы жүр­гізілген селекциялық жұмыс­тың нәтижесі болып саналатын ерекше декоративті сұрыптар. Мұнда 100-ден астам қызғалдақ түрі өсіріледі, олардың ішінде ер­те гүлдейтін, орта маусымдық жә­не кеш гүлдейтін сорттар өзара үй­лестіріліп отырғызылады. Мұн­дай тәсіл алқаптың бірнеше ап­та бойы үздіксіз «жаңарып» тұруы­на мүмкіндік береді. Менің бай­қауымша, бұл – тек агротех­никалық шешім емес, адамдарға әр келген сайын жаңа визуал әсер сыйлауға бағытталған ғылыми-дизайнерлік стратегия да секілді.

Ферма қызметкері Рик Пистің (Rick Pies) ай­туын­­­ша, мұнда жиі кездесетін сұрып­­тардың қатарында Darwin Hyb­rid, Triumph, Parrot және Double Late топтарына жататын қыз­­ғалдақтар бар. Мысалы, Darwin Hybrid қызғалдақтары ірі, сабағы мықты, түсі қанық болып келеді – олар ашық алқапта жақ­сы көрінеді. Ал Parrot (тотықұс) қыз­ғалдақтары ирек, «жыртыл­ған» күлтелерімен ерекшеленеді, кейде бірнеше түстің күрделі үй­ле­­­­сімінен тұрады. Double Late сұ­рыптары раушан гүлін еске тү­сіретін көпқабатты құрылы­мы­мен көзге түседі. Айта кетейін, мұн­дай морфологиялық ерекше­лік­тер табиғатта сирек кездеседі, олар – мақсатты селекцияның нә­тижесі.

Ферма – бейресми білім беру алаңы

Қызғалдақ фермасында жүр­гізілетін барлық агротех­ни­калық жұ­мыс – атап айтсақ, пиязшық­тар­ды іріктеу, сақтау, қайта отыр­ғызу, гүлдеу мерзімін реттеу, то­пы­рақ құнарын қалпына келтіру ғы­лыми негізделген жүйеге сүйе­неді. Әсіресе, қызғалдақтардың әр­түрлі уақытта гүлдеуі үшін сұ­рып­­тарды кезең-кезеңімен отыр­ғызу тәсілі биологиялық про­цес­тер­ді дәл есептеуді талап етеді. Бұл – өсімдіктер физиологиясы мен агрономия саласындағы нақты білімнің практикалық қол­данысы дер едім. Сонымен қатар пиязшықтарды арнайы торларға орналастырып отырғызу сияқты технологиялар еңбек өнімділігін арттырумен қатар, шығынды азай­туға мүмкіндік береді.

Ал екінші жағынан, осының бәрі фермаға келушілер үшін қы­зықты тәжірибеге айналған. Адам­дар жай ғана гүл көріп қой­майды – олар алқап ішінде жүріп, әр­түрлі түсті, пішінді салыстырады, суретке түседі, кейде гүлдерді өз­дері жинайды. Тіпті, әуе шарымен жоғары көтеріліп, бүкіл ал­қапты жоғарыдан көруге болады. Мұның бәрі адамдарды тек ба­қылаушы емес, процестің бір бө­лі­гіне айналдырады. Әсіресе, ба­лалар мен жастар үшін бұл – бей­ресми білім беру алаңы. Со­ның нәтижесінде мұнда келген қо­нақтар арнайы білімсіз-ақ, осы­ның бәрінің артында үлкен ең­бек пен жүйе бар екенін түсі­не­ді. Сол арқылы ауыл шаруа­шы­лы­ғына деген көзқарас та өзгере­ді: ол жай жұмыс емес, терең бі­лім мен дәлдікті қажет ететін са­ла екенін байқайды.

Құндылықты ұмытпаған қоғам

Бізді қызықтырған тағы бір жайт – қызғалдақ ферма­сы­ның иелері өз қызметін қоғам­мен байланыстыруға, адамдарға маңызды мәселелер туралы ой салу­ға саналы түрде ұмтылатыны. Со­ның айқын мысалдарының бірі – Alzheimer Tulip деп аталатын қызғалдақ сұрпы. Бұл сұрып осы ферманың негізін қа­лау­шы­лардың бірі Дороти Айвер­сон­ның құрметіне аталған. Ол 90-ға қара­ған шағында Альцгеймер ау­руынан қайтыс болған екен. Осы сұрыпты сатып алудан түс­кен қаражаттың бір бөлігі Альцгеймер қауымдастығына аударылады.  Яғни, қарапайым гүл са­тып алу әрекетінің өзі қайы­рым­дылықпен ұштасып жатыр. Ме­ніңше, мұндай тәсіл эмоция­лық байланыс арқылы адамдарды әлеуметтік жауапкершілікке жұм­сақ түрде тартудың тиімді жо­лы.

Фермадағы әлеуметтік жауап­кершіліктің тағы бір маңызды қыры – қолжетім­ділік пен инклюзияға назар аударуы. Мысалы, аумақта түсті ажырата алмайтын (дальтонизмі бар) адам­дарға арналған арнайы кө­зіл­дірікті тегін алу мүмкіндігі қа­растырылған. Бұл – алғаш қа­рағанда ұсақ деталь сияқты кө­рін­генімен, шын мәнінде өте маңызды қадам. Себебі қызғалдақ фестивалінің негізгі құндылығы – түс пен визуал әсер. Ал түсті то­лық қабылдай алмайтын адамдар үшін бұл тәжірибе шектеулі болуы мүмкін. Ферма осыны е­с­ке­ріп, оларды да ортақ әсерден шет қалдырмауға тырысады. 

Түйін: 

Осындай тәжірибені көргенде, «бұл бізде неге жоқ?» деген сұрақ еріксіз туады. Қазақстан – қызғалдақтың тарихи отаны бола тұра, мүмкіндікті толық пайдаланып отырмыз деп айту қиын. Соны дұрыс ұйымдастырып, ғылыммен, бизнеспен, туризммен ұштастыра білсек, біздің де даламыз әлем тамсанатын орынға айналар еді деп армандап қалдық. Әзірге әлеует бар, әрекет жоқ… 

Аягөз КЕРЕЕВА,

Калифорния Дэйвис

университетінің тағылымгері,

агрохимик-инженер

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Мамыр 2026 05:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары