Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жиын терін маусымының жетістігі мол

Паспорт пен жеке куәлікті терминал арқылы рәсімдегенде нені ескеру керек

Күзгі демалыс уақыты белгіленді: оқушылар 26 қазанда каникулға шығады

Атырау облысында Жайық жағалауын нығайту жұмыстары жүріп жатыр

Петропавлда үш адам белгісіз сұйықтық ішіп уланды: екеуі көз жұмды

Әйел денсаулығы: үнсіз қауіп, өзекті мәселе

Такси үшін 15 миллион Балиге сапар қазақстандыққа қомақты сомаға түсті

Ақылы кеңес міндеттелген: Қызылордада микроқаржы ұйымы несие алушы 43 мың адамды алдады

Атырауда 50 млн теңгелік жүлде қоры сарапқа салынған Atyrau Open 2026 мәресіне жетті

Мессенджерде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Анкарада Құрылтай феномені кітабының түрік тіліндегі нұсқасы таныстырылды

Түркия Украина бойынша келіссөзді жіті бақылап отырады дереккөз

Әскерге кеткен азаматтардың кредиттері бойынша төлемдер автоматты түрде тоқтатылады

Жалақысы 1,4 миллион теңгеге жуық: Қазақстанда кімдер бәрінен көп табады

Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлі 7 жылда қалай өзгерді?

Кимешекке көмкерілген тарих

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

КҚК 2026 жылы Қазақстан мұнай экспортының 83 пайызын тасымалдайды

Украина үшжақты кездесу өткізуге дайын Зеленский

Қызылорданың футбол клубы жеке басқаруға өтсе де неге мемлекеттен қаржыландырылады

Қызылорданың футбол клубы жеке басқаруға өтсе де неге мемлекеттен қаржыландырылады

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

2019 жылы «Қайсарға» облыстық бюджеттен 4 млрд теңге бөлінді. Сол кезең үшін бұл — облыстар арасындағы ең көп қаржы.

Фото: Өңірлік коммуникация қызметі

— 2020 жылы облыстық бюджеттен 2,6 млрд теңге бөлініп, 2021 жылы клуб құрамына 9 легионер алынды. Алайда бәсекелестіктің жоғары болуынан және футболшылардың кәсіби деңгейінің төмендігінен жергілікті команда чемпионатта 19 ұпай еншілеп, турнирлік кестеде 13-орында болып, Бірінші лигаға төмендеді. 
2022 жылы Нұрлыбек Машбекұлы облысқа басшы болып келгеннен кейін жергілікті командаға Премьер-лигаға өтуге тиіс талаптар қойылды. Сол жылы бөлінген 605 млн теңгемен жергілікті команда Бірінші лигада ойнап жүрген болатын. 2023 жылы аталған клубқа облыстық бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлініп, дұрыс жоспардың, қойылған тиісті талаптардың нәтижесінде жергілікті команда Бірінші лигадан Премьер лигаға өтті. 2024-2025 жылдар аралығында команда облыстық бюджеттің 1,2 млрд теңгесі есебінен жасыл алаңда өнер көрсетті, — деді облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет.

Облыс әкімінің орынбасары жергілікті футбол клубы жеке басқаруға берілсе де мемлекеттен қаржыландыру неліктен тоқтамағанын түсіндірді.

— «Қайсар» футбол клубының 2020 жылдан бастап қалыптасқан 753 млн теңге көлемінде берешегі бар болатын. Қазіргі кезге дейін клуб берешегінің жартысы жабылды. Президент тапсырмасына сәйкес елімізде алғашқылардың бірі болып қызылордалық «Қайсар» футбол клубы 2025 жылдың соңында жеке басқаруға өтті. Клубтың жаңа иесі — «TAU Group LTD» компаниясының басшысы, жерлесіміз Исламғали Қозыбақов. Биылғы жылдан бастап жергілікті клуб жеке кәсіпкердің басқаруына берілді. Алдағы 5 жылда «Қайсар» футбол клубына облыстық бюджеттен белгілі бір көлемде қаржы қарастырылады. Осы уақыт аралығында қаржы көлемі кезең-кезеңімен азайып, бес жылдан кейін облыстық бюджеттен қаржыландыру толық тоқтатылады. Биыл жергілікті клубқа бөлінген қаржы 200 млн теңгеге дейін қысқартылды. Биыл жергілікті «Қайсар» футбол клубына облыстық бюджеттен бөлінген 995 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес конкурс өткізіліп, жеңімпаз атанған «TAU Group LTD» компаниясына қаржы бөлінді, — деді Мейрамбек Шермағанбет.

