Рамазан айында пойыздағы вагон ресторандар жұмыс тәртібін өзгертті
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Қасиетті Рамазан айының басталуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ вагон-ресторандарының жұмысын арнайы кесте бойынша ұйымдастырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі айтты.
Компания мәліметінше, жаңа тәртіп 40 вагон-ресторанға қолданылады. Олар күн сайын сағат 08:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істейді. Ораза ұстаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында таңғы ас уақыты қосымша сағат 04:00-ден 05:00-ге дейін белгіленген. Осы аралықта жолаушылар ауыз бекітер алдында сәресін іше алады.
Сонымен қатар Рамазан айында вагон-ресторандарда арнайы мәзір ұсынылады. Ауызашар уақытында жолаушыларға су мен құрма тегін таратылады. Бұл кезеңде алкоголь өнімдері сатылмайды.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ барша мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айымен құттықтап, зор денсаулық, береке және қабыл болар ораза тіледі.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:62
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Ақпан 2026 15:00 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















