Ресей мен Украина әскери тұтқын алмасты
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Ресей мен Украина әскери тұтқындарды "103-ке 103" форматында алмасты, деп хабарлады Ресей Қорғаныс министрлігі.
"19 тамызда Киев режимінің бақылауындағы аумақтан Ресейдің 103 әскери қызметшісі қайтарылды. Оның орнына Украина Қарулы күштерінің 103 әскери тұтқыны берілді", - делінген хабарламада.
Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, қайтарылған ресейлік әскери қызметшілер қазір Беларусь Республикасының аумағында. Олармен Ресейдегі адам құқықтары жөніндегі уәкіл Яна Лантратова жұмыс істеп жатыр.
Әскери ведомствоның мәлімдеуінше, қажетті психологиялық және медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ресейлік әскери қызметшілер одан әрі емделу және оңалту үшін Ресейге, Қорғаныс министрлігінің медициналық мекемелеріне жеткізіледі.
"Ресейлік әскери қызметшілерді тұтқыннан қайтару кезінде Біріккен Араб Әмірліктері гуманитарлық делдалдық көмек көрсетті", — деп мәлімдеді ведомство.
Бұған дейінгі тұтқын алмасу маусым айының соңында "160-қа 160" форматында өткен.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:102
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Тамыз 2026 22:32 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