Жеке басқаруға берілгеннің тиімділігі жоқ емес. Қазіргі таңда инвестор 18 млрд теңгеге «Қайсар» академиясын салып жатыр. Биыл күзде негізгі база мен жаттығатын 3 алаңның құрылысы аяқталады. Кешен 2027 жылдың соңына дейін толығымен пайдалануға берілмек. Жергілікті әкімдік жоба клубтың ұзақ мерзімді дамуына бағытталған негізгі инвестиция көзі екенін алға тартты.

— Жалпы клубтың стратегиясы 5-10 жылдық жүйелі өсімге бағытталған. Жоба аясында 7 толық өлшемді және 2 балалар алаңының құрылысы, сонымен қатар жабық манеж бен ойыншыларды қалпына келтіруге арналған медициналық орталық қарастырылған. Академияда тәрбиеленген спортшылар болашақта жергілікті «Қайсар» футбол клубын биік шыңнан көрсетеді деп нық сеніммен айта аламыз. Екіншіден, жаңа стадионды күтіп ұстау шығынының жылдық көлемі — 500 млн теңге. Бұл — жеке инвестордың қаражаты, бюджеттен оған ешқандай қаржы бөлінбеген. Үшіншіден, шет мемлекеттерден келетін жалдамалы ойыншылардың (легионерлер) шығындарын негізінен жеке инвестор өзі өтеп отыр. Стадионның сапасы және архитектуралық келбеті заманауи талаптарға сай. Басқа өңірлердегі «Қайсар Арена» секілді стадиондардың шығыны шамамен 600 млн теңгеден жоғары. Жаңа стадион сияқты заманауи нысандардың барлығы әлеуметтік салалардан талан-таражға түсіп жатқан қаржыны тоқтату нәтижесінде үнемделген, қайтарылған қаражат есебінен салынған, — деді облыс әкімінің орынбасары. 

Еске салайық, Түркістан облысының Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы таяуда «Тұран» футбол клубын электронды саудаға шығарды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:109
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Сәуір 2026 06:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жиын терін маусымының жетістігі мол

20 Қазан 2026 06:15see142

Паспорт пен жеке куәлікті терминал арқылы рәсімдегенде нені ескеру керек

20 Қазан 2026 17:38see132

Күзгі демалыс уақыты белгіленді: оқушылар 26 қазанда каникулға шығады

20 Қазан 2026 17:30see132

Атырау облысында Жайық жағалауын нығайту жұмыстары жүріп жатыр

20 Қазан 2026 17:30see132

Петропавлда үш адам белгісіз сұйықтық ішіп уланды: екеуі көз жұмды

20 Қазан 2026 19:22see129

Әйел денсаулығы: үнсіз қауіп, өзекті мәселе

20 Қазан 2026 05:05see128

Такси үшін 15 миллион Балиге сапар қазақстандыққа қомақты сомаға түсті

20 Қазан 2026 16:42see124

Ақылы кеңес міндеттелген: Қызылордада микроқаржы ұйымы несие алушы 43 мың адамды алдады

20 Қазан 2026 21:42see123

Атырауда 50 млн теңгелік жүлде қоры сарапқа салынған Atyrau Open 2026 мәресіне жетті

21 Қазан 2026 11:52see121

Мессенджерде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

20 Қазан 2026 17:03see121

Анкарада Құрылтай феномені кітабының түрік тіліндегі нұсқасы таныстырылды

21 Қазан 2026 07:56see120

Түркия Украина бойынша келіссөзді жіті бақылап отырады дереккөз

21 Қазан 2026 09:07see120

Әскерге кеткен азаматтардың кредиттері бойынша төлемдер автоматты түрде тоқтатылады

20 Қазан 2026 17:03see120

Жалақысы 1,4 миллион теңгеге жуық: Қазақстанда кімдер бәрінен көп табады

21 Қазан 2026 08:16see120

Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлі 7 жылда қалай өзгерді?

21 Қазан 2026 09:46see120

Кимешекке көмкерілген тарих

20 Қазан 2026 07:00see118

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті

21 Қазан 2026 14:45see118

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

21 Қазан 2026 20:04see117

КҚК 2026 жылы Қазақстан мұнай экспортының 83 пайызын тасымалдайды

20 Қазан 2026 17:29see117

Украина үшжақты кездесу өткізуге дайын Зеленский

21 Қазан 2026 14:49see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары