Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Қызын алып қашқан: Түркістанда ақсақал екі жыл бойы әділдікке жете алмай жүр

Қызын алып қашқан: Түркістанда ақсақал екі жыл бойы әділдікке жете алмай жүр

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 22 қазан - Sputnik. Түркістан қаласында 16 жастағы қыз алып қашудың құрбаны болған. Үш ай бойы тепкі көрген жасөспірім қыздың әкесі екі жыл бойы әділдікке жете алмай жүр. Мәселенің мән-жайын Sputnik Қазақсан тілшісіне ақсақал Еркін Вахапов өзі айтып берді.

Түркістан қаласының тұрғыны 71 жастағы ақсақал Еркін Вахапов екі жылдан бері әділдікке жете алмай, табанынан тозып жүр. Оның 16 жастағы қызын алдап алып кетіп, пәтерге апарып зорлаған ер адамға әлі күнге шара қолданылмаған. Еркін ақсақалдың айтуынша, бұл іске полицияның тікелей қатысы бар, сол себепті қылмыстық іс қайта-қайта жабылып қалып жатыр.

"2023 жылдың 16 қыркүйегінде қызым көлік жуып тұрған жерінен таныс жігіт келіп, "жүр, отыра тұр көлікте, сөйлесейік" деп қоймаған. Қыз жігітпен 5-6 айдай әлеуметтік желі арқылы сөйлесіпті, бірақ көрмеген. Қызым көлігіне отырғаны сол екен алып кеткен. Телефонын қолынан алып алған. Сөйтіп Шымкентте автовокзалдың жанына бір пәтерге алып келеді. Жүр кіріп шығайық, көп болмаймыз, қайтып апарып тастаймын дейді. Қызымды алдап кіргізіп алып зорлаған. Біз сол күні қызымызды іздеумен болдық. Түннің бір уағында қызымның телефонынан "мені алып қашып кетті" деп хабарлама келеді", - дейді Еркін Вахапов.

Алайда хабарламаның қыздан келмегенін туыстары бірден түсінеді. Қыз келін болдым деген ауылға келіп тұрғындардан сұрай бастайды. Тұрғындар "ее, анау әкесін ұратын жігіт пе, сол әкелді әйел" дегенді естиді.

"Қасыма екі қарындасымды ертіп, үйге кірсем, қызымды ортаға алып ап, 3-4 әйел тұр екен. Мен а деп аузымды да ашып үлгергем жоқ, арт жағымнан біреу келіп басымнан қатты бір затпен ұрды. Көзілдірігім анадайға ұшып, не болғанымды білмей құлап түстім. Үстіме шығып алып буындырып, киімдерімді жыртып, ұрып жатыр. Бірнеше ер адам келіп ажыратып әкетті. Сөйтсем, қызымды алып қашқан жігіт екен. Содан ашуланып қызды алып сыртқа шықтық. Кетейік деп едік бейтаныс он шақты ер адам көлігімізді қоршап алды. Амалсыз полиция шақырдық, сол жерге қасына екі полицияны ертіп Сауран аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Әсет Қартайғанов келді", дейді ақсақал.

Жәбірленуші тарап арыз жазып, оны диктофонға жазып алады.

"Қызымның зорланғанын полиция келгенде ғана білдім. Содан олар бізді Сауранға алып жүрді. Қызымның зорланғаны туралы арыз жаздым. Тергеуші Әсет Қартайғанов сот-медициналық сараптатамадан өту үшін Түркістанға жіберді. Экспертизаға келгенде таң атып қалды. Алайда экспертиза жасайтын маман тергеуші Қартайғановтың берген қағазын жарамсыз деді. Қайтадан Қартайғановқа хабарласып ек, келіңдер жазып берем немесе телефоннан жіберем деді. Сол күйі хабар болмады, телефонын көтермейді, іздеп барсақ, шақыртуға кеткен дейді. Қысқасы тергеуші Әсет Қартайғанов өтірік қағаз беріп, бізге сол күйі ұстатпай кетті", - дейді.

Тергеуші Қартайғановты таппаған жәбірленушілер Түркістан қалалық полициясына келіп, мән-жайды айтып арыз жазады. Алайда кешке қарай түркістандық полиция қызын жетектеген ақсақалды зорлық Шымкентте болған, сол жерге барасыңдар деп шығарып салады.

"Шымкенттің Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне барып арыз жаздық. Қайта беріңіздер, керек болсаңыздар шақырамыз деді. 18 қыркүйекте үйге енді жеткенімізде "кінәлі тарап келіп тұр келіңіздер" деп қайта шақырды. Тергеуші Арман Абилов сот-медициналық сараптамаға жолдама берді. Қызым сараптамаға анасымен бірге кірді. Анасы ешнәрсе сұраған жоқ, тек тексерді деді. Қызымның аяқ-қолы көгерген. Сол күні тергеуші мені кіргізбеді, анасы мен қызын кіргізді. 2-3 сағаттан соң ішке мені шақырды. Кабинетте тергеуші Арман Абилов, Әл-Фараби аудандық прокуратурасының прокуроры Нұрым Балғабаев, тағы бір маман отыр екен", - дейді ақсақал.

Қызы мен әйелі сыртта отырғанда, тергеуші мен прокуроры бар үш маман ақсақалға "босаға аттаған қызың енді кімге керек" дегенге салған.

"Бұл үшеуі "қызыңыз келін болуға көніп тұр, үйге әкеткенде қайтесіз. Бүлініп қалды, енді ешкім алмайды. Мына баланы түрмеге отырғызғанда не істейсіз. Тойын жасаймын, үйленемін деп тұр" деп жан-жақтан айта бастады. Мен ашуға булығып, сендер тергеушісіңдер ме, жоқ кінәліні жақтаушысыңдар ма, өздеріңнің қыздарыңа солай істесе қайтер едіңдер деп ашуланып шығып кеттім. Күйеуіммен қалам деген қызыма да өкпелеп, қайта айналып үйге келме деп кетіп қалдым", - дейді Еркін ақсақал.

Ол кісінің айтуынша, тергеушілер 16 жастағы қыздың жалғыз өзін тергеген, анасын кіргізбей қойған. Қызыма да осы сөзді айтқан дейді Еркін аға.

"Мен ашуланып сыртқа шығып кеткенде әйелімді шақырып, мына қағазға қол қойып жіберіңізші деген. Ол берген қағаздарында ешнәрсе жазылмаған жәй ғана бланк болған. Әйелім фамилиясын жазып, қол қойған. Ол қағазда не жазылғанын әбден 1 жыл 7 айдан соң білдік. Сөйтсек, қызымды зорламаған, өз еркімен жыныстық қатынасқа келісім берген деген жазу екен. Сол жазуға әйеліме қол қойдырып алып тұр. Алдымен қол қойдырып, артынан өздері солай деп толтырған", - дейді Еркін Вахабов.

Еркін ата сол күйі қызынан хабарсыз кетеді, ашуға булыққан ол қайтып хабарласпаған. Алайда құдалар жақтан хабар күтеді. Бірақ құдалар да тым-тырыс жатып алады. Бір күні қыз оқитын колледжден хабар келеді.

"Мені колледжге шақыртты. Барсам "Қыз қайда, сабаққа мүлдем келмейді, айыппұл төлейсіз" дейді. Сол жерде күйеуі мен қайын атасын шақыртты. Сөйтіп 35 мың теңге айыппұл төледі олар. Көп ұзамай тағы бір жағдай болды. Қызымды ұрған, ерні жырылып кеткен. Содан колледж мұғалімі маған хабарласып, қызыңыздың жағдайы ауыр деді. Мен қызымды алып кеттім. Қызымның шәкіртақысын, көпбалалы отбасының баласы ретінде алатын ақшасының бәрін күйеуі алып отырған. Күйеуі үйіне қонбаған, ылғи ұрып-соққан. Не киімі жоқ, қарыны ашып, сабаққа бара алмаған. Мұғаліміне "әкем ренжулі, төркініме бара алмаймын. Қайын жұртымда күнім күн емес, өлгім келеді" деген. Содан мұғалімі маған хабарласқан", - дейді ақсақал.

Әу баста жабылып қалған істі еркін ақсақал шағымданып жүріп, қайта қозғатады.

"Дәл осы қылмыстық іс қайта қозғалғанда ғана әйеліме алдап қол қойдырып алған қағазды көрдік. Мұны көріп біз қайта арыз жазып, жазуға сараптама жасау туралы қанша рет өтіндік. Бірақ ешкім қабылдамады. Жалпы үш рет сот болды. Шымкенттегі тергеу сотында Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Арман Абиловты шақыртып, судья сот-медициналық сараптаманы сұрады. Сөйтсе ана Абилов сараптамадан өткен жоқ демесі бар ма. Біз өткенімізді дәлелдеген қағазымызды ұсындық. Содан кейін ғана Абилов сотқа сараптаманы алып келді", - дейді Еркін ата.

Қызының абыройын айтып, әділдік іздеген ақсақал Астанадағы ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураға барған. Ақсақалды қабылдаған басшылар жергілікті жерге қылмыстық іс қозғау туралы нұсқау береді.

"Біздің ісімізді Түркістанға жіберді. Салтанат деген тергеушіге берілді. Ол бәрімізден түсінік алам дегенше істі қайтадан Шымкентке алып кетіп, біз талай рет бас тартып жүрген тергеуші Арман Абиловтың қолына түскен. Ол істі қайта жауып тастайды", - дейді Еркін Вахабов.

Прокуратураға шағымданып жүріп, істі басқа Әліпқожа есімді тергеушіге ауыстырады. Алайда ол жәбірленуші тарапты еш шақырмастан істі қайта қысқартып тастайды. Ақсақал істі қайта қудалай бастағанда Сегізханов деген тергеушіге береді. Бұл тергеуші де ешкімнен әшнәрсе сұрамастан істі қайта жауып тастайды.

Қысқасы жасөспірім қызын жетектеген түркістанық ақсақал әлі әділдікке жетпей жүр.

"Мұндағы полиция Бас прокуратураның берген тапсырмасын орындаған да, қорыққан да жоқ. Менің өз пайымым, ол жігіттің қызымды алатын ойы болған жоқ, егер ондай ойы болса, келін етіп бірден үйіне апарар еді. Ол Шымкентке апарып зорлап, үйге әкеп тастап кетпек болды. Біз полицияға береміз дегеннен кейін үйіне әйел етіп әкеле салды. Ал басымнан ұрып құлатқаны, сөйтіп шулатса қызын алып кетеді, құтылам деп ойлағаны. Мына тергеушілердің барлығы істі қайта-қайта жабуы - демек, сыбайлас. Өйткені күйеу баласымақ бәрінің аузын жапқан, егер іс ашылса, демек тергеушілердің де былығы ашылады. Ал мен әділдікке жетпей қоймаймын", - дейді екі жыл бойы тергеушіден теперіш көрдім деген Еркін Вахабов.

Мән-жайды Түркістан облыстық полиция департаментінен сұрап көрдік.

"Тараптардың уәждері мен дәлелдемелер жан-жақты зерделеніп, қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Аталған шешім прокуратурамен келісілген", - дейді Түркістан облыстық полиция департаментіндегілер.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:225
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2025 20:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see167

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see156

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see154

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see152

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see150

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see146

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see145

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see142

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see140

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see136

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see136

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see133

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see131

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see127

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see127

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see126

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see126

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see125

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see121

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары