Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Робот ассистент көмегімен операция жасалды

Робот ассистент көмегімен операция жасалды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Астанада тізе буынын робот көмегімен эндо-протездеу бойынша шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Шара Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында өтті. 

Үндістаннан келген дәрігерлер тың технологиялық әдіспен бөлісті. Мамандар инновациялық роботтандырылған жүйені қолданып, тізе буынын ауыстыру бойынша бірнеше операция жасайды. Бұл отандық ортопедия үшін озық халықаралық технологияларды енгізуде маңызды қадам болмақ - дейді мамандар.

Әйгерім Калина роботтандырылған ассистент арқылы операцияны жасату үшін Астанаға Павлодардан арнайы келген. Үш жыл бойы сүйегі сырқырап, тізесі ауырған ол бір аяғына бұрын дәстүрлі жолмен оперция жасатқан. Енді жаңа технологияның көмегімен екінші тізесін емдетуге дайындалып отыр. 

Әйгерім Калина, Павлодар облысының тұрғыны:

- Оң аяғыма отаны былтыр жасағанмын. Биыл енді екінші аяғыма, сол аяғыма жасатуға келдім. Мында келгенімде бөлім меңгерушісі «Жаңа үндістандық аппарат бар. Робот. Онымен профессор келіп, дәрігер өзі жасайды. Соған рұқсатыңызды берсеңіз», - деді. Сол рұқсатымды бердім. Енді күтіп отырмын операцияны. Жақсы болатын шығар бәрі. 

Инновациялық технологиямен емдеу бойынша республикалық мастер-класс ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында ұйымдастырылды. Оның аясында MISSO автоматтандырылған роботтық жүйесі көпшілік назарына ұсынылды. Жүйе тізе буындарын эндопротездеудің дәлдігін жаңа деңгейге шығарады. Тың технологияға жасанды интеллект элементтері де енгізілген. Бұл операция нәтижелерін одан сайын жақсартып, адами факторды азайтады дейді мамандар.

Олжас Бекарысов, Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының директоры:

- Бұл жүйенің артықшылығы неде? Біз операцияларды ашық тәсілмен орындаймыз. Робот операцияны өзі жоспарлайды, өзі орындайды және имплант орнату үшін қажетті тілікті жасайды. Жүйе жасанды интеллекттің көмегімен операцияға дейінгі жоспарлауды жүргізеді. Ол үшін компьютерлік томография жасалып, буындағы деформация анықталады. Біз қажетті нәтижені алдын ала белгілейміз: қандай деформацияны жою керек, қандай шеміршек тіндерін алып тастау қажет екенін көрсетеміз. Осы мәліметтердің негізінде компьютер біздің әрекеттеріміздің нақты алгоритмін есептейді. Осыдан кейін хирург операциялық бөлмеде бастапқы тілікті жасайды, ал одан әрі белсенді робот іске қосылады. Робот имплант орнатуға қажет барлық әрекетті миллиметрлік дәлдікпен орындайды. Өзі кеседі. Мұндай дәлдікті адам қолымен жасау мүмкін емес.

Орталық мамандары мен басқа да ақхалаттыларға заманауи әдісті үйрету үшін Үндістанның білікті дәрігері, ортопед-хирург Суджой Кумар келген. Ол 20 жылдан астам тәжірибесі бар маман, әрі эндопротездеу саласының халықаралық деңгейдегі сарапшысы. 

Суджой Кумар, хирург-ортопед:

- Бүгінде бұл технология Үндістанда және бірқатар өзге елде қолданылады. Қазір біз АҚШ-тың медициналық технологияларды бақылау жөніндегі мекемесінен соңғы сертификат пен ресми рұқсат күтіп отырмыз. Құжаттар алынғаннан кейін бұл әдісті пайдаланатын елдердің қатары көбейеді. Өз тәжірибеме келетін болсам, мен 4 мыңға жуық операция жасадым, ал Үндістан бойынша мұндай операциялардың жалпы саны 7 мыңға жетті. Біз шетелдік мамандарды, соның ішінде қазақстандық дәрігерлерді де оқытып келеміз. Аталған технология медицинада шамамен екі жылдан бері сәтті қолданылып келеді.

Бағдарлама аясында  LIVE surgery  форматта төрт күрделі операция жасалмақ. Хирургтар операция барысын егжей-тегжей түсіндіріп, көрсетіп, талдайды. Роботтық навигация, биомеханика, импланттарды орналастыру нақты уақыт режимінде көрсетіледі. Үнділік дәрігер «медицинаның болашағы роботтандырылған операцияларда және уақыт өте келе әрбір хирург бұл технологияны меңгеруі қажет болады» деп есептейді. 

Асқар Арғынбаев, ҚР ДСМ электрондық денсаулық сақтау дамыту департаментінің директоры:

- Автоматтандырылған жүйелерді клиникалық практикаға енгізу бұл тек технологиялық дамудағы ілгері қадам ғана емес, сонымен қатар ұлт денсаулығына салынған маңызды инвестиция. Пациенттердің қауіпсзідігін арттыру және медицина қызметкерлердің кәсіби әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды қадам. 

MISSO жүйесі елдің ортопедиялық қызметтің дамуына үлкен үлес қосып, Қазақстан мен Үндістан арасында денсаулық сақтау саласындағы байланысты нығайта түседі. 

Силас Тангал, Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Бұл – MISSO атты бірегей технология. Барлығы осындай екі белсенді робот  бар. Мен олардың бірі Қазақстандағы орталыққа орнатылғанына өте қуаныштымын. Үндістан мен Қазақстанның ұзақ жылғы дипломатиялық қарым-қатынасы бар. Бүгінде біздің елдер стратегиялық әріптес болып, түрлі салаларда бірге жұмыс істеп жатыр.  Кейде Үндістанды «әлемдік дәріхана» деп атайды, ал қазір ол денсаулық сақтау саласында озық тәжірибе орталығына айналып келеді. Сондықтан мен Үндістан мен Қазақстан арасындағы медициналық ынтымақтастық одан әрі дамиды деп сенемін және болашақта осындай іс-шаралардың көбейетініне үміттенемін.

Қазақстанда тізе буындарын эндопротездеу бойынша 18 мыңдай операция жасалады. Отандық мамандардың айтуынша, ел бойынша 123 мың адам осындай емге мұқтаж. Роботтандырылған жүйелерді енгізу операциялардың дәлдігін арттырып, зақымдануды төмендетеді. Науқастардың тез қалпына келуіне көмектеседі. 

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Ғалымжан Абдылахат

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қаңтар 2026 21:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары