Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Райымбек Баталов Атамекен ҰКП төрағасы болған төрт жылда несімен есте қалады

Райымбек Баталов Атамекен ҰКП төрағасы болған төрт жылда несімен есте қалады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Kazinform агенттігі Баталовтың Палата басындағы кезеңін, негізгі бастамалары мен реформаларын, сондай-ақ қазақстандық бизнес қауымдастығында кең талқыға түскен ұстанымдарын еске түсіреді.

Бизнестегі жолы мен өмірбаяны

Райымбек Баталов 1970 жылғы 21 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ сәулет-құрылыс академиясын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1990 жылдардың басынан бастап экономика секторында еңбек етті.

Әр жылдары металлургия, химия өнеркәсібі, энергетика және агроөнеркәсіп салаларында басшылық қызметтер атқарды. Атап айтқанда, «Риддер Инвест» металлургиялық кешенін, Жаңа Жамбыл фосфор зауытын, Тобыл элеваторын, Меркі қант зауытын, Шымкент ЖЭО-3 нысанын басқарған. 1992 жылы «Раимбек» сауда фирмасын құрып, кейін ол Raimbek Group атты көпсалалы холдингке айналды.

Ол жылдар бойы елдегі іскерлік күн тәртібін қалыптастыруға белсенді араласты:

2002 жылдан – Қазақстан кәсіпкерлері форумының кеңес төрағасы

2005 жылдан – ШЫҰ Іскерлік кеңесінің қазақстандық бөлігінің жетекшісі

2007 жылдан – Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата мүшесі

2009 жылдан – Су асты спорты федерациясының президенті

2010 жылдан – Премьер-министр жанындағы үйлестіру кеңесінің мүшесі

2012 жылдан – ЕЭК консультативтік комитетінің тәуелсіз сарапшысы

2015 жылдан – ENACTUS Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы

2017 жылы – Азия велоспорт конфедерациясының вице-президенті болып сайланды

«Төменнен жоғары» қағидатына негізделген реформалар

2024 жылдың қазан айында Kazinform-ға берген эксклюзивті сұхбатында Райымбек Баталов «Атамекендегі» басқару философиясын ашып айтқан еді. Оның өзегіне bottom-up, яғни «төменнен жоғары» қағидаты алынды.

Бұл модель өңірлердегі кәсіпкерлерді формалды қатысушы емес, шешім қабылдаушы тарапқа айналдыруды көздеді.

Нәтижесінде:

өңірлерде шағын және орта бизнес өкілдерін біріктірген 158 салалық кеңес құрылды

Палатаның күнделікті жұмысына тартылған кәсіпкерлер саны 500-ден 10 мыңға асты

бизнес тарапынан сенімі артып, 2023 жылы мүшелік жарна түсімі 8 пайызға өсті

Басқару жүйесіндегі өзгерістер

Баталовтың тұсында Палатаның басқару құрылымына ауқымды өзгерістер енгізілді:

өңірлік кеңестер мен президиум комитеттері жаңартылды

президиум мүшелерінің саны 59-дан 45-ке қысқартылды

басқарма мүшелерінің өкілет мерзімі шектелді

шағын және орта бизнес арасынан жаңа көшбасшылар тартылды

Бұл өзгерістер 2024 жылдың маусымында күшіне енген «Атамекен» туралы заңға енгізілген түзетулердің арқасында іске асты.

Шағын бизнеске жеңілдік және бюджетке тәуелділіктен бас тарту

Маңызды шешімдердің бірі шағын бизнесті мүшелік жарна төлеуден босату болды. 2022 жылы жарна төлеушілер саны 61 пайызға қысқарып, кәсіпкерлердің қаржылық жүктемесі айтарлықтай азайды. Сонымен қатар Палата мемлекеттік бюджетке тәуелділігін күрт төмендетті:

2019 жылы бюджет қаражаты 11 млрд теңге (жалпы кірістің 72%)

2024 жылы – 1,2 млрд теңге ғана (10%)

СТ-KZ және жалған өндірушілермен күрес

Баталовтың қатысуымен қазақстандық тауарлардың шығу тегін растау жүйесін қайта қарау басталды.

Ұсынылған жаңа тәсіл:

ішкі қосылған құнды (ІҚҚ) балдық жүйе арқылы есептеу

жалған өндірушілерді нарықтан ығыстыру

жергілікті өндірісті ынталандыру

мемлекеттік қолдаудың ашықтығын арттыруға бағытталды

Жеңілдетілген салық түрі үшін күрес

Райымбек Баталов өзінің басты жетістіктерінің бірі ретінде шағын бизнестің басым бөлігі үшін жеңілдетілген салық режимін сақтап қалуды атады. Тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі шектеулі болды және әлеуметтік маңызы бар салаларға, әсіресе шағын бөлшек саудаға әсер етпеді.

– Біз ең ауқымды әрі әлеуметтік тұрғыдан маңызды сегмент – шағын форматтағы бөлшек сауданың мүддесін қорғай алдық. Бұл – үй маңындағы дүкендер, ауылдардағы шағын сауда нүктелері. Олар жұмыс орындарын құрып, халықты күнделікті қажетті тауармен қамтамасыз етіп отыр. Бағаны ұстап тұруда да олардың рөлі зор. Бұл – барша азаматтар мен шағын бизнес кәсіпкерлері үшін үлкен жеңіс деп білемін, – деді ол.

Даулы пікірлер мен сын

2025 жылдың қаңтарында жаңа Салық кодексіне қатысты Баталовтың мәлімдемелері кәсіпкерлер арасында қызу пікірталас туғызды. Ол салық саясаты бизнесті тұншықтырмай, ынталандыруы тиіс екенін алға тартты.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚҚС-тің мөлшерлемесін арттыру идеясын қолдай отырып, еңбекақы қорына салынатын салықты азайтуды өтемдік шара ретінде ұсынды.

Оның айтуынша, бұл салық өнім мен қызметтің өзіндік құнына тікелей әсер етеді. Палатаның да, өзінің де ҚҚС-ті 20 пайызға дейін көтеру жөніндегі бастапқы нұсқаны қолдамағанын нақтылап айтты.

2025 жылдың жазында Баталов Instagram парақшасында салық реформасын талқылау барысында бизнес қауымдастығы бірқатар маңызды нәтижеге қол жеткізгенін мәлімдеді. 

Атап айтқанда ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 15 млн емес, 40 млн теңге болып бекітілді. Сонымен қатар жеңілдетілген салық түрі үшін жылдық айналым шегі 2,4 млрд теңге деңгейінде сақталды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға 4 пайыздық арнайы режим қарастырылды.

Алайда бұл мәлімдемелер қоғамда әрқилы қабылданды. Кейбір пайдаланушылар ҚҚС шегінің 78 млн теңгеден 40 млн-ға төмендеуін жетістік деп санауға болмайтынын айтып, Баталовтың отставкасын талап етті.

Кейін оның қызметтен кететіні туралы тараған ақпаратты Палатаның баспасөз қызметі фейк деп, жоққа шығарған болатын.

Айта кетейік, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезінде жаңа төраға сайланды. Бұл қызметке 2025 жылдың қыркүйегінде Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметінен кеткен Қанат Шарлапаев келді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:218
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қаңтар 2026 21:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары