Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Қызылордада Қорқыт және Ұлы дала сазы халықаралық фольклорлық музыкалық фестиваль өтті

Қызылордада Қорқыт және Ұлы дала сазы халықаралық фольклорлық музыкалық фестиваль өтті

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Бүгін Өнер орталығында «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалінің гала-концерті өтті. Фестиваль Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен, халықаралық «Түркі мәдениеті және мұрасы» қорымен бірлесіп ұйымдастырылған, деп жазады Egemen.kz.

Оған «Түркі мәдениеті және мұрасы» қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және отандық белгілі ғалымдар, зерттеушілер, мәдениет пен өнер майталмандары, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев фестивальдің түркі халықтарының мәдени байланысын нығайтудағы және ұлттық өнерді дәріптеудегі маңызын атап өтіп, бауырлас елдерден келген қонақтарға алғысын білдірді.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы күні кеше Әзербайжан Республикасының Габала қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 12-ші саммитінде: «Түбі бір түркі жұртының тарихы тамырлас, халықтарымызға ортақ сан ғасырлық шежіреміз бар деп үнемі айтып жатырмыз. Мұның бәрі – берекелі бірлігіміз бен мәңгілік ынтымағымыздың алтын арқауы», – деген болатын.

Бауырлас халықтардың рухын көтеру, фольклорлық-музыкалық өнерін дәріптеу, өзара мәдени байланысын нығайтуда фестивальдің маңызы зор.

Қорқыт баба мұраларының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы ЮНЕСКО-ның ғаламдық материалдық емес мұралар тізіміне енгізілуі – жылдар бойы бірлесіп атқарған жұмысымыздың нәтижелі жемісі.

Күллі түркі дүниесінің назарын өзіне аударған, кең даланы жырға бөлеп, нұрға толтырған бұл дәстүрлі өнер мерекесі – ұлттық рухымыздың, түркі жұртының мәңгілік мұрасы мен мәдени сабақтастығының жарқын көрінісі.

Түркі халықтарының бірлігі мен рухани тұтастығы нығая берсін! Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, егемендігі еңселі болғай!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

«Түркі мәдениеті және мұрасы» қорының президенті Ақтоты Райымқұлова түбі бір түркі туыстардың басын қосқан халықаралық іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған Қызылорда облысының басшылығына алғысын айтты.

Концертте әйгілі жыраулар мен жыршылардың қайталанбас мақамдарын бүгінге жеткізген, ұлттық өнеріміздің шынайы насихатшыларына айналған Сыр сүлейлерінің ізбасарлары Елмұра Жаңаберген, Ұлжан Байбосынова, Ақмарал Ноғайбаева, Шолпан Бимбетова, Майра Сәрсенбаева, Серік Жақсығұлов, Күнсұлу Түрікпен, Бисембек Төлеубай және Жетісу жыр мектебінің түлегі Нұржан Жанпейісов, Арқа мектебінің өкілі Біржан Есжанов, Салтанат Ерсұлтан жырдан шашу шашты.

Ресей Федерациясының Алтай Республикасынан келген Урмат Ынтаев, Айдын Орсулов табиғатқа, ата-баба рухына және ерлік жырларына негізделген көшпелі халықтың әуені өз болмысын жоғалтпағанын тағы бір көрсетті. Көмеймен айту өнері мен топшур, қобыз сияқты көне аспаптардың үні Алтай халықтарында әлі күнге дейін сақталған. Бұл әуендер таудың желін, өзен суының сылдырын және малшы өмірінің тынысын бейнелейді.

Әзербайжаннан келген «Карабах» мұғамшылар тобы ұлттық нақыштағы күрделі әуен өрнектерін орындап, көрерменді ерекше әсерге бөледі. Қырғыз елінің қомызшылар ансамблі мен Самат Кочербаев «Ақақ» шығармасын орындап, түркі халықтарының көне саз мұрасын жаңғыртты.

Өзбекстанның «Шашмақом» ансамблі мен бишілер тобы ұлттық өнердің үздік үлгісін сахнаға шығарды. Алматы қаласынан келген «Арқайым» нео-этно фольклорлық ансамблі «Тенгир Азун» шығармасын орындап, ескі сарынды заманауи тәсілмен үйлестірді.

Көне түріктердің көмеймен ән салу дәстүрі Тыва халықтарында жақсы сақталған. Олар көмеймен ән салуды «хоомей» деп атайды. Ықылым заманның мұра өнерін сақтап қалған халықтың «Эш» фольклорлық дуэті де бүгінгі фестивальдің құрметті қонағы болды. Түркия Республикасынан келген Синан Барыш, Камбер Нардың өнеріне көрермен ерекше қошемет көрсетті.

Халықаралық фестиваль бүгінгі түркі мәдениеті мен музыкасы ортақ тарих пен рухани тамырдан нәр алғанын, туыс халықтардың әндері мен әуендері бір-бірімен үндесіп, бауырлас елдердің бірлігін күшейтетінін тағы бір дәлелдеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:178
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2025 22:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see130

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see128

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see124

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see123

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see122

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see120

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see120

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see120

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see119

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see118

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see117

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see117

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see117

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see117

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see116

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see115

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see114

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see114

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары