Ресейге визасыз кіретіндер 1 шілдеден бастап RuID пайдалануы керек
Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. Ресейге визасыз кіру құқығы бар барлық шетелдік азаматтар 1 шілдеден бастап "RuID мемлекеттік қызметі" қосымшасын пайдалануға міндетті болады. Бұл туралы Мемлекеттік Думаның бақылау жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Гусев РИА Новостиге айтты.
"1 шілдеден бастап Ресейде барлық визасыз шетел азаматтарын елге кірген кезде "RuID" қосымшасын пайдалануды міндеттейтін жаңа талап күшіне енеді", - деді Гусев.
Оның айтуынша, "RuID" қосымшасын енгізу – тәртіп пен қауіпсіздік мәселесі.
"Өтінім елге кіруге дейін 72 сағаттан кешіктірілмей берілуі керек. Айта кету керек, бұл жасанды кедергілер тудыру мақсатында жасалып отырған жоқ", - деді депутат.
Бұл талаптың Беларусь азаматтарына, алты жасқа дейінгі балаларға, дипломаттарға, қызметтік төлқұжаттардың иелеріне және ресми делегациялардың мүшелеріне қатысы жоқ.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:76
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Маусым 2026 18:41 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















